Просмотр содержимого документа
«Акпарат түсінігі»
Информатика пәні. Ақпарат.
Информатика сөзі француз тілінің information (информация, ақпарат) және automatique (автоматты) сөздерінен құрылған.
Информатика - есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, турлендіру, өңдеу және жеткізу әдісі, тәсілі мен заңдылықтарын қарастыратын пән.
Ол ғылымның дербес бір саласы ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптаса бастады.
Информатика ғылымының негізгі түсініктерінің бірі – ақпарат . “Ақпарат” термині хабар, түсінік беру мағынасында қолданылатын – “Іnformatіon” деген латын сөзінен шыққан. Ақпарат – хабарлау арқылы берілетін білімдер мен мәліметтер.
визуальды
аудиальды
Ақпаратты қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:
тактильді
органо-лептикалық
Ақпарат қасиеттері:
- Толықтылық – ақпараттың берілген процесті жеткілікті мөлшерде сипаттау қасиеті.
- Туралық – ақпараттың зерттеп жатқан процесін тура бейнелеу қасиеті.
- Реваленттілік – ақпараттың пайдаланушы сұранысына сәйкес келу қасиеті.
- Орындылық - ақпараттың пайдаланушы сұраныстырына керек уақытында сәйкес келуі.
- Қол жеткізерлік – пайдаланушыны ақпаратты алу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қасиет.
- Қорғандылық – ақпаратқа бөгде қолданушының қол жеткізуін болдырмау қасиеті.
- Эргономдылық – қолданушының ақпаратпен тиімді жұмыс жасауын сипаттайтын қасиет.
- Өміршеңділік – ақпараттың қолданушының уақыт өткен сайын өзгеретін талаптарына сәйкес келуі.
Ақпараттық процестер
- Ақпаратты қабылдау – адам немесе техникалық құралдар арқылы алынған мағлұматты қолдану мақсатында өзгерту процесі.
- Ақпаратты жинау – ақпаратты объектіден алу және берілген санау жүйесіне сәйкестендіру процесі.
- Ақпаратты жіберу – байланыс жүйелерін қолданып мәліметті берілген адрес бойынша жеткізу. ХІХ ғасырға дейін ақпаратты жеткізуші негізінен жазу болса, ал байланыс құралы почта болды. Телеграф пен телефонның жасалуы, содан кейін радио, теледидар мен ұялы телефон т.б. байланыс құралдарының өмірге келуі ақпаратты жеткізу мен таратуда үлкен өзгерістер әкелді.
- Ақпаратты өңдеу – ақпаратты мақсатқа сай түрлендіру. Ақпаратты түрлендіру, оны талдау – шешімді таңдап алу мен қоғамды басқару процестерінің негізі болып табылады.
- Ақпаратты сақтау – ақпаратты машиналық тасығыштарға көшіру.
Ақпараттық процесте міндетті түрде ақпарат көзі, ақпарат қабылдаушы және байланыс каналы болады.
Ақпарат таңбалы түрде сақталып, беріліп, өңделеді. Бір ақпарат түрлі таңбалы жүйе арқылы, әр түрлі қалыпта беріле алады.
Тіл – ақпаратты жеткізудің анықталған таңбалы жүйесі. Тілдер екіге бөлінеді: сөйлесуге арналған табиғи тілдер және формальды (жасанды) тілдер. Формальды тілдерге әуен тілі (ноталар), математика тілі (сандар мен математикалық белгілер) жатады. Кейбір жағдайларда сөйлесу тілінің орнына мимика мен жест, арнаулы таңбалар тілі қолданылуы мүмкін (мысалы, жол белгілері).
Берілген салаларда ақпараттың символдық тәсілмен өрнектеу кестесін құрыңыз. Таңбалар көп болған жағдайда бір-екеуін ғана жазыңыз (салыңыз).