2019. «09». 10
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Уақыт- ұлы күш. Абай Құнанбайұлы «Сағаттың шықылдағы емес ермек» | Мектеп: Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі |
Сынып: 7 «В», «Г» Пәні:Қазақ тілі мен әдебиеті | Мұғалімнің аты-жөні: Зиябекова Г.Х. Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау 7.1.1. Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдана білу 7.1.2. Салыстырмалы, асырмалы шырайлардың қызметін білу, ауызша жұмыстарда қолдану |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы мәтіннің мазмұнын түсінеді, көмекші есімдерді ажырата біледі, шырайлардың түрлерін ажыратады; Мәтіннің мазмұныны түсінеді, көмекші есімдерді ажырата біледі, жазбаша ауызша жұмыстарда қолданады Мәтін мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды, шырайлар мен көмекші есімдерді ажыратып, ауызша, жазбаша қолданады. |
Бағалау критерийі | - Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, қазақ тілінде уақыт жайлы ақпарат бере алады. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, уақыт жағдайын сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз ойын айтады, сыныптастары мен пікір алмасады. |
Тілдік мақсаттар | Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мәртебе, үштілді, көптілді, заманауи, аударма шығармалары, озық технологиялар. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: Менің ойымша... Осылардың ішінде... Ақындардың айтуынша... Уақыт – су секілді... Не себепті …. деп ойлайсыз? |
Құндылықтарға баулу | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. |
Пәнаралық байланыс | Тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, география. |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | «Cыңарын тап» әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін пысықтау |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы. 8 минут Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 7-минут | «Жүректен жүрекке» тренингі. Бүгінгі күніміздің сәтті өтуі үшін бір- бірімзге тілек білдіреміз Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату. Оқушыларды қима қағаздары арқылы топқа бөлу. Екі түрлі қима қағаздарын ала отырып, топқа бөлінеді. «Сыңарын тап» әдісі. Оқушыларға мақал-мәтелдер мен әр түрлі ақпараттар жазылған қима қағаздары беріледі. Сыңарын тауып сөйлемді толықтыру керек Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. Елу жылда ел жаңа. Адамды заманы билейді. Уақыт керуеніне бөгет жоқ. Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас. Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы. Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. Жан жарасына уақыт емші. М.Әуезов : «Жұмысың өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл». А.Құнанбаев : «Өмір-дүние дегенің-ағып жатқан су екен » Абай Ахмет Риза медресесінде оқыған. А.Құнанбаев «Сағаттың шықылдағы емес ермек» Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. 1- тапсырма оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды сызба арқылы түсіндіреді. Мәтіндегі көмекші есімдер мен сын есім шырайларын табады. Табысты адамдар таңертең ерте тұрады. Бірақ бұлар ерте тұрып алуды көздемейді.Тек сіз үлгеретін уақытыңызды анықтап алыңыз, сосын сол уақытта тұрып үйреніңіз. Бизнесмендер әрқашанда жұмысқа ерте барады. «Ерте тұрған адамның ырысы да, бір ісі де артық» екенін ұмытпаңыз. «Persi» компаниясының бұрынғы төрағасы – Стив Реймунд таңғы 5.00-де тұрып алып, үйінің жанында орналасқан алаңды 7 шақырымды жүріп өтеді екен. Ал «Apple» компаниясының бас директоры Тим Кук таңғы 5.00-де өз ауданының маңында орналасақан жаттығу залында болады.Табысты адамдар бір күннің жоспарын жазып алады.Күнді қалай өткізетінін біледі. Өйткені әр минуттың олар үшін құны бар. Олар жоспардағы істернің тәртібі бұзылса, талай мәселелердің шешілмей қалатынын түсінеді. 2-мәтін Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімінің өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір минуты отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі төменірек. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір ғана күнтізбе бар, тек оны әркім әртүрліше пайдаланады.Байларға да, қарапайым адамдарға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана табысты адамдардың қатарына қосыла алады. Адам уақытты бағалай білгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Күнделікті жоспарын құрады. Сол арқылы ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Еріншектің күні ұзағырақ өтпей жатқан секілді болады.Уақытын үнемдей білген адам өте жақсы жоспар құра біледі. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Дескриптор Мәтіннің мазмұнын түсінеді Сызба жасау арқылы негізгі ақпаратты табады Көмекші есімдерді ажыратады Сын есімнің шырайларын ажыратады 2 -тапсырма Оқушылар алдарында жатқан сөздерді қолданып сөйлем құрастырады. Құрастырған сөйлемдері уақыт шеңберінде болғаны дұрыс. Іші, сырты, маңы, жаны, қасы , ортасы, ұзағырақ, өте қысқа, тым ұзақ, аса ұқыпты, керемет сый, орасан зор т.б Дескриптор Дескриптор арқылы кері байланыс беріледі 3- тапсырма Мәтін бөліктернің дұрыс -бұрысын анықтау. № | Мәтіннен үзінді | дұрыс | бұрыс | 1. | Абай кітапханады Е.П. Михаэлспен танысады | | | 2. | Уақыттың жаулары: мақсат қою, жоспарлау | | | 3. | «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң әрқалан» деп Абай айтқан | | | 4. | Екпіннің екі түрі бар | | | 5. | Кітаптың беті, мектептің маңы, үйдің жаны көмекші есімдерге жатпайды | | | 6. | «Жарық дүние есігін ашты» эвфемизмге жатады | | | 7. | Абай Ахмет Риза медресесінде оқымаған | | | 8. | Тым биік, өте аласа салыстырмалы шырайға жатады | | | 9. | М.Әуезов: «...Әр минутыңды ұқыпты пайдалана біл», - деп өсиет қалдырған | | | 10. | Үлкенірек, дымқылдау салыстырмалы шырайға жатады | | | Оқушылар сөйлемдердің дұрыс бұрыстығын топтық бағалау арқылы тексереді. Әр топ бір-бірінің жұмысын бағалайды. Кері байланыс беріледі | Қима қағаздары Интербелсенді тақта, слайд Қима қағаздар Интерактивті тақта |
Сабақтың соңы 3 минут 2 минут | Сабақты бекіту: «Ашық микрофон» әдісі Оқушылар қолдарына микрофон алып, бүгінгі сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді. Бағалау : ауызша бағалау Үйге тапсырма: Бөлімді қайталау Рефлексия: «Менің шеңберім» әдісі арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды. 10-50 дейінгі ұпай бойынша оқушы сабақта өзін қалай ұстады, бүгінгі тақырыпты қай дәрежеде меңгергенін тұжырымдап, балл тұсына аттарын жазып, стикер жабыстырады. | |
| | |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Барлық оқушылар сөздіктермен қамтамасыз етіледі. Грамматикалық ережені еске түсіруге тапсырма беріледі. Көпшілігіне мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану үшін диалогқа түсуге қолдау көрсетіледі. Кейбір оқушылар «ПОПС» формуласы әдісі арқылы мәтін мазмұнын дамыта айтуға жағдай жасалады. Грамматиканы естеріне түсіре отырып, сөйлем құрастыруға мысал беріледі. | | Әлем тілдері туралы ақпараттты меңгере отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға баулу. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдермен танысады. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |