СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Есептер мен жаттығулар мазмұны оқушыларды экологиялық табиғаттанулық өлкетанулық ұлттық және кейбір тарихи мәліметтермен таныстырады

Просмотр содержимого документа
«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

Мектеп:

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» кмм


Күні: 23.01

Мұғалімнің аты-жөні: Аюбаева З.А


Сынып: 6а

Барлық оқушы саны: 24

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер



Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін есеп шығаруда қолданады

Басым көпшілігі:

Тақырып жайлы түсіктерін қалыптасыра отырып тақырыптың өзекті түйінді жерлерін практикада қолданады

Кейбір оқушылар:

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай біледі


Жетістік критерийлері

* Мәндес теңдеуді табады

* Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешеді


Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шығарылуын түсіндіреді, өз ойын математикалық тілде айта алады.

Пәндік терминдер: айнымалы, коэфициент, бос мүше, түбір


Құндылықтарға баулу

Оқушылар ынтымақтастық ортада жұмыс жасайды, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе отырып, басқалардың пікірлерін тыңдауға, өз ойын ашық айтуға дағдыланады.


Пәнаралық байланыстар

Геометрия, тұрмыста қолдана алу


Алдыңғы оқу



Сабақбарысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

7 минут






















Сабақтың ортасы

25 минут

Жұптық жұмыс

3 минут




Топпен жұмыс

5 минут


























3 минут









5 минут





5 минут



5 минут






  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:

Күннін шуағындай жылу тілеймін.

Қажымас қайрат тілеймін.

Таудай талап тілеймін.

Сәттілік тілеймін.

Ой қозғау

Фронтальді сұрау. Білімін актуалдандыру үшін

«Таза тақта»

1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп атайды?

3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесің?

4. Егер а  0 болса, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?

5. Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің неше жағдайы бар?

6. 1-қасиетті пайдаланып түрлендіруді енгізген ғалым кім?

7. Ғылыми еңбектері математикалық теңдеулер саласына арналған қазақ ғалымы кім?

Жұптық жұмыс:

Теңдеуді шешіп, түбірін тап:

  1. 4х + 5(3 - 2х) = 5 – 11х

  2. 8х + 3(7 – 2х)  4х + 3

  3. 19 – 2(3х + 8) = 2х – 37

Топпен жұмыс. Смайлик арқылы бағалау.

1-топ

Катер ағыс жылдамдығы 2 км/сағ өзенде ағыспен жүзіп, А айлағынан В айлағына 6 сағатта барады. Катер қайтарында В айлағынан А айлағына өзеннің ағысына қарсы жүзіп, 7,5 сағатта барды. Катердің меншікті жылдамдығын тап.

Жауабы: (х + 2)6 = (х - 2)7,5 х = 18 км/сағ

2- топ

Мотор құрастыратын цех жұмысшылары тапсырманы белгіленген мерзімде орындау үшін күніне 6 мотор құрастыруы керек еді. Олар күніне 2 моторды артық құрастырып, тапсырманы белгіленген мерзімнен 3күн бұрын орындады. Мотор құрастыратын цех жұмысшылары тапсырма бойынша барлығы неше мотор құрастырулары керек?

Жауабы:  х = 72

3-топ

Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3л банкалар бар. Егер сусынды екі литрлік банкаларға құйса, үш литрлік банкаларға құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болады. Дайындалған жүзім сусыны неше литр?

Жауабы:  х = 12 л

Математикалық логикалық есептер. «Миға шабуыл»

  1. Мына бірліктердің арасына бір

  1. 1 1 1 1 = 100 ғана амал қойып, теңдікті тура теңдікке айналдыр.

2. «Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әңдетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған? ( 127 балық)

Оқулықпен жұмыс

№ 878

Дескриптор:

Түбірі болмайтын теңдеулерді бір бағанға, түбірі кез келген сан болатын теңдеулерді екінші бағанға жазады.

«Бірге ойлаймыз» стратегиясы бойынша

Жұптық жұмыс

№ 879 Жауабы 1) х = 5 2) х = - 3 3) х = 9

Тест тапсырмалары:

І нұсқа

1. Сызықтық теңдеуді көрсет:

а) 12х + 5 = 27; b) ; с) х2 + 2 = 12; d) дұрыс жауабы жоқ

2. х = 5 қай теңдеудің түбірі болады:

а) 3х + 15 = 0; b) 25 – 5х = 0; c) 10х = 2; d) дұрыс жауабы жоқ

3. Сызықтық теңдеуді шеш: 2х = 17 + 3х.

а) х = - 17; b) х = 17; c) х = 3,5; d) дұрыс жауабы жоқ

4. Есепті шығарудың теңдеуін құр:

Егер бір себеттегі алма екіншісіндегіден 5 есе көп, ал екеуінде барлығы 120 алма болса, әр себетте неше алма болады?

а) х + 120 = 5х b) 5х – х = 120 с) х + 5х = 120 d) 5х + 5х = 120

5. 0  х = 10 теңдеуінің түбірін тап:

а) 10 b) – 10 с) 0 d) түбірі жоқ

ІІ нұсқа

1. Сызықтық теңдеуді көрсет:

а) -2х + 5 = 27; b) ; с) х2 + 8 = -5; d) дұрыс жауабы жоқ

2. х = 3 қай теңдеудің түбірі болады:

а) -3х + 6 = 0; b) 12 – 4х = 0; c) 6х = 2; d) дұрыс жауабы жоқ

3. Сызықтық теңдеуді шеш: 5х = 15 + 8х.

а) х = - 5; b) х = 5; c) х = 3,5; d) дұрыс жауабы жоқ

4. Есепті шығарудың теңдеуін құр:

АВ кесіндісі СД кесіндісінен 2 есе ұзын. Егер АВ кесіндісі СД кесіндісінен 18 см ұзын болса, әр кесіндінің ұзындығын тап.

а) 2х - х = 18 b) 2х + х = 18 с) 2х = 18 - х d) 2(х + 18) = х

5. 6  х = 0 теңдеуінің түбірін тап:

а)  b) –  с) 0 d) түбірі жоқ




Сабақтың соңы

7 минут


Кері байланыс.

«Қарлы кесек» әдісі бір бет параққа өткен материалдар бойынша әр топ 2 сұрақтар жазып, басқа топ оқушыларына лақтырады. Қағып алған оқушы сол сұраққа жауап береді. Өткен материал сұрақтарға жауап беру арқылы пысықталынады

Рефлексия


Үйге тапсырма: № 870, №  876

Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша өзін өзі бағалау.

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбы бойынша

сабақ барысында өзін-өзі бағалау парағы (максималды 5 ұпай)

Оқушының аты-жөні:

Критерийлері

Жетістіктер

1

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасы мен қасиеттерін білемін


2

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттерін қолдана аламын


3

Берілген теңдеуді мәндес теңдеуге түрлендіре аламын


4

Логикалық есептерді шығара аламын


5

Диалогтік жұмыста белсендімін


6

Өз ойымды еркін жеткізе аламын


7

Топтық жұмыстарда белсендімін


Бағалау шкаласы: Жалпы ұпай: Бағасы:


32-35

5

25-31

4

20-24

3

0-19

2







Скачать

© 2018, 1444 39

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!