Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 27.02.2020ж
Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Таным
Пән / Предмет:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Тірі және өлі табиғат»
Тақырыбы / Тема: «Ауамен танысу»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Тәжірибе жүргізу арқылы балаларға ауаның барлық жерде бар екендігін және оның барлығына қажет екенін түсіндіру.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың логикалық ойлауын дамыту.
3. Оқыту – обучающая : Балаларға ауа туралы түсінік беру. Ауа бізге қажет. Ауа − жердегі тірі жандардың бүкіл өмірдегі жаны.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Салауаттың, бөлме өсімдіктерінің суреттері, ойынға қажет үлестірмелі материалдар.
Көптілділік :, өсімдіктер-растения-plants,жапырақтар-листья-leaves,сабақ-стебель-stem.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Таңғажайып сәт: Есік қағылып ішке Дымбілмес кіреді.
-Бәрі мені ренжітеді, мен судың астында балықтармен бірге өмір сүргім келеді,ал маған бәрі судың астында өмір сүре алмайсың дейді.Сен балық емессің, адамсың, ал адам ауамен дем алады дейді.
Балалар біздер судың астында өмір сүре алмаймыз, бізге ауа қажет.
Дымбілмес: Ал, мен,ол ауаны қайдан аламын?
-Дымбілмес саған ауаны беру керек емес. Ауа әрқашанда біздің қасымызда,бірақ ол көрінбейді.
Билингвалдық компонент: ауа-воздух
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
-Ауа дегенді қалай түсінесіндер? (Онымен біз тыныс аламыз)
Ауа-адам,жануар және өсімдіктерге тіршілігіне керек зат. Біздің айналамызда ауа көп,біз онымен тыныс аламыз,бірақ көрмейміз,егер ауа болмаса, тіршілік тоқтайды.
Ауаның бар екеніне көз жеткізу үшін, тәжірибелер жасап көрейік.
Тәжірибе жасау.
1.Тәжірибе: «Ауасыз»
Ауыздарын, мұрындарын жауып тұрады.Ауасыз қанша тұратындарын тексереді.
Қортынды: Адам ауасыз өмір сүре алмайды.
2.Тәжірибе: «Ауаны ұстау»
Целлофан пакетке үрлейді де ауызын байлайды. Ішінде ауа бар екенін көрсетеді. Инені алып пакетті теседі одан ауаның шыққанын көрсетеді.
Қорытынды: Ауаның түсі жоқ.
3.Тәжірибе: «Ауаның иісі»
Апельсинің, жуаның,сарымсақтың иісін сезуді ұсынады.
-Жаман иістер болса біз не қолданамыз?
Ауызымен, мұрнымен дем алады, оның ешқандай иісі болмайтының айтады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Көзге ілінбейтін,
Жұтсан білінбетін
Ауаны біз іздейік,
Аузымызды жабайық,
Терең тыныс алайық!
Тәжірибе жұмысын одан әрі жалғастыру.
4. Тәжірибе: «Ауаның салмағы»
-Ауаның салмағы бола ма?
Суға апельсинді салады ол батпайды, ал екінші суға тазартылған апельсинді салады ол батып кетеді. Қабығымен салынған апельсин жеңіл өйткені ішінде ауа бар.
Қорытынды: ауаның салмағы бар ,бірақ ол суға қарағанда ауа жеңіл.
5. Тәжірибе: «Ауаны естейміз»
Ысқырықты, музыкалық аспаптарды алып ойнайды.Олар арқылы ауаны естейтінді айтады.Саусақтарымен тамақтын үстіне қойып дыбыстарды дыбыстайды.Дыбыстар арқылы ауаның шығып жатқаның көрсетеді.
Қорытынды: Әртүлді әдіспен естуге болады.
-Мен сендермен ойнағым келеді.
Ойын: «Болады, болмайды»
Мақсаты: ауа туралы білімдерін бекіту.
-Жылы ауа (болады)
-Таза ауа(болады)
-Үлпілдек ауа (болмайды)
-Жеңіл ауа (болады)
-Лас ауа (болады)
-Ашулы ауа(болмайды)
-Суық ауа(болады)
- Жолақша ауа(болмайды)
3.Қорытынды/итоговая часть:
Дымбілмес: Балалар сендер ауа туралы көп біледі екенсіңдер. Ауа бізге қажет. Ауа − жердегі тірі жандардың бүкіл өмірдегі жаны. Сау болыңдар, балалар!
Жарайсыңдар балалар. Балаларды мадақтау.