Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Ч.Дарвиннің ілімінің шығу себептері. ХVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізкт қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Мүйізді ірі қара, жылқы, шошқа, қой, ит, кептерлердің қолтұқымдары шығарылды. Өсімдіктердің – жеміс – жидек, бақша өсімдіктерінің жаңа іріктемелері алынды. XIX ғасырда жаратылыстану саласында геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті. Ғылым саласындағы жетістіктер: А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теориясының шығуы (1861 ж.); Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесін жариялауы (1869) ж; ағылшын гелогі Ч.Лайельдің геологиялық өзгерістер ерекше апаттың әсерінен болмай, климат және өсімдіктер мен жануарлардың әсерінен болатыны дәлелдеулі, т.б.ү
Просмотр содержимого документа
«Эволюциялық идеялардың даму тарихы.»

Омыртқалы жануралар ұрығының дамуын зерттеудің нәтижесінде құстар мен сүтқоректірелдің ұрығында желбезек доғасы, желбезек қанайналымының болатындығы анықталды. Балықтар, құстар, сүтқоректілердің тыстық жақындығы мен сүтқоректілердің арғы тегінің суда тіршілік еткендігінің дәлелденуі де ғылымдағы жетістіктер болды.
Жаратылыстанудың әр саласынан жиналған материалдар «табиғат өзгермейді» деген көзқарасты жоққа шығарды.
Ч.Дарвин іліміне «Бигль» кемесімен саяхат жасағанда жинаған экспедициялық материалдары да көп пайдасын тигізді. (1 - сурет).
Ч.Дарвин эволюциялық теорины бірінші болып ашпағанымен эволюция – өзгергіштіктің қатар жүруінен болатын құбылыс екендігін дәлелдеді. Ол тек табиғаттың табиғи заңының әсерінен дамитынын түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып дәлелдеп берді.
Ч.Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтардың және тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде қазба түрінде тістері кемірушілердің тістеріне ұқсас тұяқты жануарлар мен ламаға ұқсас түйетектес жануралар табылды. Жабайы жылқы тістері мен жалқауаңның қазбадан табылған қалдықтары да Ч.Дарвинге ерекше ой салды. Әсіресе Галапагос аралының өсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Өсімдіктерден – күрделігүлділер тұқымдасының 20 түрін жинады. Осы аралда құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады. Таушымшықтардың 13 түрін байқады (2 - сурет).
Галапагос аралдары Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан 700 км қашықтықта жатқандықтан құстардың түрлерінің 85% - ы аралдан басқа жерде кездеспейді. Ч.Дарвин Галапагос аралдарындағы таушымшықтар Оңтүстік Америкада көрген таушымшықтарына сәл ұқсағанымен түрлері бір – біріне онша ұқсамайтынын байқаған. Ч.Дарвинді таңғалтқан да осы белгілер болды. Аралда үш апта болып, таушымшықтардың негізгі өзгеріске ұшырағаны тұмсықтары екеніне көз жеткізді. Тұмсықтарының өзгеріске ұшырау себептері қорек түрлеріне байланысты деген тұжырымға келді. Шыққан тегі бір болғанымен қоректің түріне байланысты тұмсықтарының өзгеруін мына мысалдан білуге болады. Мысалды, егер тұмсығы жуан болса – қатты тұқыммен, жіңішке ұзн болса – жеміс – жидектермен, біз тәрізді үшкір болса – жәндіктермен және гүл шірнесімен қоректенгендіктен өзгерген. Осылардың ішінде тоқылдақ сияқты ағаш қабығынан жәедіктерді шығарып алу үшін кактустың тікенімен шоқып алатын ағаш таушымшығы кездескен. Мұндай өзгерістен алшақтаудың түрлердің дамуына тигізетін әсері екендігін білуге болады.
Табиғи сұрапталу тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқтарды жойып отырады деген қорытындыға келді.
Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптаулар.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп, өзгеріп отырады. Міне, бұл – Дарвиннің эвлюциялық теориясының негізгі қағидалары.