№56 мектеп-лицей, Астана қ.
Мұғалімніңаты-жөні | Абдрахманова Гүлнар Аманғазықызы | № 56 мектеп-лицей |
7 сынып | Күні : | |
Сабақтың тақырыбы | Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау. |
Сабақтыңмақсаты | Топпен жұмыстарды ұйымдастыру, оқушылардың қосмекенділер туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сөйлеу дағдысының қалыптасуына ықпал жасау. Оқушылардың танымдық тапсырмаларды орындауын жүзеге асыру. |
Оқу нәтижелері | Қосмекенділер класының қандай отрядқа бөлінетіндігін, түрлерін және олардың маңызын білетін болады. Тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарды қолдану дағдысы қалыптасады. . |
Негізгі идеялар | Өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Жаңа материалды оқу барысында қосмекенділердің алуан түрлерімен таныстыра отырып дүниетанымын кеңейту. Қосмекенділердің маңызын біле отырып, қорғау шараларына атсалысуға шақыру. |
Сілтеме | 1. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық Алматы «Атамұра», 2012 2. С.П.Наумов. Зоология позвоночных Москва «Просвещение»,1982 3. М.Ф.Березина и др. Мир животных. Современная школьная энциклопедия Москва. ЗАО «Росмэн пресс», 2009 |
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, география, тарих |
Сабақ кезеңдері | Әдіс-тәсілдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Топқа бөлу «Мені таны» ойыны | Оқушымен амандасып, түгендейді. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызып, назарын сабаққа аударады, омыртқалылардың кластары бойынша топқа бөлінуді ұсынады | Сәлемдеседі. Құралдарын дайындайды. Берілген суреттегі жануарлардың қай класқа жататынын анықтай отырып топтарға бөлінеді. Топ мүшелері қызметтерін бөліседі. | Суреттер. Стикерлер |
Сергіту сәті | «Қызылөрік» |
Үй тапсырмасы | Сұрақ-жауап Өзін-өзі бағалау | Интерактивті тақтадан сұрақтарды ашады І топ сұрақтары 1.Қосмекенділерді зерттейтін ғылым: (батрахология). 2. Есту мүшелері не? (ортаңғы және ішкі құлақ) 3. Мойын омыртқасының саны: (1). 4. Жүрегі неше қуысты? (3). 5. Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған қан айналым шеңбері: (өкпелік немесе кіші) 6. Үшінші қабағы: ( жыпылықтағыш жарғақ) 7. Дернәсілінің атауы: (итшабақ немесе шөмішбалық) 8. Миының қай бөлігі жақсы дамыған? (ортаңғы). 9. Артқы аяқтарындағы саусақ саны: (5). 10. Терілері немен қапталған? ІІ топ сұрақтары 1.Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады? (клоака) 2.Қосмекенділердің жіктелуі? (Құйрықты,құйрықсыз,аяқсыз 3. Не себепті қосмекенділер терісі арқылы тыныс алады? 4.Олардың тұратын ортасы қайда? 5. Қосмекенділер қалай тыныс алады? (өкпе және терісі) 6. Қосмекенділерде алғаш пайда болған құлақ қуысы: (ортаңғы). 7.Қандай мүшесі ересектерінде жойылып кетеді? (бүйір сызығы) 8.Дернәсілдерінің тынысалу мүшесі? (желбезек) 9. Жүрегі неше бөлімді? (3 бөлімді) 10. Алдыңғы аяқтарының бөлімдері: ( қар,білек,алақан) ІІІ топ сұрақтары 1.Зәр шығару жүйесі (бүйрек,клоака қуысына ашылатын несепағар) 2.Асқорыту жүйесі қайдан басталады? (ауыз тесігінен) 3. Жүретін аяқтары қанша? (2 жұп) 4. Артқы аяқтарының бөлімдері: ( сан,сирақ,табан) 5.Қанайналымы қандай шеңберлерден тұрады? (үлкен,кіші) 6. Алдыңғы аяқ қандай сүйектерден тұрады? ( тоқпан жілік,кәрі жілік,алақан,саусақ сүйектері) 7. Бақаның дернәсілі: (итшабақ(шөмішбалық) 8. Миы неше бөлікті? (5) 9. Қосмекенділер қалай көбейеді? (уылдырық) 10. Жүрек бөлімдерін ата (бір қарынша,екі құлақша) | Сұрақтарға жауап қайтарады. Жауаптарын интерактивті тақта арқылы өздері тексереді. Өздерін бағалайды | Оқулық, интерактивті тақта |
