2 сабақ кезеңі | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, назар аударту, оқушыларды түгелдеу. “ЖҰМБАҚ ОЮ” тәсілімен топқа бөлу Әр топқа топ атауы жазылған оқушы санына сәйкес 4-5 бұрышты пирамидалар қоямын. Бұл жердегі “композиция” топтың атауы, 1 саны – сол топтың бағалау пирамидасындағы оқушының өз оюларын жапсыратын меншікті қабырғасы. Сол нөмір арқылы сабақ соңында меншікті қабырғасынан ою түстері арқылы әр оқушының жетістігін көре аламыз. «Пирамида» бағалау әдісі Сабақ кезеңдеріндегі бағалау критерийімен таныстыру Дискрипторлар: 1. Бұйымдар дайындау эскизімен танысады олар туралы мағлұмат алады. 2. Сәндік бұйымдарды өз талғамымен орындайды. 3. Өзіндік пікір қалыптастыра алады. Ою түстеріне қарай оқушы белсенділігін көріп отырамыз. Тапсырманы толық орындамадым. Тапсырманы белгілі бір деңгейде орындадым. Тапсырманы өте жақсы орындадым. | Оқушы таңдап алынған оюдың сыртында “Композиция” -1, “Интерьер” -3, “Декор” -4 деп жазылып тұрады. Оқушылар оюда жазылған атаулар бойынша топтарға отырып, пирамидадағы сандар бойынша өз бөліктерін меншіктейді, сосын сол бөліктеріне сабақ барысында бағалау процестерін жүргізеді. Топты бағалау – Оқушылар оюлардың түстерінің қанықтылығына байланысты сабақтың 3 кезеңінде 3 оюдан жинап, оларды әр кезең соңында топ пирамидасындағы өз бөлігіне жапсырып отырады. Пирамидаға жасырылған қызыл оюдың санының көптігіне байланысты жеңімпаз топты да анықтап алады. Жеке оқушыны бағалау –Пирамида қыры топтағы бала санына сәйкес болады, сабақ кезеңдері бойынша оқушы жинаған оюлар түсіне орай оқушы өзін өзі бағалайды | Мақсаты: Оқушылардың ұйымшылдығы артады, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамытуға бағыт алады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылардың барлығы бағалауда қамтылады, сабаққа деген қызығушылығы нығаяды, алдына мақсат қояды. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға әділ бағалау еркіндігі беріледі. . 3-2 қызыл ою жинаса -9-10, 1 қызыл, 2 қанық көк– 8, 3 қанық көк ою жинаса -7, 1 ашық көк, 2 қанық көк ою жинаса – 6 ұпай алады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері, Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы |
Қызығушылықты ояту. 3 минут Эскиздерге көрме 7 минут | Тірек білімдерін өзектілендіру. Талқылауға арналған сұрақтар: Интерьердегі сәндік табақшаларының қандай түрлерін білесіңдер? Сіз қандай сәндік табақшаны таңдадыңыз? Неліктен? Сәндік бұйым эскиздерін топта тақылайды. Еркін масштабта дайындалған нобайда: бұйымның пішініне өлшемі мен түстік гаммасына эскиз композиция элементтерінің өзара байланысын көрнекі түрде көрсетуіне назар аударылады. Мұғалім дайындалған жұмыс критерийлерін көрсетеді. Интерьерге арналған сәндік табақшаның үйден дайындалған эскиз үлгілерін жариялайды. | Оқушылар өздерінің эскиздерін таныстырады, дайындауға кететін уақытты тиімді жоспарлау үшін шығармашылық идеяларын, материал таңдау және дайындау техникасын талқылайды, эскиздеріне өзгерістер енгізуіне болады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | Сабақ мақсаты Интерьерге арналған сәндік бұйымның бөлшектерін өңдеу. Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс жасау. Критерийі: Бұйым бөлшектерін өңдейді; - өз жұмысын жетілдіруге тәсіл ұсынады; - бұйым жасау үшін материалдар мен құралдарды қолданады; Оқушы критерийге сәйкес ою таңдап алады. | https://www.google.com/search? Сәндік табақша эскиздері |
