Пәні: | Биология |
Сабақтың тақырыбы: | Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. |
Сабақтың мақсаты: | Студенттердің білімді өз бетімен игеруге қалыптастырып, білік-білім дағдыларын дамыта отырып білім беру; Ақыл – ой әрекетінің дамуына студенттерді пәнге қызықтыра отырып, қазіргі заманауи мәселені көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін және ғылыми – тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік ашу, қазіргі таңда етек алып отырған әлеуметтік проблемаларды қозғау; Көрсетілген сюжеттер арқылы студенттердің болашақтағы іс - әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қалыптасуына, белсенділік, орындаушылық, өз - өзіне баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштықпен қатар адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қалыптасуына тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже: | 1.Жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамиды. 2. Креативті ойлау дағдыларын топтық жұмыстар кезінде ой пікірін еркін жеткізеді. 3.Студенттер алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етеді. |
Сабақтың әдісі: | «Зейін» психологиялық дайындық, «Ой қозғау», «Білгенге маржан», «Теледидар», «Джигсо», «Құндылық сызығы», «Бағала», «Инсерт». |
Құрал-жабдықтар: | Интербелсенді тақта, слайдтар, бейнеролик, үлестірме қағаздар, стикерлер, маркерлер, постер, жауап парақтары |
Жұмыс кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Уақыт шеңбері | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі. «Зейін» психологиялық дайындық | Студенттермен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау; Студенттерді психологиялық дайындау; Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру; Студенттердің назарын сабаққа аудару; Сабақтың жалпы мақсатын ашу. Сыныпқа психологиялық дайындық жүргізу. (Зейінді жаттықтыру) Студенттерге 20 сөз оқылады. Одан кейін студенттер қалам алып, естерінде қалған сөздерді жазады. Оқытушы қанша сөз жазылуына байланысты студентердің зейін көлемін анықтап айтады. 18 ден жоғары өте зейінді.13-17-ге дейін жақсы 8-12 дейін орташа, 2-7 төмен. Сөздер: Жасуша, эукариот, вирус, араморфоз, прокариот, гомология, палеонтология, микроэволюция, бактерия, құс, сүтқоректі, микроорганизм, саңырауқұлақ, өсімдік, эволюция, рудимент, атавизм, сөз, еңбек, қоғам. | Амандасу. Сабаққа қатыспаған студентті атап, үйге берілген тапсырманы айтады. «Бағала» әдісімен танысады. | 6 мин | Даптер қалам |
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Стратегия: «Ой қозғау» | «Ой қозғау» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау: Сұрақтары | Жауаптары | 1. мутация туралы ашқан ғалым | А. Айқын емес өзгергіштік | 2. ата тектеріндегі белгілердің ұрпақта үйлесуім табуы | Ә. Тұқым қу | 3.ағзаның өз ататектерінен айырмашылығының болуылайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар заңы | Б. Өзгермелі нұсқа құрылымы | 4. Дарвиннің айтуы бойынша жекелеген дарақтарда пайда болып, тұқымқуалайтын өзгеріс ... деп аталады | В. Генафонд (гендік қор) | 5. қандай да болса сыртқы ерекшеліктер бойынша популяция дарақтарының бөлінуі не деп аталады? | Г. Мутагендер | 6. шығу тегі жағынан бір-біріне жақын тұрған түрлер мен туыстарда болатын мутациялық өзгергіштіктер ұқсас болып келеді деген тұжырымдама | Ғ. Де Фриз | 7. статистикалық әдіспен зерттелетін өзгергіштік | Д. