Тақырыбы «Алтын күз»
Жүргізуші:
Күз де келді, алтын дәнін сапырып
Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз, құтты болсын!
Бүгін, балалар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен былай жеткізеді.
Ән «Алтын күз»
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспаннан мөлдіретіп.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Балаларыдың тақпақтар
Айзере:
Тілегім, аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз – ырыс, береке ала келді!
Ермахан
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Флора:
Листья золотом расшиты,
Тропки дождичком умыты,
В ярких шапочках грибы,
Всё нам, осень, даришь ты!
Мадина:
Вот и осень наступила,
Вслед за летом точно в срок
И в садах позолотила
Каждый маленький листок.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Алтын күзді жыр төккен!
Алтын күзді нұр төккен!
Би: «Қуыршақтар»
(Балалар өз орындарына отырады).
Жүргізуші:
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?(Күз).
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
-Күз мезгілінің қай айы.
Қазан айы.
Дұрыс айтасыңдар балалар. –Мінекей күз де келіп жетті.
-Күзде қандай өзгерістер, құбылыстар болады.
-Жаңбыр жиі жауады.
-Күн суыта бастайды, адамдар жылы киінеді.
-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»- Бұл не, балалар? (Күз)
Осы кезде Күз ханшайымы себетке салған жемістерімен ,билеп кіреді.
Күз ханшайымы
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Күз ханшайымы: Балалар сендер қандай әдемісіндер.Мерекелерін құтты болсын
Сендер аюды көрмедіндер ме ? Үйіне іздеп барсам орманға кетті дейді.
Балалар: Жоқ көрмедік.
Тәрбиеші : Маша сіз біздің балаларымыздың өнерін тамашаланыз
Аяулым:
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.
Арсылан:
Дала сары киінді.
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық, алтын тау.
Музыка әуенімен Аю және бірнеше көкөністерді ала келеді.
Амансыңдар ма балалар,
Ерінбестен еңбек етіп келетін.
Еңбекшіге бар жемісін беретін,
Мен –Алтын күз
Ынтымақты еліме
Берекелі ырыс болып енетін.
Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім.
Тәрбиеші: Балалар, күзде тынымсыз еңбек басталатыны бәрімізге мәлім. Егін ору, бау - бақшаларда жеміс - жидек жинау жұмыстары толып жатыр. Сол жеміс - жидектер бізге қонаққа келіп тұр.
Топқа алма, өрік, қара өрік, шие, жүзім кіреді.
Балаларымыздың орындауында би
Би: «Көкөністер» (Әрсен, Сұлтан, Магамед, Алинур)
Жүргізуші « біздің балалардың сізге арнаған өлең, тақпақтары бар екен. Бізбен бірге тамашалайсыз ба?
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Седеф:
Что за чудо, что за осень,
Листья золотые!
Словно шелковые косы
Дева распустила.
Мамед:
Осень, осень золотая,
Кто, скажи, тебе не рад?
Только осенью бывает
Разноцветный листопад!
Айдина:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Айзере:
Тілегім, аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз – ырыс, береке ала келді!
Іңкәр:
Келді, міне, алтын күз,
Сары шашты, жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз!
Мелиса:
Осень нас к себе на бал
Нынче пригласила.
Чтоб никто не опоздал
Осень попросила.
Жүргізуші: Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң –шуақ
Біздің өмір көңілді – деп ендігі кезекті «Әдемі жапырақтар» биіне берейік
Маша:
Балалар, қазір мен сендермен «Көкөністер жинау» атты ойын ойнағым келіп тұр.
Ән «Жапырақтар»
Маша:
Ойнадық, күлдік, ән айттық, биледік.
Біраз уақыт өтіп кетті.
Менің атқарар жұмыстарым әлі де көп.
Енді, балалар, менің алып келген ертегімді тамашалаңдар.
Амандықта, саулықта бір жылдан соң кездесейік!
Сау болыңдар!
(Күз қол бұлғап, балалармен қоштасып шығып кетеді)
Балалар:
Сау болыңыз, Алтын күз!
Жүргізуші:
Салқын сыз, дымқыл тұман соңынан ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат керген.
Күз келді мезгілінде арқаланып,
Күн бар ма байлығын ол тегін берген.
Біз оны күтіп жүр-ек әуел баста-ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап.
Астық, жеміс, мақтасын, бар байлығын,
Алып қалдық еңбекпен айырбастап.
Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін
Әкеліпті халыққа бір молшылық.
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін
Елімізде болсын әркез көпшілік – дей келе, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз
Енді балалардың қоштасуы: Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз данамыз.
Қонақтарға қол бұлғап,
Сау болыңыз айтамыз