СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ашық сабақ "Жабайы аңдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ

Жабайы аңдар

Мақсаты: Балаларды жабайы аңдар туралы білімдерін кенейту

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Жабайы аңдар"»

Білім беру саласы: «вариативтік компонент», «әлеумет», «коммуникация»

Білім беру бөлімі: Айналамен қоршаған орта, экология, тіл дамыту, арт терапия.

Тақырыбы: «Жабайы аңдар».

Бөлімі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балаланың іс - әрекеті

Мотивация-лық қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.

 Қол алысып, қане біз,

Достасайық  бәріміз.

Армысың алтын күнім,

Армысың балабақшам.

Бәріңізбен амандасып,

Басымызды  иеміз.

«Кітап орталығы» «Алақай – балақай!» атты көрме.

Мақсаты: Балалар ата -аналармен орындаған жабайы аңдар туралы альбомдарды қарастыру. Жақсы балалар, жарайсыңдар. Бұл жұмысымызды осылай жақсы жасағандарын үшін бір – бірімізге шапалақтайық.

Барлығы бірлесе амандасып, қимыл –әрекетпен көрсетеді.







Әр бала ата – анасымен қандай жануарлар туралы альбом жинастыраның айтып береді.



Қуана шапалақтайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

  • Балалар, айтындаршы сендер орманға жабай аңдарға қонаққа барғыларын келе ме?

  • Ол үшін біз «Құйрығын біріктір және қай аң екенің тап» деген ойын ойнауымыз керек.

Мақсаты: Екі баладан бөлінеміз кез келген құйрықтың жұбын тауып біріктіріп аң бейнесіне әкеліп орналастырамыз.

  • Ойынды жақсы ойнадындар, бірақ бізге аңдарға қонаққа жету үшін тағы да бір ойын ойнау керек: «Көлеңкесін тап».

Мақсаты: Ойын бала деңгейіне байланысты беріледі. 3-5 тапсырма көлемінде, балалар жануарлардың көлеңкелерін алып бір – бірімен қарындашпен сызу арқылы қосу қажет.

  • Міне, балалар «Қысқы орман» мекеніне жетіп қалдық. Бірақ, бұл жерде жабайы аңдар жоқ. Біз сендермен жабайы аңдарды орындарына орналастырамыз.

  • Аю апанда ұйықтайды, шырша ағаштың қасында қасқыр жүр, қоян орманның ортасында секіріп жүр, түлкі орманның оң жақ бұрышында жүр.

  • Балалар, аңдардың сендермен ойнағысы келеді. Ойын «Қай аң жоғалды».

Мақсаты: Көзімізді жұмамыз қай аң жоғалып кетеді сол аңды атау керексіңдер.Билингвальды компонент: тиін – белка, қоян – заяц, қасқыр – волк, аю – медведь, түлкі – лиса, орман – лес.

  • Балалар, қарандаршы мына ағаштың арасынан бір аңның денесі көрініп тұр, қалай ойлайсындар бұл қандай аңдар?

  • Жақсы балалар, біз енді орнымызға отырып алдымыздағы тәрелкенің ішіне фасольдан іздер түсірейік.

  • Оң қолымыздың сұқ саусағымен жоғарыдан төменге іздер салайық.

  • Ыдыстың үстіңгі оң жақ бұрышынан астынғы сол жақ бұрышына иректетіп іздер салыңдар.

  • Жақсы, енді барлығымыз оң қолымызға қылқаламды алып алыдымыздағы ыдыстың ортасын қылқаламның көмегімен тазалайық.

  • Ешнәрсе жасырыбаған, енді қыздар ыдыстың оң жақ үстінгі жағын қылқаламның көмегімен тазаландар, ал ұлдар астын тазаландар.

  • Жақсы балалар, сендер көп жұмыс істедіңдер енді барлығымыз жарты шеңберге отырып көзімізге «Тиін» атты жаттығуды орындайық. Ағаштан – ағашқа Секіріп тыным таппаймын. Жылы киіндім қыста мен, Тоңбаймын мен алақай! Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің.

-Жарайсыңдар, балалар. Әрине, ол біздің кішкентай тиін. Тиіннің құйрығы ұзын, жүндері үлпілдек болады. Адамға бауырмал болады. Тиін, жаңғақтармен қоректенеді.

  • Иә, барғымыз келеді.





Бір – бірімен ақылдаса жұп болып бөлінеді.







Әр бала арнайы карточкамен жұмыс жасайды.





Балалар, кезек- кезек кеңістікті бағдарлап аңдарды орналастырады.



Жоғалған аңдарды атайды және қай аңның орны қозғалғаның да атау.

Екі тілде айтады.





Бұл жолбарыстың денесі, және бұзының мүйізі.









Балалар іздерді салады, жұмыстары аяқталғасын орындарын жинастырады.





Әр бала қылқаламның көмегімен тазалайды қандай жануар пайда болады соны атайды.

Рефлексиялық – түзетушілік

Бүгін не істедік?

  • Қандай жабайы аңдарды білеміз?

  • Не ұнады? Көріскенше күн жақсы. Сау – саламат болайық.

Тірек – сызбаға сүйеніп атау.

 Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.


Міндеті: Оларды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, ойындар арқылы тілдерін дамыту.Сөздік қорларын байыту, тірек – сызбаға сүйене отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, аңдар туралы ата – аналармен альбомдар жинастыру, суретпен жұмыс.

Сөздік жұмыс: жабайы аңдар, орман.

Билингвальды компонент: тиін – белка, қоян – заяц, қасқыр – волк, аю – медведь, түлкі – лиса, орман – лес.

Көрнекіліктер: әр түрлі дәнді дақылдар, аңдардың суреттері мен муляждары, орман макеті, тірек – сызба, карточкалар, дидактикалық ойындар.

Құрал-жабдықтар: Қима қағаздан аңдар, дәнді – дақыл салынған тәрелке, қылқалам, аңдар суреттері тәрелкеде.

Күтілетін нәтиже:Біледі: жабайы аңдарда танып, ажырата біледі. Игереді: ойын арқылы жабайы аңдардың тіршілігі мен қорегін біліп игерді. Меңгереді: сұрақтарға жауап беруді, жануарларға қамқорлықпен қарауды меңгерді.