Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 15.03.2018
Тәрбиеші / Воспитатель
Білім беру саласы / Образовательная область:Таным
Пән / Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Өзіңе көмектесіп, өзгеге қол ұшын бер»
Тақырыбы / Тема: «Табиғат бұрышындағы су патшалығы»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Баланың шамасына қарай тірі тіршілік иелерін/ табиғат бұрышындағы құстар, балықтар және т.б./ күтіп –баптауға үйрету, бақылай білуге, өздерінің ой-пікірлерін айтуға тәрбиелеу. Табиғат бұрышында бірлескен еңбекке баулу, бір-біріне жәрдем беруге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды,өсімдіктермен жануарларда болатын өздерістерді бақылау.
3. Оқыту – обучающая : Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, Балаларды су,өзен,көл тұрғындарымен таныстыру.Су тұрғындарының бір-бірімен байланысы туралы толық мәлімет беру.Балықтардың түрлерін таныстыра отырып,тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.Балықтың уылдырығын,қабыршағын зерттеуге үйрету.Балықтан жасалатын тағамдарды пайдаланып ғана қоймай,ұқыптылыққа,әдемілікке,тындырымды істеуге тәрбиелеу .
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, лэпбук"Балықтар".
Билингвалдық компонент : табиғат-природа, балық-рыба
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар кәзір жыл мезгілі қандай?(көктем)
көктем мезгілін кім сипаттап береді?(балалар өз ойларын ортаға салады
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады
Аяғы жоқ жүрмейді
Қанаты жоқ ұшпайды.( балык)
Суда онын өмірі,
Суда-онын,қорегі.(балык) -Ал,балалар көктемде қар еріп, жан-жануарлар ояна бастайды.балалар қыста судын бетін мұз басады,ал мұздың астында нелер өмір сүреді?(балалардың жауабы)
Ғажайып сәт.
Есік соғылып,теңізші атай кіріп келеді.
-Сәлеметсіндерме,балалар!Мұнда не болып жатыр?
Тәрбиеші: Біз бүгін көктем жайында және балықтар туралы әнгімелейміз. Теңізші атай біздің балалар саған әдемі балықтарын жайлы тақпақ айтып берсінбе?
Нұртай: Айқайлама, ұрыспа ,
Тіпті нағыз саз балық,
Сазан нағыз саз балық
Жоламайды дыбысқа.
Сезім: Білем десең біліп көр,
Қармағына іліп көр,
Түсе қалса он балық,
Әрен тартар он ағай.
–Теңізші атай;-Балалар осы менің балықтарым жайлы айтып беріңдерші,оларды зерттеп,түрлерін атап,балық жайлы қызықты ертегі әңгімелеп беріңдерші.Содан менің қарным өте аш,балықтан тағам түрін жасап берсеңдер өте жақсы болар еді.
–Ал,балалар атайдың тапсырмасын орындаймызба? Олай болса атайдың тілегін орындау ұшын әркім өз қалаған орталықтарының карточкасын таңдайды. Бізде бүгін 2 орталық жұмыс жасайды
ғылым орталығы,
аспаздық орталығы. Ғылым орталығы.
-Балықтар қайда тіршілік етеді?
Балықтар сусыз тіршілік ете алмайды. Көрегінде судан табады.
-Балықтар тағы не жейді деп ойлайсындар? – Құрттар,жасыл шөптер.
Балық – рыба- fish
Балықтын түрлері өте көп. Жайын, сазан, шортан, ала бұға.
Шортан- жыртқыш балық, ал алабұға- адамға анық көрінеді, арқасында тікені болады, шортан- шабақтарды асайды. Жайынның азығы- бақа, шаян,сүліктер. Басы доғал, мұрты бар, аузы апандай, ұрты бар, түрі китке де ұқсайды.
