СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Арманға қанат қағайық

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаз

                   Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас

                   Арамыздан талпынып қанат қақты

                   Тоғыз жылда оң солын таныған жас

 

         Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты жас түлектер! Бүгінгі салтанатты жиынымыздың мақсаты негізгі мектепті аяқтаған түлектерге білім туралы мемлекеттік куәлікті табыстау.

Просмотр содержимого документа
«Арманға қанат қағайық»

«Арманға қанат қағайық» атты негізгі мектепті бітіру туралы куәліктерді табыс ету салтанаты


Өтетін күні: 17 маусым 2014 жыл

Өтетін уақыты: сағат 1000

Өтетін орны: Мәжіліс залы

Жүргізуші: Куангалиева Мейрамгул Бржановна


(Көңіл ашар күйі)


Жүргізуші: Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаз

Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қанат қақты

Тоғыз жылда оң солын таныған жас


Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты жас түлектер! Бүгінгі салтанатты жиынымыздың мақсаты негізгі мектепті аяқтаған түлектерге білім туралы мемлекеттік куәлікті табыстау.

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың үш тобы ұшқалы тұр, - дей келе негізгі мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілерін атап, қошемет көрсетейік:

9 «а» сыныбының жетекшісі - Утепкалиева Маншук Жаксыгалиевна,

9 «ә» сыныбының жетекшісі - Сагингалиева Самал Сайкаловна,

9 «б» сыныбының жетекшісі - Есенбекова Акылай Бактыгереевна.


Жүргізуші: Мектеп деген - білім кені, жыр кені,

Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген – тәрбиелі адамдар,

Мектеп деген – даналардың мекені, - дей келіп алғашқы құттықтау сөзді және негізгі мектепті бітіру туралы куәліктерді табыс етуді мектеп директоры Берік Задагерейұлы Нигметовке береміз.

(Балбырауын күйі)


Куәліктерді табыс ету.

(«Атамекен» әнінің музыкасы)

Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,

Бөлме іші кетті лезде шын жылып.

Сәлем берді ұстаз бізге жымиып,

Бар шуылын балалардың тындырып.

Келесі сөз кезегі 5 жыл бойы оқыту мен тәрбиелеуді қатар жүргізген сынып жетекшілеріне беріледі.

(Балбырауын күйі)






Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Келесі құттықтау сөз кезегін негізгі мектепті бітірушілердің ата-аналарына беріледі.

(Балбырауын күйі)


Жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді .

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді –

дей келе аяулы ұстаздарына деген тілектерін, жүрек түкпірінде жатқан жылы сезімдерін білдірмекші болып тұрған негізгі мектеп түлектеріне сөз береміз.


(Балбырауын күйі)


Жүргізуші: Жас өнерпазымыз Жүсіп Лананың орындауында ән

«Аяулы мектебім».

Қошемет көрсетіп, қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Құрметті түлектер бүгін сендер қолдарыңызға негізгі мектепті бітіру туралы куәлікті алдыңыздар. Біреулерің осы білім ордасында қалып білімді меңгеруді жалғастырасыңдар, енді біреулерің арман қуып, қалаған мамандық иесі болу үшін кәсіптік білімдерді меңгересіңдер. Таңдау өз еріктеріңізде. Өмірден өз орнын тауып, бас әріптен басталатын Адам деген атқа лайық болу әрқайысымыздың борышымыз. Мамандық таңдау – қоғамда абыройлы жағдайға ие болу және табыстың жоғары деңгейіне жету деген сөз.

Мамандық таңдауда сәттілік тілейміз! Осымен салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті. Қай жерде жүрсеңіздер де аман сау болыңыздар, Жас түлектер!


(Балбырауын күйі)