Екінші кіші «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Бізді қоршаған әлем »
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды қоршаған ортада өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сыртқа физиологиялық еркешеліктерін, дағдыларын дамыту.
Оқыту: Өзінің эмоциялық жағдай туралы әңгімелеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, дамыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғы шеңберге тұрғызу.
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң.
Бақытты өмір сүреміз!
Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз:
«Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу-парыз,
Қасиетін ұғу-парыз
Просмотр содержимого документа
««Бізді қоршаған әлем »»
Екінші кіші «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Бізді қоршаған әлем »
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Балаларды қоршаған ортада өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сыртқа физиологиялық еркешеліктерін, дағдыларын дамыту.
Оқыту: Өзінің эмоциялық жағдай туралы әңгімелеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы, дамыту технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Таңғы шеңберге тұрғызу.
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң.
Бақытты өмір сүреміз!
Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз:
«Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу-парыз,
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетінде тұру – парыз деп айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, бізді қоршаған әлем туралы білуіміз керек.
2.Негізгі бөлімі:
Ауа туралы жұмбақ айтады
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы
Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)
Ауа жөніде кімнің тақбағы, кім қандай ауа туралы пікір айтады?
Балалар ауа туралы тақпақ айтады,
Балаларға сұрақтар беремін.
Ауа арқылы не болады?
Балалардың жауабы.
Ауаны не ластайды? Машина түтіні т.б.
Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Жел арқылы лас ауа екінші жерге жетеді.
Лас ауамен дем алу адам өміріне өте зиян, өсімдіктер мен жануарларға да таза ауа керек.
Сондықтан ауаны таза ұстау керек.
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көркі ,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
3.Қорытынды:
Балалардың жауабын естіп, оқу қызметін қорытындылау.
Балаларды мақтау, мадақтау.