СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ тақырыбы: Гүл- адам өмірінің сәні

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ тақырыбы: Гүл- адам өмірінің сәні

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ тақырыбы: Гүл- адам өмірінің сәні»

Гүл адам өмірінің сәні

Мақсаты:Оқушылардың өсімдіктер жайындағы білімін кеңейтіп,өзі тұратын өлкенің өсімдігін тонуға,зерттеу және пайдасы туралы танымдық ойлау қабілетін дамыту,оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: «Гүлдер – біздің досымыз»,Гүл – достықтың белгісі»,» Гүл патшасы-Раушан гүл», «Гүл- өмірдің сәні»- плакаттар

Ұйымдастыру кезеңі- Сынып оқушылары 2 топқа бөлінді

I топ : «Қызғалдақ» тобы

II топ: «Сарғалдақ» тобы

Әр топтың оқушылары гүлдерге сәйкес эмблемаларымен белгіленеді.

Барысы:1 жүргізуші: Біздер бүгін думан келіп қарсы алып,

Табиғаттың сырын білдік қаншалық

Гүлдей жайнап жайраңдалған жүзіміз,

Енді біздер би билейік,ән салып.

«Мектеп вальсі»ойналады

2 жүргізуші: Табиғаттың ажары,көркемі бір

Шежіресі секілді ертегі –жыр

Ал,тыңдаңдар,гүлдерге сөз береміз

Өзі жайлы өздері сыр шертеді.

I. Қызғалдақ тобы

Қызғалдақ :

Кім білмес қыр аруы қызғалдақты

Өң беріп көркейтеміз біз әр бақты

Сәні деп өміріннің,көңіліңнің,

Сый етіп мені жігіт қызға арнапты

Алқызыл күлте жайып үлбіреген

Дәл мендей болды қандай гүл жыр,өлең

Көктемде көк белестің еркесі боп,

Ашылам таңдай болып түн түре мен.

Бәйшешек:

Мен болам қырларында текеметтің

Көктемге алғаш көрік әперетін,

Бәйшешекпін көктесем қар астында

Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін

Лалагүл:

Персияда қастерлеумен майымды,

Астанаға менің атым қойылды

«Кұдайдың өзі сүттен жаратты»-деп

Грек халқы таратты мені көп

Ертегісі боп жүрген жер-ғаламның

Сұңғақ бойлы лалагүл ме боламын

II. «Сарғалдақ» тобы

Сарғалдақ

Көктемнің шаттық жырымен

Жайма шуақ күнімен

Бұлбұл құстық тамылжып

Бақшада салған үнімен

Табиғатты құлпыртып,

Жайқалған дала бөктерде

Текеметтің түріндей

Көз байлантар өткенге

Мекенім болған орман,бақ

Гүлмін мен атым сарғалдақ.

Інжугүл:

Көктемнің алғаш гүлінің

Інжугүл атты бірімін

Адамдықтың,достықтың

Куәсімін,жырымын.

Бақбақ:

Ішетін кофе елдегі

Белгілі шеттен келгені

Білді ғой содансоң барлық жұрт

Жасырын сырды мендегі

Тамырымды дәрі баладым.

Шипа боп дертке қонамын

Ертеден таныс баршаға

Бақбақ гүлі боламын

Жүргізуші:

Алыс елден келіпті

Достарға сәлем беріпті

Өзі сондай көрікті

Айтсын сол гүл көргенің

Келесі сөз 2 топтың гүл өсімдіктеріне беріледі.

Традесканция Мен тропикалық Америкадан келдім.XVIII ғасырда өмір сүрген ботаник Д.Традесканттың фамилиясы менің атым.Өзім өте нәзік болсам да,бөлмеде күй талғамай өсе беремін.Оқушылар менің жапырағымдағы хлорофилл дәндерімді қарайды.Туып өскен жерім сазды орман болғандықтан, суды «іше бергім» келеді.

Фуксия Менің туған жерім Мексика 1969 жылы ботаник Фукс қойыпты.Үйірме мүшелерінің көзіне гүлім бірден түседі,себебі гүлдерім өте әдемі,қызыл,көк және сары түсті. Жапырақтарым сабаққа қарама-қарсы орналасқан.

Қазтамақ Мен Оңтүстік Африканың субтропикалық белдемінен келдім. Ғылыми атым пепаргония. Себебі, аналығымның мойыны тырнаның тұмсығына ұқсаған өте ұзын.Сондықтан атымды гректің «тырна» деген сөзінен қойыпты. 200-ден астам түрлерім бар.Эфир майын көп бөліп шығаратындықтан хош иістімін. Мені әтір жасау,конфет жасау,темекі өнеркәсібінде қолданылады.

III.Өсімдіктерге байланысты 2 топқа ойын тапсырмалары беріледі:

«Қызғалдақ» тобына-«Туған жердің өсімдіктерін білесіз бе?»

Жүргізуші туған жердің өсімдіктерін айтады.Сол кезде оқушылар қол соғады.Егер туған жерде өспейтін өсімдік аталса,оқушылар қол соқпайды.Осылайша топ оқушылары ұпай жинайды.Топта қанша оқушы болса,сонша өсімдік аталады.

«Сарғалдақ» тобына кеппешөптерді анықтау тапсырылады

Топ оқушыларына кеппешөптер таратылады.Топ оқушылары кеппешөптегі өсімдіктердің атын анықтап жазады.Кеппешөптерді дұрыс тапқан оқушыға ұпай қосылады.

IV Үй тапсырмасы.

2 топқа бірдей жүргізіледі.Жүргізуші кеппешөп өсімдіктердің біреуін оқушыларға көрсетеді.Сол өсімдіктің халық шаруашылығындағы маңызын,қасиетін айтуды талап етеді. Яғни,топтар кезекпен-кезек жауабын айтады.Дұрыс айтқан топқа ұпай қосылады.







© 2017, 1194 6