СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Жаңартылған білім мазмұнындағы бағалау
Оқыту тиімділігінің артуы оқушы табысын бағалау сапасына тікелей байланысты. Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан барлық уақытта бағалау жүйесін дайындау өзекті мәселе болып келеді.
Бүгінде қолданылып келген бес балдық бағалау жүйесі бағалауға қойылатын талаптарды толық қанағаттандырмай отыр. Оған дәлел, қоғам бүгінгі оқушының оқудағы жетістігінің динамикасының объективтілігіне күдікпен қарауда. Екінші жағынан, бағалаудың нәтижесі оқушының мұғаліммен, ата-анасымен қарым-қатынасының төмендеуіне, өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелуде. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет [1, 57-бет]
Білімді тексеру мен бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы білім алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары, оқыту нәтижелерін бағалау ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сонымен, дәстүрлі бағалауда бақылаудың барлық мүмкіншілігі мұғалімнің қолында болады: ол оқушы біліміндегі барлық кемшіліктер мен қателіктерді анықтап көрсетеді. Өздік жұмыстар мен бақылау жұмыстарын орындағанда көп жағдайда мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас жоғалады.Мұғалімнің қызметі төреші, бақылаушыдан көмекші, кеңесшіге ауысады. Бағалау үдерісінде мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті үзілмейді, керісінше жаңа білімді игеру ынтымақтастығы жалғаса түседі. Аталған бағалаудың дәстүрлі және жаңа жүйелерінің салыстырмалы талдауы ұсынылып отыр Жаңартумен бірге ілесе келген бағалау көптен күткен үдеріс деп ойлаймын.Осыған дейін қолданып келген бағалау дау тудырып келді.Шындығында, бағалаудың оқушының нақты білімі деңгейін көрсете алмады.Баға ол тек қана бес балдық жүйе « біледі», «білмейді» деп бөлінді. Кей жағдайда баға алдына «-»; «+» қоятын кездерде болды.
Жаңарту мазмұнын бойынша оқып жатқан 1-сынып оқушылары сабақтарында оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау кеңінен қолданылуда.Бұл мұғалімдердің өз сабақтарында берілген білімді берік алудың нышаны.
Атап айтсақ,сауат ашу пәні сабақтарында оқушыға 4 дағдыны игеру үшін оқыту мақсаттарын оқушы жас ерекшелігіне сай берген.Оқушы тапсырманы орындай отыра тапсырмаға қойылған жетістік критерийлерін сәтті орындауға талпынып, сонымен қатар үлгірмеген тұстарын қайта түзетуге мүмкіндік бар.
Тыңдалым бойынша «Менің мектебім» тақырыбында
Бағалай критерийі:
Білім алушы
Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады.
Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады
Дескриптор:
Білім алушы
- жұмбақтардың шешуін табады;
- жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды;
- жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырады.
Оқушыға қойылған бұл өлшемдер арқылы оқушының толықтай бағалау және қалыс қалған тұстарын жеткізуге көмектеседі.Тыңдалған матеиалды мазмұндау және оны түсіну деңгейін балылауға болады. Осылайша оқылым,жазылым дағдыларын да игертуде оқушы лармен дискрипторлармен жұмыс жасап отыру қарастырылған.
Жиынтық бағалау осы уақытқа дейінгі қалыптастырып келген дағдыларды қорытындылай отыра бақылау кескіндері алуға бағытталған.Ата-аналар өз балаларының білімді игреуде қалыс қалған немесе жақсартуды талап ететін тұстарды рубрикалар арқөылыбақылау көре алады. Бұл ата-аналардың бағалау өлшемдеріне сенімділікпен қарауына көмектеседі.Тиісті балды алғаннан кейін оқушылардың қорытынды балы бағаға айналдырылады.
© 2017, Абджрахманова Меруерт Сейтқасымқызы 521