Күні, айы: | Мұғалімнің аты-жөні: Әбілова Б.Т. |
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Аурухана |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну 1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау 1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу 1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақ қоя білу |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы Дене мүшелерін атай алады, қайда баратынын (ауруханаға), неге баратынын айта алады. Көбі: Тақырып бойынша өзара тілдесе алады, мұғалімнің көмегімен септік, тәуелдік жалғауларын қолдана алады. Кейбірі: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Ағылшын сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. |
Тілдік құзыреттілік | Мен дүкенге барамын. Мен ауруханаға барамын. Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қоюБлалар сендер тағам дегенді қалай түсінесіңдер? Суретке қарап әңгіме жүргізу  | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы | 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар неге? деген сұрақ үлгісімен танысады: - Сен қайда барасың? - Мен ауруханаға барамын. - Неге? 2-тапсырманы орындағанда оқушылар Сен қайда барасың? сұрағына суретке қарау арқылы жауап береді. Алдыңғы сабақтарда үйренген сөздерін еске түсіреді. Оқушылардың жауаптары:.. Мен ауруханаға барамын Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын. Мен дүкенге барамын 3-тапсырма оқушыларды берілген белгі бойынша толықтырып айтуға жаттықтырады. Оқушылар оқулықта берілген белгілер бойынша қайда баратынын/бармайтынын айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен ауруханаға барамын. Мен дүкенге бармаймын. Мен мектепке барамын. Мен тауға бармаймын. Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Оқулық 138-139 бет Аудиодиск: 8.5.1.; 8.5.4. №2 жұмыс дәптері 30 бет |
Сергіту сәті 1 минут | Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын. | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Аяқталуы | Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. | Оқулық, дәптерлер. |
Сабақтың соңы | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.  | Бас бармақтар |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |