СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бір және екі өлшемді массивтер.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

1

2

3

4

5

  10

1,5

4,3

5

-4

                   

   – индекс                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

   – кесте элементтері.                                                                                                                                                   

 

Бұл кесте 5 элементтен тұрады: А[1]:= 10; A[2]:= 1.5; … A[5]:= -4.

Просмотр содержимого документа
«Бір және екі өлшемді массивтер.»

Сабақ жоспары тексерілді:

Күні:05-08.12.16ж

Сынып: 9абвг

Сабақтың тақырбы: Бір және екі өлшемді массивтер.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларға массив туралы түсінік беру. Массивті сипаттау, толтыру, шығару әдістерімен таныстыру. Көбейтіндісі мен қосындысын табуды үйрету.

  2. Практикалық: массивтерге, массивтердің көбейтіндісін қосындысы табуға есептер шығару

  3. Дамытушылық. Массив элементтерінің қосындысын және көбейтіндісін табуға үйретіп, ойлау қабілеттерін дамыту.

  4. Тәрбиелік. Оқушыларды мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд

Сабақтың жоспары:

а) ұйымдастыру

ә) өткенді қайталау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.(2 мин)

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.

II. Өткенді қайталау

Слайд бойынша жұмыс істеу

  1. Бүтін типке қолданылатын амалдарды тап;

  2. Саналатын типтерге қолданылатын стандартты функцияларды тап;

  3. Шектеулі типтің диаграммасын құр.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.(25 мин)

ЭЕМ- ның көмегімен шешілетін мәселелердің көбі информацияның үлкен көлемдерін өңдеумен байланысты. Өңдеуге қолайлы болуы үшін информация көбінесе кестеге түсіріледі. Кестелер сызықты және тіктөртбұрышты болады.

Кестенің әр мәніне немесе элементіне оның реттік нөмірі сәйкес келеді. Реттік нөмір индекс деп аталады.


1

2

3

4

5

10

1,5

4,3

5

-4

– индекс

– кесте элементтері.


Бұл кесте 5 элементтен тұрады: А[1]:= 10; A[2]:= 1.5; … A[5]:= -4.



Массив аты Индекс Мәні

Алгоритмде кестелік шамалар былай сипатталады: Нақ кес A[1:5]

Бүт кес D[2:20]

Лит кес К [20:30].


1-мысал. әрбір элементті Уi = Ai2 болатын У кестелік шамасын құр керек.


Алг квадраттар кестесі (арг бүт кес A[1:5], нәт бүт кес У[1:5])

Басы бүт і

Енгізу А

Үшін і бастап 1 дейін 5

Цб

У[і]:= A[i]2

Цс

Шығару У

Соңы.


Компьютерде кестелік шамалармен жұмыс істеу үшін массивтер (жиымдар) қолданылады.

Массив дегеніміз – саны белгілі, типтері бірдей элементтердің жиыны. Массив әрбір элементіне компьютер жадынан орын – ұяшық беріледі.

Массивтің сипатталуы.

Массивті сипаттаған кезде оның аты, элементтерінің нөмірленуі, типі көрсетіледі.

Var массив аты: array [1..n] of элемент типі;

Мұндағы n – белгілі бір сан. Мысалы: Var A: array [1..5] of integer;

Var San: array [10..20] of real;

Var Klass: array [2..100] of string;

Массивті толтыру. 3 әдісі бар

  1. Массив элементтерін клавиатурадан толтыру.

For i:= 1 to 10 do

Readln(A[i]);


  1. Кездейсоқ санмен толтыру.

Randomize

For i:= 1 to 10 do

A[i]:= random(100);

Мұндағы Randomze – кездейсоқ сандар толтыру генераторы, random(100) – 1- ден 100- ге дейінгі аралықта кез келген санды алады. 100- дің орнына басқа санды қоюға болады.


  1. Формуламен толтыру.

For i:= 1 to 10 do

A[i]:= 2 * i;


Массивті шығару. 2 әдісі бар:

  1. Бағанмен шығару.

For i:= 1 to 10 do

Writeln(A[i]);

  1. Бір жолға шығару.

For i:= 1 to 10 do

Write(A[i]: 5);


1-мысал. Массив элементтерінің қосындысын табу. Pascal тілінде жазайық.

Алг қосынды (арг бүт кес A[1:5],

нәт бүт S)

Басы бүт і

Енгізу А

S:= 0

Үшін і бастап 1 дейін 5

Цб

S:= S + A[i]

Цс

Шығару S

Соңы.

Program kosindi;

Var A: array [1..5] of integer; S, i: integer;

Begin

For i:= 1 to 5 do

Begin

Readln(A[i]);

S:= S + A[i];

End;

Writeln(‘S=’, S);

Readln;

End.


IV. Бекіту. (10 мин) (Компьютермен жұмыс)

Қосу мен көбейту программасын компьютерде орындап, нәтижесін шығару.


Қосымша есеп: B(10) массиві берілген. B{1; 5; -2; -3; 4; -1; 7; 9; -5; 14}. Оң элементтердің қосындысын, теріс элементтердің көбейтіндісін табыңдар.


Program esep_1;

Var B: array [1..10] of integer; P, S, i: integer;

Begin

S:=0; P:=1;

For i:= 1 to 10 do

Begin

Readln(B[i]);

If B[i]0 Then S:= S + B[i] Else P:= P * B[i];

End;

Writeln(‘S=’, S);

Writeln(‘P=’, P);

Readln;

End.


  1. Қорытындылау.(2 мин)

  • Массив дегеніміз не?

  • Индекс дегеніміз не?

  • Массивтің сипатталуы, толтырылуы, шығарылуы.


  1. Үй тапсырмасын беру.(2 мин)

  1. Жазған лекцияны оқып, жаттап келу.

  2. Есеп: А(10) массиві берілген. Массивтің жұп элементтерінің санын, тақ элементтерінің қосындысын тап.


Program esep;

Var A: array [1..10] of integer; P, K, i: integer;

Begin

K:=0; P:=1;

For i:= 1 to 10 do

Begin

Readln(A[i]);

If A[i] mod 2 = 0 Then K:= K + 1 Else P:= P * A[i];

End;

Writeln(‘K=’, K);

Writeln(‘P=’, P);

Readln;

End.


  1. Бағалау.(2 мин)

Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.