СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Аквариумдағы балықтар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аквариумдағы балықтар Жылғалардан су ақты

Просмотр содержимого документа
«Аквариумдағы балықтар»




Екінші кіші «Жұлдызша »тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:05.04.18ж

Тәрбиеші:АбеноваМ.К.

Білім беру саласы:»Шығармашылық»

Өтпелі тақырып: Жылғалардан су ақты

Пән:Сурет салу

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар

Мақсаты:

Тәрбиелік: Су асты тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалар арасындағы коммуникативтік қарым-қатынасты дамыту.Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Оқыту: Картоп бастырмасы арқылы сурет салуды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,

дамыту технологиясы,монтесори технологиясы,ақпараттық технологиясы.

Ресустармен қамтамасыз ету:балықтардың суреттері, Картоп бастырмасы. Шүберек аквариум суреті.. Үлгі.

Блингвальдық компоненті : балық-рыба

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жұмбақ: « Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды.»
Негізгі бөлім:
- Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Ағаштар бүршік жарады.
- Балалар мынаған қараңдаршы, бұл не? - аквариум
- Оның ішінде нелер жүзіп жүр? - Балықтар жүзіп жүр.
- Оларға не береміз? - жем береміз.
- Қандай түсті балықтар жүзіп жүр? - Қызыл, сары, қара.
- Балықтың қандай дене мүшелері бар? Басы, құйрығы, қанаттары.
- Сендер қандай балықтың түрлерін білесіңдер?
- Біздің өзенінде: жайын, көксерке, шортан, табан балықтар бар.

Сергіту сәті.
«Су асты тіршілік иелері биі» Әр түрлі қимыл жасау арқылы, балықтар сегізаяқ, су жыланы қимылдарын жасайды.
Бүгін балалар, біз түсті балықтардың суретін саламыз. Ол үшін мына балықтардың суретін қарап, шығайық, Балықтың қандай дене мүшелері бар?.
- Басы, денесі қандай пішінді? - Басы мен денесі сопақша.
- Аяқтары бар ма? - Аяқтары жоқ
Басында қандай дене мүшелері бар? - Көздері, аузы
Денесінде несі бар? - Денесінде қабығы бар
- Тәрбиеші жұмыс тәсілін көрсетуі.

Балалар тәрбиешінің жұмысын қадағалап отырады.

Саусақ жаттығулары.
«Балықтар суда жүзеді»
Қос қолдың алақаны мен саусақтарын бір - біріне түйістіру. Суда жүзген балық қимылын жасау.
Дайын аквариум суретіне картопты губкадағы бояуға бастыру арқылы балық бейнесін салады. Екінші және үшінші түске басқа картоп бастырмасын алып бастырады.
Балалардың жеке жұмысы:
Әр балаға жекелей көмек көрсете отырып, балық суретін бастырып шығады. Ұсақ бөліктерін балалар қыл қаламның екінші жағын бояуға бастыра отырып толықтырады.


Қорытынды:
- Біз қандай іс - әрекетпен айналыстық?
- Нені салдыңдар?
- Қалай және немен салдыңдар?