СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Буын түрлері" кіріктірілген ашық сабақ

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Буын түрлер" ашық сабағының әзірлемесі

Просмотр содержимого документа
«"Буын түрлері" кіріктірілген ашық сабақ»



Мұғалім: Икишева Ә.А. .

Пәні: информатика, қазақ тілі (кіріктірілген сабақ) сыныбы: 5 «ә»


Сабақтың тақырыбы:

Буын түрлері және аралас құжаттарды құру

Сабақтың танымдық мақсаты:

Аралас құжаттарды құра отырып, буын түрлерін пысықтау арқылы пәнаралық байланыс орнату.

Сілтеме:

5-сынып оқулығы. Авторы: Е.Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б.Қ. Әбенов электрондық оқулық, презентация

Күтілетін нәтиже:

Paint және WordPad редакторларында аралас құжаттар құра алады.

Буын, оның түрлерін анықтай алады.

Өзіндік ойы бар, ақпараттық технологияны меңгерген тұлға болып қалыптасады.

Әдіс –тәсілдер:

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, Сын тұрғысынан ойлау («Кестемен жұмыс», «Компьютермен жұмыс»)


Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивация-лық кезең

8-9 мин


  • Сыныппен сәлемдесу;

  • Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, сыныпты қалыпқа келтіру, топқа бөлу);

  • Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру;

  • «ЭКСПО» тақырыбында шағын видео көрсету;

  • Оқушылар видеодан алған әсерлерін ортаға салады.

сабаққа дайындалады


Жағымды психология-лық әсер алады.



Операция-лық

кезең

20-22 мин

«Білу»

Үй тапсырмасы «Серпілген сауал»4-5 мин

Оқушылардың атын атап, доп лақтыру арқылы сұрақ қою.

  1. Paint графикалық редакторын не үшін қолданамыз?

  2. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

  3. Сурет фрагментімен қандай операциялар орындауға болады?

  4. Paint графикалық редакторында мәтін жазу құралы қалай аталады?

  5. Алмасу буфері дегеніміз не?

  6. Масштаб құралын не үшін пайдаланамыз?

  7. WordPad мәтіндік редакторын не үшін қолданамыз?

  8. Бас әріпті қалай енгіземіз?

  9. Бос орын қай кезде қойылады?

  10. Enter пернесін қай кезде басу керек?

  11. Paint редакторынан мәтіндік редакторға суретті қалай қоямыз?

  12. Мәтіндік редакторға суретті қалай саламыз?

«Практикум»9-10 мин

І топ

Берілген суретті және мәтінді Paint графикалық редакторында орындау.

ІІ топ

Берілген сурет пен мәтіндіWordPad мәтіндік редакторында орындау.

«Талдау»2 мин

Компьютерде орындалған тапсырманы талқылау. Paint графикалық редакторымен WordPad мәтіндік редакторының арасында қандай ұқсастықтар бар?


Мәтін, буын бойынша сұрақтар: 5 мин

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Қандай түрлері бар?

  3. Жазғандарыңыздың мәтін екенін дәлелдеңіздер.

  4. Фонетика нені зерттейді?

  5. Буын дегеніміз не? Түрлерін ата.

Мәтіндегі буын түрлерін ажыратып астын сызыңдар.


Сұрақтарға жауап береді.



















Оқушылар компьютермен жұмыс жасайды, талдайды.








Сұрақтарға жауап береді.


Әр оқушы тапсырмаларды орындайды.

Рефлекция-лық кезең

12 мин

Сергіту сәті«Мен қазақпын» 2 мин


«Жинақтау»5 мин

Қорытынды «Кезбе тілші»

Әр топ қарсылас тобына 2-3 сұрақ әзірлеу, топтан бір оқушы барып сауал алу.

Бағалау5мин

Топ басшылары «Бағалау парағы» бойынша әр кезеңді бағалап отырады. Қортындысын айтып өту.

Рефлексия «Минуттық шешім» тақтадағы өзіне ұнаған смайликке стиккер жапсыру.

Еркін қимыл жасайды.



Оқушылар сұрақ бойынша жауап береді.

Оқушы өз шешімен бөліседі.

Үй тапсырмасы

2 мин

«Менің қиялымдағы ЭКСПО» тақырыбына аралас құжат құрып, буын түрлеріне ажыратып келу.

Үйге тапсырма алу