СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аквариумдағы балықтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аквариумдағы балықтар туралы түсінік беру. Композиция құра білуге дағдыландыру.

Просмотр содержимого документа
«"Аквариумдағы балықтар"»

Ортаңғы тобыңдағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Мерзімі: ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: аквариумдағы балықтар туралы түсінік беру

Міндеттері:

Білімділік: балықтарды қиюда түрлі геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, жапсыруға үйрету.

Дамытушылық: қайшымен жұмыс істеуді, композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: жұмысты бірлесе ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Үш тілдік компонент: балық - рыба -fish, желбезек- жабры -gill.

Демонстрациялық материал: аквариумдағы балықтар, балықтардың суреті, үлгі.

Үлестірмелі материал: ақ бет, түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім, сүлгі.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Шаттық шеңбер:

Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз,

Бақыт – біздің достарға сенгеніміз.

Бақыт – таңнан біреумен достасуың,

Бақыт – кеште достармен қоштасуың.


Қонаққа Тазша бала келеді.

Топтағы сендердің аквариумдарыңды көріп Тазша бала да балық асырауды шешті.

- Біз оған балықтары бар аквариум сыйлайық.

Жарты шеңберге отырады.



Бір - бірімен жылы лебіздермен амандасады.



Тазша бала келгеніне қуанады, өз ойларымен бөлісті.


Келіседі.

Ұйымдастыру– іздестіру

Әңгімелесу:

Балаларға аквариум көрсетіп, аквариум туралы не білетіндерін сұрайды.

- Мына шыны ыдыс не деп аталады?


- Аквариумдағы балықтарды немен қоректендіресіндер?

- Қалай ойлайсыңдар, аквариумдағы балықтардың табиғи су қоймаларындағы балықтардан айырмашылығы қандай?

- Балықтар өзара ұқсас па?

- Олар несімен ұқсас?




- Балықтар тек суда ғана өмір сүреді. Оларды міндетті түрде аквариумда өсіру керек. Аквариумда оларға су қоймаларындағыдай жағдай жасалған.

Құм, ұсақ тастар, балдырлар.



Қызыға қарайды.


- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады. Балықтардың үйі, балықтар өмір сүретін орын.

- Балықтарды арнай жемдермен қоректендіреміз.

- Аквариумдағы балықтар үйде арнайы ыдыстарда өмір сүрсе, табиғи балықтар өзен, көлдерде өмір сүреді.

- Олар ұқсас.

- Бәрінің денесі, басы, құйрығы, жоғары, төменгі қанаттары, желбезегі, аузы, көзі, денелерін қабыршықтар жапқан.


Мұқият тыңдайды.


Балдыр таза оттегін бөледі. Балықтар: сопақша, үшбұрыш, тік төртбұрыш пішінді.

Аквариумда өсірілетін балықтар: семсерқұйрық, гуппи, скалярия деп аталады.

- Оларға азықты қалай беру керек екенін және қандай ұлуларды жіберу керек екенін білу керек.

Түрлі - түсті реңді, пішіндері өзгеше бір балықтар ойлап тауып, Тазша баланы таңқалдырып, аквариумдағы балықтарды жасауды ұсынады.

Пальчиковая гимнастика: «Рыбы»

Щука хищная, зубастая,

 Для лещей, плотвы опасная,

 Ищет, чем бы поживиться?

 Кто-то там, в воде резвится?

Жұмыс реттілігі:

1. Аквариумдағы балықтардың бейнесін көрсету.

2. Балдыр шөп жапсыру үшін жасыл түсті қағазды таңдау.

3. Қоныр түсті қағаздан тастарды қию.

4. Балықтардың денесін қию.

5. Балықтың қабыршықтар жапсыру.

6. Көздерін, ұсақ бөлшектерін жапсыру.

Әрбір балаға жекелеме көмек көрсетеді.