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруі | 8. популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы | Ж. геномдық мутация | 9. Популяцияның генетикалық құрылымын ең алғаш зерттеді. | З.Өзгергіштік | 10. Мутация тудыратын факторлар | Е. Популяция | 11. Модификациялық өзгергіштік | Л. Гендік немесе нүктелік мутация | 12. хромосома санының өзгеруіндегі мутация | М. Модифика циялық | 13. хромосома мөлшеріндегі және пішініндегі өзгерістер беретін мутация | Н. Комбинативті өзгергіштік | 14. бір ген шегіндегі өзгерісті көрсететін мутация | Р. Хромосомалық мутация | 15. түр және эволюцияның қарапайым өлшем бірлігі | О. дат генетигі В.Иоганнсен | Жауаптары: 1- ғ, 2 –н, 3- з, 4- а, 5 – б, 6 – ә, 7 – м, 8 – в, 9 – о, 10 – г, 11 - д, 12 – ж, 13 – р, 14 – л, 15 – е. | Студенттер белсенділік танытып отырады. | 10 мин | Оқулық, дәптер,слайдтар |
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. Стратегия: «Білгенге маржан» Стратегия: «Теледидар» | «Білгенге маржан» әдісі арқылы жаңа сабақ түсіндіріліп, бейнеролик көрсетіледі. Генетиканың негізгі әдісі қандай? Адам генетикасына будандастыру әдісін қолдануға бола ма? Өздерің адам генетикасының қандай әдістерін білесіңдер? Ол әдістердің жәрдемімен не анықтауға болады? Кластер құру. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді. Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз. Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.  Г енетикалық әдістер 1) генетикалық немесе шежіре талдау Ф .Гальтон 1865 ж ұсынған 2) цитогенетиклық әдіс – ХХ ғ 20 жылдары пайдаланылған. Цитогенеиканың дамуы бірнеше кезеңді қамтиды: - Д. Тио және А.Леван 1956 ж адамда 46 хром болатынын анықтады. - Д.Лежен, Р.Тюрпен, М.Готье Даун ауруының хромос-қ табиғатын анықтады. - 1960 жылы Денверде (АҚШ) адам хромос-н ең алғаш халықаралық жүйелеуі жетілдірілді.  3) егіздік әдіс – 1875 жылы Ф.Гальтон ұс. Егіздік әдісті адамның тұқым қуалаушылық касиеті мен сыртқы орта жағдайын, белгілердің дамуындағы айырмашылықтарды зерттеу үшін пайдаланады. Организмдердің барлық белгілері мен қасиеттері екі фактор генотип пен ортаның өзара әсерінен калыптасады. Мұны мына үлгіден көруге болады. Бір жұмыртқалы егіздер арасында пайда болған айырмашылықтарға генотиптің әртүрлілігі емес, ортаның физикалық және химияық факторларымен қатар әлеуметтік жағдайлардың да әсері болады.  4 ) иммунологиялық әдіс - Ол қан тобы мен резус-фактордың тұқым қуалауын зерттеу негізде пайда болды. Алайда қазіргі кезде бұл әдістер ағза иммунды реакцияларының тұқым қуалау типтерін зерттеуге қолданылады. Осы бағыттың арқасында зерттеуді отбасын жоспарлап, резус-шиеленістің пайда болуы кезінде ұрықты өлуден сақтап қалуға мүмкіндік туады. Бұл бағыт пен оның әдісі мүшелер мен ұлпаларды ауыстырып салуға (трансплантация) донорларды генетикалық таңдау кезінде қолданылады. 5 ) биохимиялық әдіс - Бұл әдіс арқылы кейбір тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан болатынын анықтайды. Мысалы, қант диабеті алкантонурия (оксидоза ферментінің жетіспеуі) фенилкетонурия (кемақыл), альбинизм (меланин түзілмейді), т.б. Осы әдісті қолдану нәтижесінде 500 аурудың түрі анықталды. 6) популяциялық-статистикалық әдіс - Жеке адамның генотипі емес, популяциядағы қандай да бір аллельді тасымалдап жеткізушінің мөлшерін және әр алуан генотиптердің пайыздық арақатынасын айқындауды зерттейді. Яғни тектік қорының құрылымын анықтайды.  «Теледидар» әдісі арқылы бейнеролик көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=tw73QVQStaI https://www.youtube.com/watch?v=G8RUBxlH28s https://www.youtube.com/watch?v=yN2Mq89cCEY  | Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін түсіну; студенттердің материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі. | 13 мин | Слаидтар, бейнеролик |
