Мотивациялық қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасу, түгендеу Шаттық шеңбері Қуанамын менде Қуанасың сенде, Қуанайық достарым Арайлап атқан әр күнге. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы? -Көктем мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер? -Көктем мезгілі сендерге ұнай ма?Несімен ұнайды?. -Жарайсыңдар балалар.Көктемгі табиғат сендерге ұнайтынын білдік,олай болса бүгінгі біздің өзін-өзі тану оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы да осы табиғатқа байланысты «Табиғаттан үйренейік» деп аталады. | -Балалар көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберін жасайды. -Қазір жылдың көктем мезгілі. -Наурыз,сәуір, мамыр. -Балалар көктем туралы өз ойларын айтады. |
Ұйымдастыру- ізденушілік | -Табиғат-бізді қоршаған дүние: аспан мен жер,тау мен су,жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.Адам қашан да табиғат әсемдігіне,сұлулығына тамсана таңданған,қуанып шабыт алған. Сондықтан да табиғатқа жылы жүрекпен,аялы алақанмен қарап, ерекше мән берген. -Балалар, біз табиғаттың өлі табиғат және тірі табиғат болып бөлінетінін білеміз. -Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады? -Өлі табиғатқа нелер жатады? -Балалар, табиғаттың бір бөлшегі күннен біз не аламыз? -Дұрыс айтасыңдар,күннен жылу,жарық аламыз. -Ағаштар не үшін керек деп ойлайсыңдар? -Жарайсыңдар балалар, -Өзен,көл,теңіздер не үшін керек? Тыныштық сәті: - Балалар, ыңғайлана отырып, көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарына туған жерлеріңді оның әсем табиғатын елестетіңдер. Ауаны терең жұтып еркін тыныс алыңдар. Енді көзімізді ашайық. Шығармашылық жұмыс: Ойын. «Мен табиғаттан не үйрендім?» Балалар, мына «табиғат бөлшектері» көрсетілген суреттерге қарап, олардан не үйренетінімізді айтайық . (Күн, құс, көбелек, су, жер суреттері .) -Мен күннен мейірімділікті үйрендім. -Мен құстардан ән салуды үйрендім. -Мен көбелектен әдемілікті көріп үйрендім. -Мен жерден төзімділікті үйрендім. -Мен судан тазалықты үйрендім.
Сегіту жаттығуларын жасау: Орнымыздан тұрайық Қолды белге қояйық Бір отырып, бір тұрып Тынығып біз алайық Дәйексөз Балаларға «Мейірімділікті табиғаттан үйрен», деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөз ретінде түсіндіру. Табиғат жер бетіндегі барлық тіршілік атаулыны өз қамқорына алып, бізді мейірімділікке бөлейді. Біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік. | -Адам, жан-жануарлар, өсімдіктер. -Су,топырақ,тау-тас, күн,ай,жұлдыз. -Күннен жарық,жылу аламыз. -Ағаштар ауаны тазартады, көлеңке болады. -Таза жүру үшін,ағаштарды, өсімдіктерді суару үшін. -Балалар денелерін түзу ұстап,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. -Балалар топ болып сүрет құрастырады, табиғат көрнісінің сүретін салады -Балалар мұғалімді мұқият тыңдап, өз ойларын айтады -Балалар қимылмен орындайды -Балалар дәйексөздегі нақыл сөзді қайталайды |