| СТО Венн диаграммасы | Тапсырмалар: І топтан бір оқушы: Балықтардың ерекшелігі ІІ топтан бір оқушы: Балықтар мен қосмекенділердің ұқсастығы ІІІ топтан бір оқушы: Қосмекенділердің ерекшелігі | Жауаптарын тақтаға шығып,талқылайды. | Оқулық, интерактивті тақта |
3 топ кестенің 3 бөлігін толтырады Балықтардың ерекшелігі | Ұқсастығы | Қосмекенділердің ерекшелігі | -суда ғана тіршілік етеді; -денесінің сырты қабыршақпен қапталған; -желбезек арқылы тыныс алады; -мишығы жақсы дамыған; -жүрегі 2 қуысты; -қан айналымы 1 шеңберлі; -қарыншада көктамыр қаны болады; | -омыртқалы жануар; -салқын қанды; -денесінің бөлімдері -ішкі қаңқа бар; -миы 5 бөліктен тұрады; -көбеюі мен дамуы суда өтеді; | -суда да құрлықта да тіршілік етеді; -денесінің сырты ылғалды терімен қапталған; -өкпе, тері арқылы тыныс алады; -мишығы нашар дамыған; -жүрегі 3 қуысты; -қан айналымы 2 шеңберлі; -қарыншада аралас қан болады; | |
Негізгі бөлім Білу | «Миға шабуыл» Ой қозғау Топтық жұмыс | Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға, мазмұнын меңгеруге бағыттайды. Топтарға тапсырмалар береді. 1.Қосмекенділердің отрядтары туралы білу | Сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқулықтан мәтінмен жұмыс жасайды, мәтінді оқып, меңгеріп, талдайды, постер қорғайды | Оқулық Флипчарт Стикер, маркерлер |
| Әр топ қосмекенділердің отрядтары бойынша жұмыс жасайды. Кесте толтырады: Құйрықсыз қосмекенділер отряды | Құйрықты қосмекенділер отряды | Аяқсыз қосмекенділер отряды | Кәдімгі тарбақа, сүйіртұмсық бақа,шөп бақа, көл бақа, сібірлік бақа т.б. | Саламандра, тритон, жалды тритон, кәдімгі тритон, сібірлік бұрыштіс | Сақиналы құртжылан, Оңтүстік Америкалық құртша | | Интерактивті тақта |
Түсіну | «Кім тапқыр». Ойлан-жұптас-бөліс | Танымдық сұрақтарды талдауды ұсынады, оқушылардың жауабын тыңдайды, толықтырады | Сұрақтардың жауабын жұппен, топта талқылайды, жауап береді | Интерактивті тақта слайдтары |
І топқа 1. Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты осылай аталған болатын. Олар қайсысына жақынырақ: құрлыққа ма, суға ма? ІІ топқа 2. Бақаның терісі ылғалды, сілемейлі қабықшамен қапталған. Бақа терісінің ылғалды болуының маңызы неде? ІІІ топқа 3. Бақалар ұзақ уақыт судың түбінде бола алады. Неліктен олар тұншықпайды? |
Бекіту бөлімі Қолдану | СТО Диалог Деңгейлік тапсырмалар | Бекіту сұрақтары: 1.Құйрығы, қабырға сүйектері жоқ, артқы аяқтары ұзын қосмекенділер қай отрядқа жатады? (құйрықсыз) 2.Құйрықты қосмекенділерді ата: (тритон, саламандра, жетісулық бақатіс) 3.Құйрықты қосмекенділердің қайсысы Қызыл кітапқа енген? (Жетісулық бақатіс) 4.Құйрықсыз қосмекенділерді ата: (көл бақа, тоған бақасы,жасыл құрбақа, даната құрбақасы, қызылаяқ бақасы, т.б.) 5.Жер бетінде құйрықсыз қосмекенділердің қанша түрі белгілі: (4000) 6.Құйрықты қосмекенділердің қандай түрлері қызыл кітапқа тіркелген: (даната құрбақасы, қызылаяқ бақа) 7.Аяқсыз қосмекенділерді ата: (сақиналы құртжылан) 8.Аяқсыз қосмекенділер қалай ұрықтанады? (іштей) 9.Аяқсыз қосмекенділердің қанша түрі белгілі: (170 түрі) 10.Аяқсыз қосмекенділердің ерекшелігі: (көзі мен дабыл жарғағы болмайды) | Тақырып бойынша білімдерін толықтырады Тапсырманы орындап, кейін парақшаларын ауыстырып бірін бірі тексереді. | Оқулық Интерактивті тақта слайдтары Интерактивті тақта слайдтары |
|
Қорытынды | Ұжымдық жұмыс | «Қосмекенділердің пайдасы» кестесін толтыруды ұсынады | Мұғалімнің көмегімен кестені толтырады | Оқушы дәптері |
Бағалау | Формативті бағалау «Бағдар-шам» | Табыс критерийлерін ұсынады | Өзін-өзі, өзара бағалайды. | Бағалау парағы |
Үйге тапсырма | | Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы туралы мағлұмат жинап келу. | Күнделігіне тапсырманы жазады | Оқулық |
Рефлексия | Не үйрендім? Не білгім келеді? Кері байланыс жасайды. |