Пәні: Жапсыру | Сабақ өтілетін күн: Орны: 23 кабинет | Барлық оқушы саны-23 Қатысқаны: | МАД тобы |
Сабақ тақырыбы: | Ай мен жұлдыздар |
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, МАД тобы, сауат ашу |
Жалпы мақсаттар | Шаршы қағаздан қию тәсілдерін қолдану арқылы ай мен жұлдыздыжапсыруды үйрету. Балаларды бөлшектер бойынша орындалған жұмыстарды біріктіру дағдысын қалыптастыру. Саусақ икемділігін жетілдіру. Композиция құрастыруға, қауіпсіздік ережесін сақтауды естен шығармауға дағдыландыру. |
Түйінді идеялар | Ұқыптылыққа ұмтылу |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ- жауап, түсіндіру,қию, жапсыру. |
Көрнекіліктер | Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, жұмыс немес жапсыру парағы, әліппе-дәптер |
Оқыту нәтижелері | Ай мен жұлдыз туралы біледі және оларды жапсырып үйренеді. Түстерді үйлестіре біледі. Жұмыс барысында қағазды бүктеуді еске түсіріп, үлгіні бастырып алып қиюды игереді. Жұмыс дәптерді, қайшыны, желемді қауыпсіздік ережеге сай қолдана алады. |
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1-кезең: Қызығушылықты ояту- ұйымдастыру | Психологиялық дайындық. Балалар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын шаттық шеңберіне шығып бір-бірімізге жылылық сыйлайық. Тәрбиеші балаларға жұмбақтар жасырады. Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам дымда жоқ. (жұлдыз) Бірде арық, бірде толық, Үстіне көйлек сыймайды. Тігінші іздеп өзіне, Аспанды кезіп жүреді. (ай) | Өлең жолдарын айтады. Достарым көп білемін. Шаттық өмір сүремін. Алақанның жылыуын Достарыма беремін. Балалар жұмбеқтың шешуін табады. |
2- кезең: Ұйымдастыру-іздену | -Ай мен жұлдыздың суретін көрсетеді.-Ай мен жұлдыздарды қай уақытта кездестіреміз (көреміз) түнде ме, күндіз бе? -Түнде аспанбізге қандай болып көрінеді? -Ал, ай мен жұлдыз қандай болып көрінеді? -Бүгін біз ай мен жұлдызды жапсырып үйренетін боламыз. Дәптермен жұмыс. Дәптерді ашып қарап, танысып алайық.. -Алдымен ай мен жұлдызды төртбұрыш пішінді қағаздан қиып аламыз соны көрсетемін, қарап үйренеміз. -Түрлі-түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып аламыз. -Осы қағаздарға үлгі сызып аламыз, сызып алынған бөлшектерді контур бойыншақиып аламыз. -Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін дұрыстап орналастырып көреміз, болғасын рет ретімен желімдейміз. 2)Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз. Қарлығаш боп ұшамыз. Қоян болып секеңдеп, Аю болып қорбаңдап Орнымызды табамыз. 3) Балалардың жұмыс істеу уақыты. -.Балалардың жұмыс істеу барысын бақылаймын, қажет кезде көмек көрсетеді. Балалар, жұмысымызды аяқтадық. Қандай әдемі көріністер шықты. | Сұрақтарға өз ойларымен жауап беруге ұмтылды. Тәрбиешінің орындауын қарап,бірге орындайды. Балалар дәптердегі жұмыстың орындалу ретін басшылыққа ала отырып, жапсыру жұмысын орындайды. Сергіту сәтін хормен қайталанып, қимылмен көрсетіледі. |
3- кезең: Рефлекстік түзету | Оқу іс-әрекетін қорытындылау . -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекет сендерге ұнады ма? -Нені жапсырып үйрендік? -Кімнің жұмысы ұнады? -Неге ұнады? -Достарыңды қалай бағалар едіңдер? | -Ұнады. -Ай мен жұлдызды жапсырдық. -Кімнің жұмысы ұнағанын айтады. -Жұлдызшаны достарына таратады. |
Қортындылау. Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Тәрбиеші: Жұлдыздарға арнап кім тақпақ айтады? Айға арнап «Айгөлек» әнін айтып билейді. | Жұлдыздар Жұлдыз көкте мүлде көп, Жарқырайды түнде кеп. Қызығамыз, қараймыз, Кереметке балаймыз. Бірақ әлі баламыз, Өссек, ұшып барамыз. |