Басы
10 мин
|
І.Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Шаттық шеңбер «Көрші»
Оң жақ көршіңмен амандас
Сол жақ көршіңмен амандас
Оң жақ көршіңе бір жымиып,
Сол жақ көршіңе жымиып- ду қол шапалақта.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
Ақ ши және ораулы ши туралы дереккөздерден жазу.
-Ақ ши туралы не біліеміз?
-Ораулы ши қандай болады?
Оқушыларды «Ақ ши», «Ораулы ши», «Шым ши» деп үш топқа біріктіріп. Әр топ өз атауларын үш жақта тәуелдеп жазып беру. Қай топ аз уақытта дұрыс жазып берсе жеңімпаз атанады.
-Киіз үй, шиде қандай суреттер бейнеленген? (ою)
-Бүгінгі сабағымызда қазақтың ою-өрнектері туралы білетін боламыз.
Бүгінгі сабақ тақырыбы хабарланады.
|
Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
суреттер
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
|
Ортасы
25 мин
|
Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Екі түрлі түсніктеме күнделігі» әдісі
48-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
1.Қазақ ою-өрнегінің түрлері
2.Олардың мазмұны мен өрнектерінің әртүрлі болуы
3.Әр өрнектің өзінің сипатына қарай атау берілуі
Бөліктің оң жағына
|
Бөліктің сол жағына
|
Төмендегі тақырыптардың қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
1.«Әр өрнектің атауы »
2.«Қазақ ою-өрнегінің тарихы»
3.«Жан-жануарлар ою-өрнегі»
4.«Сақ-скифтердің «аң бейнелі» өнері»
|
Мәтіннің жанрын анықтап жаз
1. Көркем мәтін
2.Ғылыми-танымдық мәтін
|
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
ЕБҚ тапсырмасы
Білетін ою-өрнектерді атайды.
2-тапсырма.Жеке жұмыс. «60 секунд» әдісі
Жылдам орындау және дұрыс ережеге сай жазу
Өрнек сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І жақ
|
|
|
ІІ жақ
|
|
|
ІІІ жақ
|
|
|
ЕБҚ тапсырмасы
Өрнек сөзін жекеше тәуелдейді
3-тапсырма.Жұптық жұмыс .«Ойлан, тап» әдісі
49-жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін тап. Тәуелденген сөздерді тауып, оларды үш жақта, жекеше және көпше түрде айт.
Тарағым бар-
Таранбаймын
Орағым бар-
Ора алмаймын
Сақалым бар,ал бірақ
Мен ақсақал бола алмаймын
(Ешкі)
ЕБҚ тапсырмасы
Сурет бойынша ешкіні сипаттап береді.
Жекеше
І жақ Менің тарағым,орағым,сақалым
ІІ жақ Сенің тарағың,орағың,сақалың
Сіздің тарағыңыз,орағыңыз,сақалыңыз
ІІІ жақ Оның тарағы,орағы,сақалы
Көпше
Біздің тарағымыз,орағымыз,сақалымыз
Сендердің тарақтарың,орақтарың,сақалдарың
Сіздердің тарақтарыңыз,орақтарыңыз,сақалдарыңыз
Олардың тарақтары,орақтары,сақалдары
4-тапсырма Шығармашылық жұмыс
50-жаттығу.Тоқыма торға зер салып қара. Шебер тоқыма торды тоқыған кезде әртүрлі ағаштарды пайдаланған екен. Тиісті әріптерді қойсаң, ол қолданған ағаш түрлерін оқисың.
Жекеше
І жақ.Менің шыршам,қайыңым,терегім
ІІ жақ.Сенің шыршаң,қайыңың,терегің
Сіздің шыршаңыз,қайыңыңыз,терегіңіз
ІІІ жақ.Оның шыршасы,қайыңы,терегі
Көпше
І жақ.Біздің шыршамыз,қайыңымыз,терегіміз
ІІ жақ.Сендердің шыршаларың,қайыңдарың,теректерің
Сіздердің шыршаларыңыз,қайыңдарыңыз,теректеріңіз
ІІІ жақ.Олардың шыршалары,қайыңдары,теректері
ЕБҚ тапсырмасы
5-тапсырма. Артық сөзді тап.
51- жаттығу
1.Бұйымым,күлем,өнерім,кілемім
2.Кездемесі,туындысы,заты,кешкі
|
Мәтінді түсініп оқиды.
Мәтін тақырыбын, жанрын анықтап жазады.
Өрнек сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазады.
Жұмбақты шешіп, жауабын айтады. Тәуелденген сөздерді үш жақта тәуелдеп жазады.
Тоқымаға зер салып, тиісті әріптерді қойып, ағаш түрлерін оқиды.
Шыққан ағаш түрлерін жекеше және көпше түрде тәуелдеп жазады.
Сөздердің ішінен артық сөздерді табады.
|
Дескриптор:
-мәтінді түсініп оқиды;(1б)
-мазмұнына қарай тақырып таңдайды;(1б)
-мәтіннің жанрын анықтайды.(1б)
Қ.Б: мадақтау арқылы
Дескриптор:
-өрнек сөзін жекеше түрде тәуелдейді; (1б)
-өрнек сөзін көпше түрде тәуелдейді.(1б)
Дескриптор:
-жұмбақтың шешуін табады; (1б)
-үш жақта жекеше, көпше түрде айтады;(1б)
Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы
Дескриптор:
-ағаш түрлерін анықтайды;(1б)
-ағаш түрлерін тәуелдеп жазады.(1б)
Дескриптор:
-Артық сөзді табады.(1б)
|
Слайд 4
Суреттер
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
|