Сабақтың жоспарланған кезеңдері (уақыт) | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен амандасады, суретте көрсеткен сәлемдесу әрекеттерін көрсетеді. Біздің әр өткен кездесуіміз - қуаныш. Ал қуанышта кеңпейіл халқымыз не істеген?…Шашу шашқан. - Шашу дегеніміз не?… Ол тілек, береке. Біз де береке тілеп, шашу шашайық. (Шашу шашылады). Келе жатқан Наурыз мейрамымыз құтты болсын! Сабақтың мақсаттарымен таныстырады. | Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Сәлемедесу әрекеттері арқылы амандасады, бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады. | | |
Қызығушылықты ояту | Миға шабуыл Сұрақтар қояды Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? ҚР қандай әйгілі спортшыларын білесіңдер? Жақсы, бүгінгі күні мен тақырыбын жазып алайық. Аптаның дәйексөзі «Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік» | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. | | |
Сөздікпен жұмыс | апталық – неделя бағдарлама – программа қашықтық – дистанция шаңғышы – лыжник Жаңа сөздерді бекіту үшін сөздерді септейік Апталық/ шаңғышы | Оқушылар жаңа сөздермен танысады, аудармасын, айтады, сөздік дәптерге жазып алады. Оқушылар сөздерді септейді, жалғауларды дұрыс жалғайды, қатесіз жазады. | Дескриптор Берілген сөздерге жалғауларды дұрыс, жалғайды, қатесіз жазады. 2 б. | |
Сабақтың ортасы | Оқылым тапсырмасын топпен орындаймыз. Тақиялар арқылы екі топқа бөлінейік. 1 топ/ 2 топ 1 топ «Қысқы олимпиада ойындары» 2 топ «Қазақстан жеңімпаз спортшылары» | Топқа бөлінеді. Оқушылар мәтінмен танысады, түсініп оқиды, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, қосымша сұрақтарға жауап береді, бір-бірін тыңдайды, бағалайды. | Дескриптор 1.Мәтінді түсінеді. 2.Тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. 3.Сұрақтарға жауап береді. 4 б. Бір-бірін тыңдап, бағалайды. | |
Сергіту сәті | «Наурыз – біздің жаңа жыл» ән айту | | | |
Сабақтың соңы | «Тыныс белгілері» ережені тыңдап алайық. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі. Жазылым тапсырмасын жұмыс парақтарда орындайық. ЕБҚБ жұмыс парағы беріледі. | Ережені меңгереді, тапсырмаларды орындайды. Жұмыс парақта тапсырма орындайды. | Дескриптор 1.Сөйлем соңында тыныс белгілерді дұрыс қояды. 2.Өз мысалдарын келтіріп жазады. 3.Сөйлемдерді сәйкестендіреді. 4.Берілген тапсырмаларды мұқият, қатесіз орындайды. 4 б. | |
Үйге тапсырма | 126 бетте 5-тапсырма | | | |
Рефлексия | | Оқушылар сабақ бойынша алған әсерлерімен бөліседі. Өз көңіл-күйлерін айтады. | | |