Бұйым бөліктеріне сипаттама Жұптық жұмыс 10 минут | Тәжірибелік жұмысқа сипаттама жасау. Оқушыларға өз жұмыстарының эскиздерін пайдаланып, сипаттама жасауды, яғни, сәндік бұйымның бөлшектері/элементтерінің тізімін кесте түрінде немесе тізім түрінде жасауды ұсыныңыз. Егер бөлшектер мен элементтердің нақты санын анықтау қиындау болса, оны диапазон түрінде көрсетуге болатынын түсіндіріңіз, яғни _____ бастап_____дейін, мысалы, 20-45. Бөлшек/элемент атауы | Бөлшектер саны | Материал (түсі) | 1 | 2 | 3 | | | | Оқушыларға эскизге жазбалар қосуды, біркелкі бөлшектерде олардың саны мен атауы, материалын көрсетуді ұсынуға болады. | Таныстырылым мен иллюстрацияларды көрсете отырып, оқушылар назарын сәндік бұйым жасаудың дайындық жұмысына аударады. Өз бұйымының бөлшектерін өңдеудің түрлі нұсқаларын оқушылармен бірге талқылайды. Оқушыларға жұптарға бірігіп, бір-бірімен толтырылған кестелерді (бөлшектері нақтыланған эскиз) талқылауды, қажеттілігіне қарай толықтырады. | Кесте құру өзектілігіне қарай оюдың түсіне сәйкес таңдап алып, пирамиданың астыңғы бөлігіне жапсырады. | |
Сарамандық жұмыс 20 минут Жеке жұмыс | Бізге қажет: пластиналар (рельефті жоқ); үлгісімен майлық; қайшылар және желім PVA; акрилді лак; сурет салу үшін қылқалам; бояулар; таспа; желім «суық дәнекерлеу». Майлықтағы сурет тағамның өзінен үлкен болмауы керек. Енді таңдалған суретті кесіңіз. Кескінді дөңгелек пішінді беру - бұл жұмысты жеңілдетеді. Майлық көп қабатты болғандықтан, оны бөліп, тек жоғарғы қабатты ғана қолданған дұрыс. Қылшақпен жіңішке қабаты бар пластинада PVA желімін қолданамыз. Желімді табаққа өте мұқият жағыңыз. Майлық жақсы ылғалдануы керек. Суретті жыртып алмау үшін, оны ақырын жапсырыңыз. Біз өзіміздің плитаға бекіту үшін желімнің екінші қабатын суретке тікелей қолданамыз. Біз желімнің толығымен кебуін күтеміз, содан кейін акрил бояуларымен қосымша сәндік элементтерді тартуға болады. Бояуларды құрғатып, пластинаны лакпен жабамыз. Енді тақтаны қабырғаға қалай бекіту туралы ойлану керек. Мұны істеу үшін бізге «суық дәнекерлеу» деп аталатын шағын желім керек, сыртынан ол пластилинге ұқсайды. Біз желімнің сәндік таспасын бекітеміз. Желімнің пішінін неғұрлым дәл келтіріп, плитаға бекітіңіз. Қабырғадағы пластина үшін бекітуші болатындай желім жасау үшін, оны тартымды етіп, акрил бояуларымен матаны немесе бояуды таза сән қалдықтарымен безендіре аласыз. Қабырғаға плитаны бекітудің басқа тәсілдері бар. Мысалы, қарапайым калайдан қоңыраушаны қолданатын қақпақты қолдануға болады. Қақпақ қабырғаға сақинадағы пластинаны іліп қою үшін өнімнің түбіне жабысып қою керек. | Оқушылар жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын танысады: - Мұғалім нұсқауы бойынша ғана әрекет етіп, жұмыс кезінде бір-біріңізге бөгет жасамау; - Сабаққа қажетті бояулар, ыстық желіммен жұмыс жасағанда т.б материалдарға абайлап болу; -Жұмыстан кейін өз жұмыс орынын тазалау; Сәндік бұйымдарды өз талғамымен орындайды. Сарамандық жұмыс нәтижесіне қарай оюдың түсіне сәйкес таңдап алып, пирамидаға жапсырады. | Сабақ мақсаты Интерьерге арналған сәндік бұйымның бөлшектерін өңдеу. Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс жасау. Критерийі: Бұйым бөлшектерін өңдейді; - өз жұмысын жетілдіруге тәсіл ұсынады; - бұйым жасау үшін материалдар мен құралдарды қолданады; - қауіпсіздік техникасын сақтайды. дискриптор Тапсырманы толық орындамадым. Тапсырманы белгілі бір деңгейде орындадым. Тапсырманы өте жақсы орындады Жеке оқушыны бағалау Оқушылар өз реттілік нөміріндегі оюлардың түстері бойынша ұпайларын есептейді. 3-2 қызыл ою жинаса -9-10, 1 қызыл, 2 қанық көк– 8, 3 қанық көк ою жинаса -7, 1 ашық көк, 2 қанық көк ою жинаса – 6 ұпай алады. | https://www.dizainvfoto.ru/svoimi-rukami/dekorativnye-tarelki-na-stenu-svoimi-rukami.htmlhttps://kuhniclub.ru/aksessuari/dekorativnye-tarelki-svoimi-rukami.html https://kitchendecorium.ru/accessories-decor/dekorirovanie/ukrashaem-steny-tarelkami.html |
Сабақ соңы 3 минут 2 минут | Жұмысты талқылау Рефлексия: «Үш М» Оқушыларға сабақ кезінде жақсы шыққан үш кезеңді атауды, және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір тәсілді ұсынуды тапсырыңыз. | Оқушылар бұйымның дайындалған бөлшектері мен элементтерін қарастырады, жұмысқа түсініктеме береді, жұмысты жетілдіру тәсілдерін ұсынады. | Сабақтың 3 кезеңі бойынша бағалау пирамидасына оқушы деңгейіне сәйкес оюлар жапсырылады, ұпай санын есептеп, оқушыларды бағалаймыз. | |