Жаңа сабақты бекіту кезеңі Стратегия: «Джигсо» Стратегия: «Құндылық сызығы» | «Джигсо» әдісі арқылы жаңа сабақ бекітіледі. Мақсаты: оқытушының студенттерге бағыт беруі бойынша, студенттер жаңа тақырып мазмұнын толық ашу үшін студенттерді 4 топқа бөліп, 4 топқа төрт түрлі тапсырма, яғни беріледі. Олар алдымен ол тапсырманы өз топтарында талқылап, кейін топтың үш өкілі оны келесі 3 топқа түсіндіруі керек. Келесі топ өкілдері де оны басқа топтарға жеткізеді. Сойтіп топ мүшелерінің барлығы 4 тапсырманы толықтай ұғынады, соңында әр топ мүшелері оны постер арқылы суреттермен, сызбанұсқалармен мұғалімге түсіндіреді. 1 топ: генеологиялық және иммунологиялық әдістердің ерекшелігін, артықшылығын және кемшіліктерін айтып, салыстыру; 2топ: егіздік әдістің ерекшелігін, артықшылығын және кемшіліктерін айту; 3 топ: биохимиялық және цитогенетикалық әдістердің ерекшелігін, артықшылығын және кемшіліктерін айтып, салыстыру; 4 топ: популяциялық – статистикалық әдістің ерекшелігін, артықшылығын және кемшіліктерін айту № 6 зертханалық жұмыс. Шежіре құру Мақсаты: Ата тектері туралы мәліметтерді пайдаланып, шежіре құра білуге үйрену. Барысы: Әрбір студент өзінің ата тектері туралы мәліметтерді пайдаланып, шежіре құру. «Қойын дәптер». Бүгінгі тақырып бойынша қандай жаңа терминдермен таныстық? | Әр топ берілген тақырыпты талдайды және оны қорғайды. Өздерінің ата тектері туралы мәліметтерді жинақтап, шежіре құрады. Дәптерлеріне жаңа терминдерді жазады. | 16 мин | Оқулық, постер, маркерлер, стикерлер |
Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі. | Жаңа тақырып қорытындыланады. | Студенттер мұқият тыңдап отырады. | 2 мин | |
Үй тапсырмасын беру кезеңі | Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. | Белгілеп немесе күнделіктеріне жазып алады. | 1 мин | Дәптер |
Студенттерді білімін бағалау кезеңі. Стратегия: «Бағала» | 13-15 ұпай «5» № | Критерийлер | Жақсы білемін 3 ұпай | Орташа білемін 2 ұпай | Аса түсінбедім 1 ұпай | 1 | Адам тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістерінің түрлері | | | | 2 | Әрбір зерттеу әдісін талдап салыстыра білемін | | | | 3 | Мысал келтіре аламын | | | | 4 | Генетиканың маңызы | | | | 5 | Медициналық генетика | | | | 10-12 ұпай «4» 3-9 ұпай «3» | Әр студент бүгінгі тақырып бойынша түсінгендерін критерийге толтырады. | 1 мин | Жауап парақтары |
Рефлексия Стратегия: «INSERT» | «INSERT» әдісі арқылы студенттердің бүгінгі сабақтан алған әсерлері қабылданады. 1.Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? 2.Сабақта қандай мәліметтерге қол жеткіздіңіз? 3.Сіз үшін сабақ барысында қолданылған әдістердің қайсысы тиімді және неге? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сонымен қатар ұсыныстарын стикерге жазады. | Студенттер стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады | 1 мин | Стикерлер және қалам |