Мағынаны ашу: Оқушылар тақтадағы суреттен не көріп тұрмыз? Сізге қандай ойлар келеді?Тақырыбымызға сай деп ойлайсыз ба? | «Миға шабуыл » стратегиясы Арухан: Біз тиынның екі жағын көріп тұрмыз. Нұртілеу :Тәрбие сағатымыз ақша туралы болмақ сияқты. Данияр: Теңгеміз тәуелсіздігімнің айнасы. Мирас: Әр нәрсенің басы және аяғы болады. |
Мағынаны тану: Бұл суреттің мәнісін сабақ аяғына дейін түсіне жатармыз, балалар. Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы « Ас әлемін білеміз бе?».Халқымыз тамақтануға көп мән берген. Қазағым әр ісі мен сөзін мақалмен өрнектеп, дәлелдей білген.Кәне , балалар ас туралы мақал- мәтел білетіндігімізді ортаға салайық. Енді балалар , дұрыс тамақтану деген сөзді қалай түсінетіндігімізді кесте арқылы көрсетейік. Фаст фуд дегеніміз не ? Көне Мысыр абыздары құрамы мен сапасы жағынан фастфудқа ұқсас тағамдарды қолданған. Ұлыбританияның Манчестер университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр. Зерттеушілер абыз мумиялары мен ежелгі кесенелердегі таңбаларға талдау жүргізген. 22 мумияның 16-сынан жүрек-қан тамырлары ауруының белгілері анықталыпты. Ал тоғыз сүйектің тамырларынан кальций шөгінділері табылды. Ғалымдардың айтуынша, атеросклероз ауруының белгісі саналатын бұл жайт ағзадағы май алмасу процесінің бұзылуынан, яғни дұрыс тамақтанбаудан болады. Кесенелердегі көне таңбаларда қызметшілердің абыздарға дайын тағам ұсынып жатқаны бейнеленеді. Профессор Дэвид Саидтің сөзіне қарағанда, абыздарға бірнеше күн бұрын ұн мен қаз майынан, ет пен жұмыртқадан әзірленетін тағамдар күніне үш рет берілетін болған. Дәрігердің айтуынша, ежелгі Мысыр элитасы өкілдерінің үнемі осылай тамақтануы салдарынан олар бар болғаны 40-50 жыл ғана өмір сүрген. Ал, негізінен, вегетариандық рационмен қоректенген қарапайым шаруалардың өмір жасы бұдан әлдеқайда ұзақ болған. | « Мақал - сөз мәйегі » Оқушылар үш топ болып мақал – мәтел айтып жарысады: Аспен ұрғанды таспен ұр. Қазан қайнап тұрса , ақыл сайрап тұрады. Адам кірмеген үй көрмен тең , ішілмеген ас умен тең. Асы бар аяқтан аттама. т.б « Дұрыс тамақтану » кестесін толтыру Дұрыс тамақтану 4 мезгіл тамақ ішу уақытылы зиянды тамақтану тамақ дәрумендер қабылдау ішпеу Дұрыс тамақтану - ақуыз , көмірсу мен майы тең дәрежедегі және дәрумендерге , минералдарға бай асты тұтыну .
Тамақтану пирамидасы Газдалған сусындар , қытырлақ картоптар, гамбургер , пицца , хот дог, дайын кеспелер т.б Фаст фуд –тез дайындалатын тағам . Олар құрғақ тағамға жатады. Себебі оларды 120 градусқа ысытқанда дәмі , құрамы өзгереді . Дәрумендері 25 пайызға азаяды. Фаст фуд құрамында Е қоспалары бар , ал олардың денсаулыққа зияны көп.Е – 102 –нің құрамындағы тартразин цистиннің функциясын өзгертеді.Е -621 дәмді күшейткіш , оның құрамындағы глутамат натрия көздің шеліне әсер етіп , көздің көруі нашарлайды. |
Оқушының білімін бекіту: Ал енді оқушылар кезекті бейнероликке берейік . Енді алған білімімізді бекіту мақсатында сіздер өзіндік жұмыс жасайсыздар. Фиш боун әдісі бойынша проблеманы талқылаймыз. « Екі жақты күнделік » стратегиясы | « Смерть от чипсов » видеосын тамашалайды және талқылайды. «Фиш боун» стратегиясы . Басы – проблема Үстіңгі қаңқалар – себептер Астыңғы қаңқалар – дәлелдер Құйрығы – шешім , қорытынды Автор | Менің ойым | Мен жеген асымның айнасымын. Г.Гейне | | Келешек бұлыңғыр. | | Фаст фудсыз өмір жоқ! | | Жастар тамақ мәселесіне араласпауы керек. | | Менің қолымнан ештеңе келмейді. | | |
Қорытынды: Сонымен , балалар , бүгінгі сабағымызды қорытындыламас бұрын манағы көрсеткен тиынды есімізге түсірелік.Ол не мағына білдірді? Дұрыс айтасыздар . Сабағымызды ғибратты әңгімемен аяқтағым келеді. Бір дана кісінің оқушысы ұстазын сынайын деп , ұшып бара жатқан көбелекті ұстап алып ,жұдырығына жасырады да ұстазына: «Менің қолымдағы тірі ме , әлде өлі ме ?» - депті.Сонда ұстазы : «Бәрі өзіңнің қолыңда. » - депті. Әрине бәрі де өздеріңнің қолыңызда . Ел боламын десең , бесігіңді түзе демекші болашағымыз саналы салауатты ұрпақ қолында! Дұрыс тамақтанып , денсаулығымызды жастайымыздан сақтап , « Мәңгілік елдің » туын желбіретейік! | Оқушылар : Әр заттың екі қыры бар. Мысалы біз тиынның бетін көрсекте оның артында не жасырын екендігін біле бермейміз. Фаст фуд та , бүкіл тамақ атаулының да құрамын білгеніміз абзал. |