СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

3 "Б" сынып Сынып жетекшісі: Натикулова А.Н

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі Күні: 20.10.2016ж 3 «Б» сынып Натикулова А.Н Сабақтың тақырыбы: Сипаттау мәтіні Мақсаты: 1.Мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту,еске түсіру. Сипаттау мәтінін өзге мәтін түрлерінен ажырата білуге дағдыландыру.

 

2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте сақтау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

3. Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа ,сауаттылыққа тәрбиелеу. Сілтеме: Жалпы білім беретін мектептің 3 – сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы Алматы «Атамұра» 2014жыл Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Сипаттау мәтінін игеру кезінде кездесетін кедергілер мен мәселелерді шешуде ойлау үдерісі жүзеге асады. Балалар бір – бірін оқыта отырып, тексереді. Татулыққа, есте сақтауға үйренеді. Негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, дидактикалық материалдар, оқулық, үлестірмелі парақшалар

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиет.

Оқыту әдістері: , топтық жұмыс. Дерек көздері: Оқулық және ғаламтор материалдары Тапсырмалар: Топтық жұмыстарды орындайды. Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Сабақтың барысы:

Психалогиялық ахуал: 1. а) Сәлемдесу. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік бәріне

Құрметпенен біз!!! ә) Оқушы қызығушылығын ояту Мұғалім Әрбір адам? Әрбір сабақ? Әрбір ісің? Әрбір сөзің? Балалар(хормен) Туысым, досым, жұрағат. Үйрену, ұғу, ұлағат. Тірлік, тірек, адамдық. Шындық, бірлік, адалдық. — Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық. Әр топтың топ басшысын таныстырады. Топтық жұмыстағы ережені еске түсіреді. Топ басшысы бағалау парағымен танысады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау:

Қайталау

Миға шабуыл ойыны (жедел сұрақ )

Ендеше, балалар миға шабуыл жасап, өткенге көз жүгіртейік. Ол үшін менің сұрақтарыма жауап берулерің керек

-Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? (Мәтін )

-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )

-Мәтін деген не ? ( Жазбаша, ауызша ойды жеткізу )

-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )

-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға , мазмұнына )

-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтін құрайды )

-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ, Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады )

-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі, соңы )

-Әр бөлік қалай жазылады? ( Азат және жаңа жолдан басталып жазылады.)

-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу, сипаттау,пайымдау )

-Әңгімелеу мәтіні деген не? (Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына жауап береді.  

ІІІ. Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту:

imektep.kz сайты (Сипаттау мәтіні) қысқаша фильм Мағынаны ашу:

Күз Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.( әңгімелеу мәтіні) Кірпіш Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымдау мәтіні) Аққу Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипаттау мәтіні) Оқулықпен жұмыс:

15-жаттығу

Оқы. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Әр мәтінге қандай сұрақ қоюға болады?

  1. Сержанның күшігі жоғалып кетті. Ол қатты уайымдады.

  2. Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған.

  3. Күшік не үшін Сержаннан қашып кетті? Мүмкін ол күшігін ренжітіп алған шығар.

    ● Осы мәтіндерден әңгіме құрауға болама?

    ● Сипаттау мәтінін көшіріп жаз.

    21-жаттығу

    Топтық жұмыс:

    Берілген жоспар бойынша сурет салып, әңгіме құра.

    Жоспар:

    1. Күзгі дала көрінісі.

    2. Құстардың жылы жаққа қайтуы.

    3. Күзгі еңбек.

    Сергіту сәті:

    «Білім ағашы» ойыны

    ΙV. Қорытындылау: -Күн ұзарып, қар еріп, Су сайларға толады. Бұл қай кезде болады? (Көктем) -Күндер ысып, шөп пісіп, Ел пішенін орады. Бұл қай кезде болады? (Жаз) -Жауын -жаңбыр, жер сабыр, Шөп, жапырақ солады. Бұл қай кезде болады? (Күз) -Суда мұз бар, жерде қар, Боран борап соғады. Бұл қай кезде болады? (Қыс) Сұрақ: Жұмбақтар жасырылғанда мәтіннің қай түрін кездестірдіңдер? V. Үйге тапсырма:

    53 бет. 24-жаттығу

    VI. Бағалау: Формативті бағалау. Бірін-бірі критериалды бағалауға мүмкіндік беру. Барлық топтың оқушыларының ұпайын топ басшы есептейді. - Сабақта қандай тапсырма орындаған қызықты және түсінікті, қай тапсырма күрделі болды?

Просмотр содержимого документа
«3 "Б" сынып Сынып жетекшісі: Натикулова А.Н»

Қазақ тілі Күні: 20.10.2016ж
3 «Б» сынып Натикулова А.Н

Сабақтың тақырыбы: Сипаттау мәтіні

Мақсаты:
1.Мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту,еске түсіру. Сипаттау мәтінін өзге мәтін түрлерінен ажырата білуге дағдыландыру.



2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік,есте сақтау, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

3. Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа ,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме: Жалпы білім беретін мектептің 3 – сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы Алматы «Атамұра» 2014жыл
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Сипаттау мәтінін игеру кезінде кездесетін кедергілер мен мәселелерді шешуде ойлау үдерісі жүзеге асады. Балалар бір – бірін оқыта отырып, тексереді. Татулыққа, есте сақтауға үйренеді.
Негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, дидактикалық материалдар, оқулық, үлестірмелі парақшалар

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиет.

Оқыту әдістері: , топтық жұмыс.
Дерек көздері: Оқулық және ғаламтор материалдары
Тапсырмалар: Топтық жұмыстарды орындайды.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақтың барысы:

Психалогиялық ахуал:
1. а) Сәлемдесу. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік бәріне

Құрметпенен біз!!!
ә) Оқушы қызығушылығын ояту
Мұғалім
Әрбір адам?
Әрбір сабақ?
Әрбір ісің?
Әрбір сөзің? Балалар(хормен)
Туысым, досым, жұрағат.
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Тірлік, тірек, адамдық.
Шындық, бірлік, адалдық.
— Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.
Әр топтың топ басшысын таныстырады.
Топтық жұмыстағы ережені еске түсіреді.
Топ басшысы бағалау парағымен танысады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткен сабақты пысықтау:

Қайталау

Миға шабуыл ойыны (жедел сұрақ )

Ендеше, балалар миға шабуыл жасап, өткенге көз жүгіртейік. Ол үшін менің сұрақтарыма жауап берулерің керек

-Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? (Мәтін )

-Мәтін неден құралады ? ( Сөйлемнен )

-Мәтін деген не ? ( Жазбаша, ауызша ойды жеткізу )

-Мәтіннің атауын не деп атаймыз? (Тақырып )

-Мәтін тақырыбы қалай, неге сүйеніп құрылады? (Негізгі ойға , мазмұнына )

-Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? (Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтін құрайды )

-Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ, Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің өз орны болады )

-Мәтін қандай бөліктерден тұрады? (Басы, негізгі бөлімі, соңы )

-Әр бөлік қалай жазылады? ( Азат және жаңа жолдан басталып жазылады.)

-Мәтіннің қандай түрлерін білеміз? (Әңгімелеу, сипаттау,пайымдау )

-Әңгімелеу мәтіні деген не? (Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына жауап береді.


ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту:

imektep.kz сайты (Сипаттау мәтіні) қысқаша фильм
Мағынаны ашу:

Күз
Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.( әңгімелеу мәтіні)
Кірпіш
Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымдау мәтіні)
Аққу
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипаттау мәтіні)

Оқулықпен жұмыс:

15-жаттығу

Оқы. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Әр мәтінге қандай сұрақ қоюға болады?

  1. Сержанның күшігі жоғалып кетті. Ол қатты уайымдады.

  2. Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған.

  3. Күшік не үшін Сержаннан қашып кетті? Мүмкін ол күшігін ренжітіп алған шығар.

    ● Осы мәтіндерден әңгіме құрауға болама?

    ● Сипаттау мәтінін көшіріп жаз.

    21-жаттығу

    Топтық жұмыс:

    Берілген жоспар бойынша сурет салып, әңгіме құра.

    Жоспар:

    1. Күзгі дала көрінісі.

    2. Құстардың жылы жаққа қайтуы.

    3. Күзгі еңбек.

    Сергіту сәті:

    «Білім ағашы» ойыны

    ΙV. Қорытындылау:
    -Күн ұзарып, қар еріп,
    Су сайларға толады.
    Бұл қай кезде болады? (Көктем)
    -Күндер ысып, шөп пісіп,
    Ел пішенін орады.
    Бұл қай кезде болады? (Жаз)
    -Жауын -жаңбыр, жер сабыр,
    Шөп, жапырақ солады.
    Бұл қай кезде болады? (Күз)
    -Суда мұз бар, жерде қар,
    Боран борап соғады.
    Бұл қай кезде болады? (Қыс)
    Сұрақ: Жұмбақтар жасырылғанда мәтіннің қай түрін кездестірдіңдер?
    V. Үйге тапсырма:

    53 бет. 24-жаттығу

    VI. Бағалау:
    Формативті бағалау. Бірін-бірі критериалды бағалауға мүмкіндік беру.
    Барлық топтың оқушыларының ұпайын топ басшы есептейді.
    - Сабақта қандай тапсырма орындаған қызықты және түсінікті, қай тапсырма күрделі болды?



    Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дарынды балаларға арналған үш ілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы КММ Мұғалім: Натикулова А.Н