СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шалқан" ертегісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата шалқан отырғызды.(ертегіні әңгімелеуге дайындық)

Мақсаты: Үлкендердің көмегімен мазмұнын айтуға үйрету. Заттардың, төлдердің қасиеттерін айтуға үйрету (М), (М) дыбыстарын айтылуын тиянақтау. Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Д/о: «Анасы және төлі қалай дыбыс береді?» Билингвальдық компоненті: Ата-дед,әже-бабушка,немере-внучка,

ит-собака,мысық-кошка, тышқан-мышка.

Просмотр содержимого документа
«"Шалқан" ертегісі.»

ІІ-кіші тобына арналған

оқу іс-әрекетінің ұйымдастырудың

технологиялық картасы

20.11.2014 ж.

Білім беру саласы: «Қатынас» Тәрбиеші:Балғынбаева Қ.Ғ.

Кіші сала: Тіл дамыту.

Тақырыбы : Ата шалқан отырғызды.(ертегіні әңгімелеуге дайындық)

Мақсаты: Үлкендердің көмегімен мазмұнын айтуға үйрету. Заттардың, төлдердің қасиеттерін айтуға үйрету (М), (М) дыбыстарын айтылуын тиянақтау. Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Д/о: «Анасы және төлі қалай дыбыс береді?» Билингвальдық компоненті: Ата-дед,әже-бабушка,немере-внучка,

ит-собака,мысық-кошка, тышқан-мышка.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Жыл мезгілін анықтау.

Д/о: «Бұл кайда өседі?»

-алма-жеміс,

-қияр-көкөніс,

-шалқан-көкөніс.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Жаттығуды қайталайды.

Ойынға барлығы қатысады.

Іздену- ұйымдастырушы

Бүгін «Шалқан» туралы қызықты ертегіні айтатынын хабарлайды.

Шалқан ертегісінің суреттерін көрсету.

Ертегіні асықпай айту,оны үстел үстіндегі ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін көрсете отырып түсіндіру.Балалардың шалқанды қалай тартатынын көрсетуін сұрайды.Екі-үш рет тартады деп қайталату.Шалқан өте-өте үлкен.Шалқанның мөлшерін көрсетуін талап етеді.

Шалқанды қалай тартқандарын айтуға көмектесіп, ертегіні фланелеграфты қолдану арқылы тағы да айтып береді.

Сергіту: Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың

Бұлтиып тұр белің

Қай өрістен тойдың?

Ертегіні тыңдайды .


Балалар шалқанды қалай тартқандарын көрсетеді.


Тәрбиешімен бірге қайталайды.


Шалқанның қандай екенін көрсетеді.



Мәтінді тәрбиешімен бірге қайталап айтады.


Балалар белсенді әңгімеге қатысады.





Дене қимылымен, мимкасымен көрсетіп, жасайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы


Үстел үстіндегі мүсіндердің көмегімен ойнауын талап етеді.

Д/О: «Анасы мен төлі қалай дыбыс береді?» ойнату

Балалар топта не бар екенің көрсетіп айтады.


Балалар үй жануарларының дыбыстарын салып, қызыға ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Ертегінің мазмұнын айтып беру керектігін ұғынады.

Ертегінің кейіпкері, төлдер туралы түсінеді.

Ертегіні ынталанып тыңдау, сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеп беруді қолдана алады.