Сазан балық- күміспен апталып, теңгемен қапталады. Балық суда өмір сүреді, ол үнемі қимылдап, қанаттың көмегімен жүзеді, Балықта адамдар тағам ретінде қолданады. Оны аулайтын адамдарды- балықшылар деп атайды. Балық аулайтын құралды – қармақ, ау деп атаймыз.
Балықты зерттеу:
1.Уылдырығы
2.Қанаты
3.Жебезегі
Сондай –ақ балықтарды көргілерін келе ме?
Ендеше көздерінді жұмындар. (тәрбиеші аквариумнын бетін шүберепен шауып қояды,алдын-ала дайындап қояды)балалар жақынырақ келіп қараңдар тірі балықтарды
1 .Дидактикалық ойын. « Бұл қандай балық?»
Тақтаға сазан мен шортан суреттерін балаларға көрсетіп,әркайсысының ерекшелігі суреттеп беруді ұсынады. Аттарын атайды.
Ендеше көздерінді жұмындар.
Балалар, қарайықшы суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз?
- Балықтар қандай ыдыстын ішінде жүзіп жүр екен? Шыны ыдыс.
Бұл шыны ыдыс- аквариум деп аталады.
- Балалар балықтардың түстері қандай?
- Қызыл, ақ, сары
- Аквариумда тағы басқа нелерді көріп тұрмыз?
- Тастар,шөптер,бақалшақтар,бұтақтар
- Олар не үшін қажет?
- Әдемілік үшін
Сонымен қатар балықтарға да керек, олар бұтақтардың, шөптердің арасына барып тығылады, жем іздейді.
- Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік?
- Балықты, аквариумдағы балықты
- Онда біз нелермен таныстық?
- Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады- ма?
Ғылым орталығы ойын
2. Дидактикалық ойын. « Бұл қандай балық?»
Тақтаға сазан мен шортан суреттерін балаларға көрсетіп,әркайсысының ерекшелігі суреттеп беруді ұсынады. Аттарын атайды.
3. Аквариумдағы балық. Дидактикалық ойын. Балықты аулау.
Сергіту сәті.
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне біздер қандаймыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз
Аспаздық орталығы.
Максаты. Балықтан жасалатын тағамдарды дайындау білуге үйрету, балаларға дайындау жолдарын уйрету. Тағамдарды пайдаланып қана қоймай, ұқыптылыққа, әдемілікке, тындырымды істеуге тәрбиелеу.
Балалар, бүгінгі аспаздық орталығымызда біз балықтан салат жасайтын боламыз. Балық- өте бағалы өнім. Балық етінде ақуыз, минералдық заттар, майлар, дәрумендер бар.
Бізге картоп, қызылша, сәбіз,балық және майонез керек болады.
Картоп, сәбіз, қызылша суға пісіреледі де, тақьайшада оны әдеміліп безеп оған майонез керек болады.
Балалар біз неден салат дайындап жатырмыз
Көкөністердін
Көкөністер қайда өседі
Жерде өседі
Балықтарды балалар,- қайнатып, қуырып пісірсек те болады екен. Балықты булап пісіруге де болады.
Балалар ендеше салатымызда да дайын
Ендеше жеп көрулерінізге болады.
3.Қортынды.
-Балалар,бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік?Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік?
-Ал,көркем әдебиет орталығында қандай ертегімен таныстық? -Аспаздық орталығында балықтан не жасадық?
Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады- ма? Балалар лэпбукпен жұмыс жасайық.балықтардың атын атайық(балалар балықтардың атын атайды)
Балаларды мадақтау,оқу-іс әрекетті аяқтау
Балықтарды зерттей білуге,олардың түрлерін біліп,атауларымен танысу.
Нені меңгеруі керек ;Су тұрғындарының бір-бірімен байланысы туралы толық мәлімет беру. Нені жасай біледі;Балықтың уылдырығын,қабыршағын зерттей біледі.Балықтан жасалатын тағамдарды пайдаланып ғана қоймай,ұқыптылыққа,әдемілікке,тындырымды істей біледі.