Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество.
Пән/Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Техника және біз»
Тақырыбы/Тема: «Автобус»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Түрлі-түсті қарындаштардың көмегімен геометриялық пішіндерді пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
3.Оқыту – обучающая: Балалардың айналамыздағы техника құралдары жайлы білімдерін жетілдіру. Автобустың суретін салуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, көрсету және түсіндіру.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үлестірмелі карточкалар, картоннан ойылып жасалған әр түрлі түстегі автобустар, түрлі – түсті қарындаштар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: көлік-транспорт, бағдаршам-светофор
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Қызықты сәт: Н.Айтовтың «Жолың болсын» өлеңіне жылулық шеңберін құру.
Балалар, адамдар көлікпен алыс сапарға шыққанда бір-біріне «жолың болсын» деп жақсы тілек айтатынын естеріңде шығар, олай болса
Атам шықса сапарға,
-Жолың болсын!- дейді апам.
Апам шықса сапарға,
-Жолың болсын!- дейді атам.
-Жолың болсын!- дейді олар,
Үлкенге де кішіге.
-Жолың болсын!- дейді олар,
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзде байқадым,
Қуат барын, күш барын.
-Жолың болсын!- айтам мен,
Алыс жолға шықса кім.
-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр
Алысты жақын еткізеді
Керек жерге жеткізеді. (көлік)
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Көліктер үш түрге бөлінеді. Жерде, аспанда, суда жүретін көліктер.
Ойын: «Көліктерді топтастыр»
Мақсаты: Көліктер туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Үлестірмелі карточкалардағы көліктерді әуе, жер, су көліктері түрлеріне бөледі.
-Балалар жеңіл көліктер не үшін керек?
-Автобус, троллейбус, трамвай не үшін керек?
-Жедел жәрдем көлігі не үшін керек?
-Өрт сөндіру көлігі не үшін керек?
-Пойыздар мен ұшақтар не үшін керек?
-Жарайсыңдар сендер көліктер туралы көп біледі екенсіңдер.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір»дейді
Бір көзім «абайла»дейді
«Қарап ал маңайға»дейді
-Ол не ?
-Бағдаршам қандай қызмет атқарады?
Билингвальды компонент: көлік-транспорт, бағдаршам-светофор
-Балалар, сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
-Бүгін біз көліктің бір түрі –автобустың суретін салатын боламыз.
(Автобусты қалай салу керектігін үлгіні көрсете отырып түсіндіру)
Көрсету және түсіндіру.
-Алдымен тік төртбұрышты пішін саламыз.
-Дөңгелектерін саламыз.
-Алдыңғы бөліміне кабина пішіні салынамыз.
-Терезесін кішкене төртбұрыштардан жасаймыз.
-Балалар салған автобустарыңды өздерің қалаған түспен боясаңдар болады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қылқаламды қояйық.
Қолымызды созайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Нұрасылға қарындашты дұрыс ұстауды үйрету.
Ойын: «Өз аялдамаңды тап»
Мақсаты: түстерді ажырата білу, ойын дамыту.
Шарты: картоннан ойылып жасалған әр түрлі түстегі автобустарды бір-бірден таңдап алып, өз автобусының түсін атайды, бір сұраққа жауап беріп, өз аялдамасына апарып қояды.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар біз бүгін қандай көлік түрінің суретін салдық?
-Балалар бізге автобус не үшін қажет?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар, салған суреттерің өте әдемі шығыпты. Жұмыстарын бағалап көрме ұйымдастыру. Балаларды мадақтау.