СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7 саны мен цифры

Нажмите, чтобы узнать подробности

қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырудан ересек топтарына арналған "7 саны мен цифры" атты оқу конспектісі

Просмотр содержимого документа
«7 саны мен цифры»

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Күні: 18.12.14.

Тәрбиеші: Қарғабаева А.С.

Білім беру саласы : «Таным»

Кіші сала:«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Тақырыбы: 7саны және цифрымен таныстыру. 7-ге дейін тура мен кері санау.

Мақсаты: 7 саны,оның цифрымен таныстыру. 7 құрамын анықта, цифрлардың сандар қатарындағы орны, оқу іс-әрекетіне деген қызғушылықтарын арттыру.

Билингвальдық компоненті:жеті-семь.....

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

І кезең- мотвациялық- қозғаушы

-Балалар, бәріміз жан-жаққа қарап, келген қонақтармен амандасайық.

-Балалар, біз қандай сандарды білеміз?

-0,1,2,3,4,5,6,..........

-Жарайсыңдар, ал енді мен сендерге мынадай ойын ойнатқым келеді.

- Ойын «Кім жылдам?» 1-ден 6 ға дейінгі сандарды тура және кері санау, және екі тілде санау.

-Жарайсыңдар, балалар.

Балалар келген қонақтармен амандасады.

Иә, білеміз

0,1,2,3,4,5,6,..........



Ойынға шапшаң, жылдам қатысады.

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік

-Балалар, біз тек 6 санына дейін санайықпа, әлде біз әрі қарай санауды үйренеміз бе?

-Иә, үйренеміз. Жақсы , онда қазір біз келесі санымен танысамыз.

-Ол сан қалай ойлайсыңдар, қандай сан?

- Дұрыс, 7 саны мен цифры.

-Жақсы, балалар.

-Ал, қазір біз тақтаға қарайық, мұнда қандай саны жазылған? –дұрыс 7 саны мен цифры.

-Балалар, 7 саны сандық қатарда алтыдан кейін тұрады. 7 саны тақ сан.7 саны жеті бірліктен тұрады.

-7 саны қазақтың қасиетті саны болып, саналады, ол бізде мынадай халық аузында нақыл сөз бар, жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн, жеті мүше, жеті қарақшы немесе жұлдыз дейміз. Сондықтан есімізде болсын осы нақыл сөздер.

-Ал тағы балалар, жаңбырдан кейін не шығады?

-Дұрыс, кемпірқосақ.

-Кемпірқосақтада жеті түс бар. Қызыл, сары, қызғылт сары, көк, жасыл, күлгін, көгілдір.

-Сонымен қатар бізде аптада неше күн бар?

-7 күн. Олар. Дүйсенбі, сейсінбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-Жақсы, ал енді балалар, біз қазір орнымызға отырып, осы 7 санынын құрамын анықтайық.

-Қазір алдырында екі бөлікті жолақша бар, бір жолақшада алма, ал келесіде сәбіз бар, қазір біз бірінші жолақшаға алты алма қояйық, келесі жолақшаға алты сәбіз қояйық. Енді санаймыз үстіңгі жолақшада неше алма бар? –алты алма, келесі астыңда неше сәбіз бар?-алты сәбіз.

-Ал енді 7 алма мен 7 сәбіз болу үшін біз қанша алма мен сәбіз қоямыз?

-Дұрыс, бір алма, бір сәбіз қоямыз, сонда бізде неше алма, неше сәбіз болды?

-жеті алма, жеті сәбіз болды. Жақсы, жарайсыңдар.

-Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2,3,4-алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Біз жүгіріп алайық,

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

-Жарайсыңдар, балалар.

-Ал, енді біз қазір 7 цифрын, әліппе дәптерімізге жазып үйренейік.

-Балалар, орындарына отырып, 7 санын жазады.

-Жақсы, енді қанеки қазір мендерге кесте беремін, осы кестеден 7 саны кездессе, онда астын сызасыңдар.

Балалар, әрі қарай қызыға санайды.

Иә, үйренеміз


7 саны

7 саны мен цифры.



7 саны сандық қатарда алтыдан кейін тұрады. 7 саны тақ сан.7 саны бір-бір бірліктен тұрады.

Балалар, мұқият тыңдайды.








кемпірқосақ.

Кемпірқосақтада жеті түс бар. Қызыл, сары, қызғылт сары, көк, жасыл, күлгін, көгілдір.

7 күн. Олар. Дүйсенбі, сейсінбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Балалар, орындарына отырып, жолақшаға алты-алтыдан алма мен сәбізді қойып, жеті санын шығарады.









Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2,3,4-алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Біз жүгіріп алайық,

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

Дәптерлеріне 7 санын жазып, үйренеді.




Балалар кестенін ішінен 7 санын сызып көрсетеді.

ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші

Ойын «Жоғалған сандар»

-Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай саны мен цифрымен таныстық?

-Дұрыс, 7 саны ман цифры.

-7 саны қай саннан кейін тұрады?

-7 саны неше бірліктен тұрады?

-Сонымен қатар, біз тағы не жасадық?

Жоғалған сандарды қойып жазады

7 саны мен цифры


7 саны алты санынан кейін тұрады. 7 саны жеті бір-бірліктен тұрады.

Алма мен сәбізді салыстырдық, кестеден 7 санын сыздық


Күтілетін нәтиеже:

Ұғынады:7 саны мен цифрын анықтау

Түсінеді:7 санын тура және кері санау

Қолданады: 7 саны,оның цифрымен таныстыру. 7 құрамын анықта, цифрлардың сандар қатарындағы орны, оқу іс-әрекетіне деген қызғушылықтарын арттыру.

«Қостанай қаласының әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК









Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан ашық оқу-іс әрекеті

«7 саны мен цифры»



Тәрбиеші: Қарғабаева А.С.





















Қостанай-2014