СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аурухана" 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Аурухана" 1 сынып қысқа жоспар, Жаңа бағдарлама бойынша.

Просмотр содержимого документа
«"Аурухана" 1 сынып»

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Әбілова Б.Т.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аурухана

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну

1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау

1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу

1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақ қоя білу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы Дене мүшелерін атай алады, қайда баратынын (ауруханаға), неге баратынын айта алады.

Көбі: Тақырып бойынша өзара тілдесе алады, мұғалімнің көмегімен септік, тәуелдік жалғауларын қолдана алады.

Кейбірі: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мен дүкенге барамын. Мен ауруханаға барамын. Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қоюБлалар сендер тағам дегенді қалай түсінесіңдер?

Суретке қарап әңгіме жүргізу




Шаттық шебері



















Сабақтың ортасы



1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар неге? деген сұрақ үлгісімен танысады:

- Сен қайда барасың?

- Мен ауруханаға барамын. - Неге?

2-тапсырманы орындағанда оқушылар Сен қайда барасың? сұрағына суретке қарау арқылы жауап береді. Алдыңғы сабақтарда үйренген сөздерін еске түсіреді. Оқушылардың жауаптары:..

Мен ауруханаға барамын

Мен мектепке барамын.

Мен тауға барамын.

Мен дүкенге барамын

3-тапсырма оқушыларды берілген белгі бойынша толықтырып айтуға жаттықтырады. Оқушылар оқулықта берілген белгілер бойынша қайда баратынын/бармайтынын айтады. Оқушылардың жауаптары: Мен ауруханаға бара­мын. Мен дүкенге бармаймын. Мен мектепке барамын. Мен тауға бармаймын.

Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.




Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Оқулық 138-139 бет

Аудиодиск: 8.5.1.; 8.5.4.











№2 жұмыс дәптері 30 бет

Сергіту сәті

1 минут

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы



Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.