Үш тілдік компонент: балық - рыба -fish, желбезек- жабры -gill.

Сергіту сәті:

Мөп - мөлдір таза суда,

Балық жүзіп ойнайды.

Біресе керіледі,

Біресе жиырылады,

Біресе құмға тығылады.

Жұмбақ жасырады:

Аузы бар, тілі жоқ,

Терісі бар, жүні жоқ.

Тірегі бар, ізі жоқ,

Қанаты жоқ ұшпайды,

Су астында қыстайды.

Дидактикалық ойын: «Балық аулау»

Мақсаты: балықтарға қамқор болуға, танып білуге деген қызығушылықтарын ояту.

Шарты: су құйылған ыдыста картоннан жасалған балықтар. Балықтардың басына темір сым бекітілген. Балаларға магнитті қармақ арқылы балықтарды аулауды ұсынады.










Қуана келіседі.




Саусақ жаттығуын жасайды.






Жұмысқа кіріседі.










Сөздерді жекелеме, хормен қайталайды.



Қимылдарды көрсетіп, қайталайды.









- Балық.



Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексивті – түзетушілік


Қорытынды

Сұрақтар қояды:

- Бізге бүгін қонаққа кім келді?

- Тазша балаға не жасап бердік?


- Балықтардың дене пішіні қандай болады?

- Олар не арқылы дем алады?

Көрме ұйымдастыруды ұсынады.

Тазша бала рахметін айтып қоштасады.

Рефлексия:

Бүгінгі оқу қызметіміз қызықты болса қызыл балықтарды, ал қызықсыз болса, сары балықтарды алуларын ұсынады.


Сұрақтарға жауап береді:

- Тазша бала келді.

- Аквариумдағы балықтарды жасадық.

- Сопақша болады.

- Желбезегі арқылы дем алады.

Қуана келіседі.

Тазша баламен қоштасады.



Тапсырманы орындайды.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: балықтардың суда өмір сүретінін, ерекшеліктерін, түрлерін.

Болу керек: аквариумдағы балықтар туралы мағлұмат.

Істей білу керек: ұжымдық жұмысты ұқыпты орындауды, сұрақтарға жауап беруді.










































Мақсаты: Балаларға балықтардың түрлерін таныстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Түрлі қию тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктен балықтың дене мүшелерін құрастырып жапсыру, іскерліктерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, ойын, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту, бекіту, қорытындылау.
Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон, аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары.
Ұ.О.І-Ә түрі: Дәстүрлі емес.
Ұ.О.І-Ә типі: Жаңа білімді беру.
Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану, тіл дамыту, математика, сурет, ән-әуез.
Сөздік жұмыс: Желбезек, жүзбе қанаттары, қабыршақ, алтын балық.
Сөздік қор: Шортан, сазан, ақ балық, алабұға, табан балық, аквариум, гурами, моллинезии.
Пайдаланылған әдебиеттер: Компьютер, ғаламтор.

Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан балақай
Жарқырайды аспанда
Күн алақай!
Атқан таңға, шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт, баршаңызға осындай.
Қайырлы таң апайлар!
Біз- ерекше боламыз,
Біз еңбекқор боламыз!
- Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
- Иә.
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Бұл - қармақ.
- Қармақпен не істеуге болады?
- Балық аулауға.
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл- жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
- Қане Бибарыс келе ғой. Балалар, қараңдаршы Бибарыстың қармағына бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен?
Балалар, бұл- шортан балық. Қандай балық екен?
- Шортан.
(Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу)
- Табан балық, сазан, ақ балық, алабұға, шортан.
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Суда.
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Бұл балықтар өзіміздің Әйтеке би кентінде кездесетін, көріп жүрген балықтар. Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Сопақша.
- Балықтардың мынау несі?
- Басы.
- Басында желбезегі болады.
(Көрсету, қайталау)
Несі болады екен?
- Желбезегі.
- Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен?
- Қабыршақтары.
- Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен?
- Құйрығы.
- Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.
(Қайталау)
Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады?
(Толықтыру)
- Тағам ретінде.
- Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме?
- Көргіміз келеді.
- Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші.
(Балар көздерін жұмады,сол кезде буклеттің артында жасырылған аквариумды ашу)
Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
- Балықтарды.
- Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен?
- Шыны ыдыста.
- Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады.
- Аквариумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсайды ма?
- Ұқсайды.
- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Әр түрлі.
- Мына үлкен балықтың түсі қандай?
- Қызыл.
- Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықты көріп тұрмыз?
- Ақ балық.
- Дұрыс айтасыңдар.
(Ақ үстінде қара жолақтары бар)
Бұл «Гурами» деген балық.
- Гурами(қайталау).
- Гурами нешеу екен?
- Екеу.
- Ең кішкентай балықтың түсі қандай екен?
- Қара.
- Нешеу екен?
- Екеу.
- Бұл моллинезии деп аталатын балық.
- Моллинезии(қайталау)
- Аквариумда басқа тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Тастар, шөптер, бақалшақтар, бұтақтар.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет?
- Әдемілікке.
- Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың, шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын,ауа жіберетін,жарық түсіретін құралдар бар.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек?
- Тамақ керек.
- Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?
- Құрттар, жасыл шөптер.
- Жарайсыңдар! Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды.
(Балалармен бірге балықты тамақтандыру)
- Балалар, ертегілерде алтын балық адамдардың тілегін орындайды екен. Мүмкін біздің де тілегімізді орындап қалар. Біз де алтын балыққа тілегімізді айтып көрсек қалай қарайсыңдар?
- Әрине қалаймыз.
- Ендеше барлығымыз бір - бірден өз тілегімізді айтып көрейікші.
(Балалар бір - бірден өз тілектерін айтады)
- Жарайсыңдар, балалар. Ендеше орындарымыздан тұрып, осы жақсы тілектерімізді ішкі лебімізбен алтын балыққа үрлеп жіберейікші.
- Уф, Уф, Уф.(сергіту сәті)
- Жәрайсыңдар, тамаша! Балалар, аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма?
- Ұнады.
- Ендеше бүгінгі жапсыру оқу іс - әрекетін пайдалана отырып, ақ қағаздан балықты қиып жабыстырайықшы.
Ол үшін: алдымыздағы үлкен - кіші төртбұрыштан балықтың денесін, жүзбе қанаттарын, үшбұрыштан құйрығын қиып аламыз да, алдымыздағы түрлі - түсті жылтырлы желім қарындаштармен желбезегін, қабыршақтарын саламыз, сонда бізге түрлі - түсті жылтыр балықтар пайда болады.(көрсетіп түсіндіру)
(Балалардың жұмыстарын талдау, бағалау)
- Жарайсыңдар, балалар, әр- түрлі әдемі балықтар жасап шығардыңдар.
Білімдерін бекіту:
«Балықтардың қандай дене мүшелері жоқ?» деген компьютерде слайдтар көрсету. Балалар, балықтардың дене мүшелерін атайды.
Мысалы:
1) Балықтың басында дем алатын несі болады?
2) Балықтың несі жоқ?
3) Балықтың денесінде нелері бар еді?
4) Балықтың денесіне жалғасқан қандай мүшесі жоқ?
Қорытындылау:
- Балалар, бізге қандай оқу іс- әрекеті болды?
- Онда біз нелермен таныстық?
- Қандай балықтарды көрдіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс- әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп- көп рахмет!
Күтілетін нәтижесі:
Білуі: Тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор бола білуі.















Сергету сәті 
Қүндей болып күлеміз 
Гүлдей болып өсеміз 
Құстар болып ұшамыз 
Балық болып жүземіз 
Бақа болып секіреміз 
Көбелектей қонамыз 
Орнына отырамыз.