Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 06.12.2019 Тәрбиеші: Абенова М.К.
Білім беру саласы:Шығармашылық Пән: Аппликация
Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді» Тақырыбы: Ақшақар
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
- Дамытушылық: қоршаған орта және қыс туралы түсініктерін кеңейту; шаршыдан дөңгелектерді қиюды үйрету; қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту. Тілдерін дамыту.
- Оқыту: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру
Педагогикалық технологиялар: ойын,денсаулық,дамыту.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Жаңа жыл мерекесінің суреттері, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, қайшы, желім, сулық, үлестірмелі материалдар, қуыршақ Ақшақар.
Көптілділік: Ақшақар – Снегурочка- snow maiden, қар – снег-snow.
Просмотр содержимого документа
«"Ақшақар" .»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ жасырады.
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте
Ол.
- Жаңа жылда бізге кім келеді?
Негізгі бөлім:
Педагог қуыршақ Ақшақарды көрсетеді. Үстіне көк тон киіп алғанын айтады.
Сөздік жұмыс: тон.
Балалар, Ақшақар деп неге атаған?
Қазір дала аяз, бұл Ақшақар ұнататын ауа райы. Ақшақар бізді серуендеуге шақырып тұр.
Сергіту сәті
Денсаулықты сүйеміз,
Шыныгамыз күнде біз.
Бір, екі, үш!
Бір, екі, үш
Бүлшық етте, міне, күш!
Ал, балалар, түрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,.
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымыздыы созайық.
Белімізді жазайық.
Билингвальді компонент:
Ақшақар - Снегурочка, қар - снег
-Балалар, бүгін біз Ақшақардың аппликациясын жасаймыз..
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Алдымен шаршыдан
Шыршаны жасаймыз ,шаршыны
Екіге бөліп, қиямыз ,шыршаны құрастырамыз, жапсырамыз.
Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз. Ол үлкен үшбұрыш болады. Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз.
Қолы да үшбұрыш. Ал енді жұмысқа кірісейік .
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Қорытынды:
Куыршақ Ақшақар балаларды мадақтайды, балаларға ризашылығын білдіреді.
Балалармен коштасады.