Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы, Құрық ауылы
«Болашақ» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі Амирова Нургуль Ануарбековна
«Математика патшалығына саяхат»
№5 «Ақыл» мектепалды даярлық тобына
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарпайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Математика патшалығына саяхат!
Мақсаты:
Көрнекілік: Слайд, бейнетаспа, дидактикалық ойынның үлестірме материалдары.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотива
циялық қозғау
шы
|
Үш тілде амандасуды ұйымдастырады
|
Саламатсыздарма!
Здраствуйте!
Good-morning, teacher!
Үш тілде амандасады.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
1-слайд:Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы «Математика патшалығына саяхат» деп таныстырады.

2-слайд: Математика патшалығына саяхатқа карта арқылы баратынын айтады. (Пішіндер, цифрлар, сұрақтар,сергіту, логика, есеп қалалары)Осы қалалар арқылы тапсырмалар орындап,жүріп өткен қалаларымызға жұлдызшалар жанып отырады.
. 
3-слайд: Алтын ережемен таныстырады.

4-слайд: «Пішіндер қаласының» тапсырмасымен таныстырады.Қалай орындалу ережесін түсіндіреді.

5-слайд:
1-тапсырма: «Геометриялық пішіндерге ұқсас
заттарды тап»
Мақсаты: Әр пішінге ұқсас заттарды дұрыс тауып, сызық арқылы байланыстыру.

6-слайд:
2-тапсырма: «Сиқырлы пішіндердің санын санап,
жаз»
Мақсаты: Суретте неше геометриялық пішін болса. Соның санын жазу.

7-слайд: «Пішіндер қаласының тапсырмасын дұрыс орындап, жұлдызша жанғанын айтады.
8-слайд: «Сұрақтар қаласының тапсырмасын түсіндіреді.

1-тапсырма: «Жаңылыспай санаймыз»
Мақсаты:

|
Мұқият тыңдайды.
Қызығушылық танытады.
Естерінде сақтайды.
Әр пішінге ұқсас заттарды дұрыс тауып, сызық арқылы байланыстырады.
Сиқырлы пішіндердің санап, санын жазады.
Қуанады.
.
Мұқият тыңдайды.
|
|

Білім әлеміне жетіп, картадағы қала жұлдыздары жанады. Смайликтерді санап, жеңімпаз топты марапаттайды. Барлық балаларға білім кілті таратылады.
|
Тәрбиешімен бірге смайликтерді санап, жеңімпаз топ мақтан етеді.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Айналасындағы балалармен бірлесе әрекет ете алу, ертегі түрлерін, кейіпкерлерін бір-бірінен ажырату,өз аты-жөнін жаза алу,дыбыстық талдау жасау, буынға-буын қосып оқу, ребустар шешу, тақ цифрмен жұп цифрды ажырату,1-ден 20-ға дейін тура және кері санау, логикалық сұрақтарға толық жауап беру,
Баланың қолынан келеді: Айналасындағы балалармен бірлесе әрекет ете алады, ертегі түрлерін, кейіпкерлерін бір-бірінен ажыратады,өз аты-жөнін жазады,дыбыстық талдау жасайды, буынға-буын қосып оқиды, ребустар шешеді, тақ цифрмен жұп цифрды ажыратады,1-ден 20-ға дейін тура және кері санайды, логикалық сұрақтарға толық жауап береді.
Просмотр содержимого документа
«№5 "Ақыл" мектепалды даярлық тобына арналған "Математика патшалығына саяхат" тақырыбында оқу қызметінің конспектісі»
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп отыр.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев.
Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Тоғыз жылдан аса тәрбиешілік еңбекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басыбүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.
Таным саласы арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың танымдық іс-әрекеті: ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.
Балалардың қызығушылығын арттыруда, танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:
-балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту
-қиялдарын ұштау
-тапқырлыққа жетелеу
-қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.
Міндеттем:
-балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
-логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
-балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.
Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына
көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады.