Интеллектуалдық ойын: «Білімді азамат-ел ертеңі»
Мақсаты:
1)Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін кеңейтіп, ой-өрісін тереңдету;
2)Өз ойын анық жеткізе білуге, есепті шешу тәсілдерін игеруге, пәнді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру; 3)Зерделілікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа , байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблеманы іздеу, жеке ізденушілік.
Ұйымдастыру:
1.«Бәйге»
2.«Кім жылдам»
3.«Иә» және «жоқ»
4.«Жорға»
5.«Көкпар»
Ойынға 8 оқушы қатысады.
1-тур «Бәйге»
Бұл ойында 1сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.
1. Физикалық шамалардың (дененің массасы, ауырлық күші, салмағы) қайсысы жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда өзгермейді? (Масса)
2.Пойыздың қозғалыс жылдамдығы 20 м/с дегенді қалай түсінесіңдер? (1 секундта 20 метр жол жүреді)
3.Таразының бір жағына фарфор, екінші жағына темір кір тастар ілінген.Екеуінің массалары бірдей. Егер кір тастарды суға батырсақ тепе-теңдік өзгере ме? (Иә, себебі ртеміррфарфор)
4.Тұмсығы мен мойны бар, жұмыртқа басатын қойны бар. (√)
5.Жеті туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу? (жеті ағасы, бір қарындасы)
6.Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал? (Телескоп)
7.Үш шырпыдан бір есік, құрастырып көр шешіп. (П әрпі)
8.Массасы 1 кг дененің салмағы неге тең? (9,8 Н)
9. «Амперметр» тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)
10.Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)
11.Күшіне сенген бір мықты, жығып салып сегізді, барайын қайда дегізді.(шексіздік)
12.Қандай санның кез-келген дәрежесі сол санның өзіне тең?(бір)
13.Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де алтыға тең. Ол қай сандар (1,2,3.)
14.2 мен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда, 2-ден үлкен 3-тен кіші сан шығады? (үтір, 2,5)
15.Жасы 100-ге келген бір қария туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебі не? (29 ақпан)
16.Қандай сандар 3-ке бөлінеді? (цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін сандар)
2-тур «Кім жылдам?»
Оқушы жауабы 10 ұпаймен бағаланады.
1.Автомобиль 160 км қашықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобильдің жылдамдығы неге тең?( 80 км/сағ)
2.72 км/сағ-ты м/с-пен өрнекте. (20 м/с)
3.Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтті?(100с)
4.2,5г/см³-ты кг/м³-пен өрнекте.(2500 кг/м³)
5.Тік бұрышты үшбұрыштың қатеттері 3см, 4см. Гипотенузасы қанша? (5см)
6.х²-1=8. х-тің мәні қанша? (-3, 3)
7.Массалары 10 кг және 20 кг болатын екі дене өзара соқтығысты. Денелердің қайсысының жылдамдығы көп өзгереді және неше есе өзгереді?(бірінші дененің жылдамдығы, 2 есе артық)
8.Шаршының қабырғасы 4см. Ауданы неге тең? (16см²)
9.Өткізгіштер тізбектей жалғанған, кедергілері 10 Ом, 15 Ом жалпы кедергісі неге тең?(25 Ом)
10.Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ге тең. (5 пен 3)
11.Өткізгіш кернеуі 220 В, ал кедергісі 20 Ом. Ток күші неге тең? (11А)
12.Шеңбердің радиусы 11см, диаметрі неге тең? (22см)
13.60º-қа сыбайлас бұрышты тап. (120º)
14.Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 30º-қа тең. Қалған бұрыштар неге тең? (30º, 150º, 150º)
15.8 кг керосин сиятын құтының көлемі неге тең? Керосиннің тығыздығы 800 кг/см³. (0,01м³)
16.Кедергісі 2 Ом, кернеуі 350В тізбектегі ток күші неге тең? (175А)
Осы турдан кейін ұпайы аз
2 оқушысы ойыннан шығады.
3-тур «Иә» не «Жоқ»
Оқушылардың білімі 3 ұпаймен бағаланады.
1.Кез келген санның ноль дәрежесі бірге тең (Иә)
2.Масса өлшейтін құрал-динамометр (Жоқ)
3.Тығыздықтын өлшем бірлігі-кг/м3 (Иә)
4.Қысымның өлшем бірлігі-паскаль (Иә)
5.Барлық натурал сандар-бүтін сан (Иә)
6.Плутон- тозыншы планета (Жоқ)
7.Абсолюттік шамасы 1-ге тең векторды бірлік вектор деп атайды (Иә)
8.37- құрама сан (Жоқ)
9.Косинус – жұп функция (Иә)
10.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600 (Жоқ)
11. 900 –тан кіші бұрыш-доғал бұрыш (Жоқ)
12.Қиылысатын екі түзу әрқашан перпендикуляр (Жоқ )
Осы турдан кейін ұпайы аз
2 оқушы ойыннан шығады
4-тур «Жорға»
Әр сұрақ 5 ұпай
1.Алғашқы ғарышкер (Т. Әубакиров)
2.Кернеуді өлшейтін құрал (Вольтметр)
3.Ауырлық күшінің формуласы (Fa =m·g)
4.Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик.(Әл-Фараби)
5.Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер не деп аталады. (Лактометр )
6.Алғашқы әйел ғарышкер (Валентина Терешкова )
7.Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)
8.Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама ( күш)
9.Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына өзара өтуі (Диффузия)
10.Шанаға қосарлап жегілген үш ат 30 км жүріп өтті. Әр ат неше км жүріп өтті. (30 км)
11.1-sin2a неге тең ? (cos²a)
12.86 саның ешқандай амал қолданбай 12-ге арттыр (98)
Осы турдан кейін ұпайы аз
2 оқушы ойыннан шығады.
қ3
5-тур «Көкпар»
Дұрыс жауап 5 ұпай болып есептеледі, қалған екі оқушыға сұрақтар қойылады, тез жауап бергені ұтады.
1.Электр кернеуі қандай шама?
А. Векторлық ;
В. Скаляр. (А)
2.Массаның өлшем бірлігі қандай?
А. килограмм
В. жылдамдық (А)
3.30º-қа вертикаль бұрышты ата?
А. 60º
В. 30º (В)
4.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал?
А. Манометр
В. Барометр-анероид (В)
5.Николай Коперник қай елдін ғылымы?
А. Грек
В. Поляк (В)
6.Тікбұрышты үшбұрыштың 30º-қа қарсы жатқан қатеті 10-ға тең. Гипотенузасы қаншаға тең?
А. 20
В. 5 (А)
7.Бұрышты өлшейтін құрал?
А. Транспортир
В. Динамометр (А)
8.25 қанша?
А. 16
В. 32 (В)
Қорытынды: Жоғары ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады және марапатталады
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Гастелло орта мектебі
Сыныптан тыс
іс-шара
ХХІғасыр
көшбасшысы
(Интеллектуалдық ойын )
Сыныптар: 7-9 «А»
Мұғалім: Жүнісова Г. К.
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Гастелло орта мектебі

Тақырыбы:
Баланы отбасында рухани дамытудың кейбір қырлары.
Мұғалім:Жүнісова Г.Қ.
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Гастелло орта мектебі
Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Наурыз-думан!
Мұғалім:ЖүнісоваГ.Қ.