І.Ұйымдастыру бөлімі | -Қайырлы күн оқушылар! -Көңіл – күйіміз қалай? -Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Сыныптың сабаққа дайындығын тексереді.Қажетті көрнекіліктер мен құралдарды дайындайды. Оқушыларды тыныштық сәтіне ыңғайлан˗ дырып отырғызады. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену». ˗ Балалар, ыңғайланып отырып, денелеріңді тік ұстаңдар. Қолдарынды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көзімізді жұмайық. Елестетіп көріңдер: Күн нұры сендердің төбелерінен өтіп, кеуделеріне қарай бойлап барады. Кеуделеріннің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүл түйнегі нұрынан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сендердің әр ойларыңды, әр сезімдерінді, көңіл ˗ күй мен тілек-қалауларыңды жұпар иіске бір бөлеп, жүректеріннің қауызын ашты. Нұр сәулесі сендердің бойларына ақырын тарай бастағанын елестетіндер. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңа түсіріңдер. Сендердің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі...Енді, балалар осы сезімді бойларыңа сақтап, өз сыныбымызға оралайық. Ал енді көзімізді ақырындап ашайық. 1. 2. 3." | Оқушылар мұғаліммен амандасады. - Көңіл – күйіміз жақсы. -Ия, дайынбыз. Сабақтағы жұмыстарға оқулықтар мен жұмыс дәптерін және қажетті құрал – жабдықтарын дайындайды. Мұғаліммен бірге тыныштық сәтіне дайындалады. | Сынып сабақққа психологиялық тұрғыдан дайын, мұғалім мен оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды. Тыныштық сәтін өткізу кезінде дене қалпын, тыныс алуы мен денесін бос ұстап, жағымды ішкі өзгерістерге жету үшін, өзіне - өзі сұрақ қоюда қиялын белсендіреді. Толық тыныштықта оқушының жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, сезімі мен көңіл - күйін жақсы сезінеді. |
IV. Жаңа мате-риалды меңгерту. Сергіту сәті | Мәтінмен жұмыс. Өсиет әңгіме Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек.Адам аңдарды үйіне шақырып,аз –кем кеңес құрыпты. Бәріміз бірлесіп,ынтымақты еңбек етсек, қиынымыз жеңілдер еді.Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік. Қалай десек те,Кеңесіп пішкен тон келте болмас, - депті. -Осындай ой – пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын,-депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп. -Адам бізге басшы,біз қосшы болсақ, мен келістім.Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда,үй-жайын қорып, күзетуге мен әзірмін,-депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп. Бадырайған көзін анда – санда ашып – жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай,ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті. -Шақырған жерден қалма,-деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты. -Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін!- деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты. Бір кезде Адамның, Аттың, Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті. Жапалақтың өз достарынан жеке-дара бөлектенуі,оны әрі адастырыпты. Өмір сүру тәсіліде өзгеріпті. Содан бері Адамның,Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты. Оқушылардың түсініктерін сұрақтар қою арқылы тыңдалады: ˗ Адам, Ат, Ит үшеуі қандай келісімге келеді? ˗ Жапалақ неліктен жалғыз қалады? ˗ Келісімде,жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар? -Дұрыс айтасыңдар оқушылар! Адамдар бір – бірімен өзара тіл табысуы,түсінісуі,ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа,шаттыққа бөлейді. Жағдаяттарды шешіңдер.  Тілес Бекарысты байқамай қағып кетті...  Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...... Мұғалімнің басшылығымен сергіту сәті видеоролик арқылы көрсетіледі. Шығармашылық жұмыс. Мұғалім оқушыларға шығармашылық тапсырма береді. «Достық» туралы мақал – мәтелдер айту. Топтық ән: ˗ Балалар, барлығымыз ән шырқағанды ұнатамыз ба? ˗ Өте жақсы, ендеше, қазір біз " Бала тілегі" атты әнді шырқайтын боламыз. Бала тілегі Сөзін жазған: С. Молдасанұлы Әнін жазған: Ф.Лұқпанова Бал – балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет) Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік ˗ ұлан ˗ байтақ еліміз, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет) | Оқушылар мәтінді тізбектей оқып, өз ойларымен бөліседі. Бұл оқиға өте ерте заманда болса керек.Адам аңдарды үйіне шақырып,аз –кем кеңес құрыпты. Бәріміз бірлесіп,ынтымақты еңбек етсек,қиынымыз жеңілдер еді.Әрі біріміздің білмегенімізді екіншіміз айтар едік.Қалай десек те, Кеңесіп пішкен тон келте болмас, - депті. -Осындай ой – пікірді алғаш айтқан адам біздің иеміз болсын. Мен оның айнымас көлігі әрі серігі болайын, - депті шұбар Ат құндыздай жалы жалт-жұлт етіп. - Адам бізге басшы, біз қосшы болсақ, мен келістім. Адам мен Ат ұзақ жолға шыққанда,үй-жайын қорып,күзетуге мен әзірмін,-депті Төбет зор дауыспен арп-арп етіп. Бадырайған көзін анда – санда ашып – жұмған Жапалақ Адамның шақыруын құп алмай, ағаш басында жападан жалғыз отыра беріпті. - Шақырған жерден қалма,-деген шұбар Аттың сөзін естен шығарыпты. - Төрт көзіміз түгел болғанға не жетсін!- деп ынтымаққа шақырған Төбет сөзін місе тұтпапты. Бір кезде Адамның,Аттың,Иттің бұны іздеп келе жатқанын байқап қалып, Жапалақ елден ұзағырақ ұшып кетіпті. Жапалақтың өз достарынан жеке-дара бөлектенуі,оны әрі адастырыпты.Өмір сүру тәсіліде өзгеріпті. Содан бері Адамның,Аттың және Иттің көзіне күндіз түсіп қалмайын деп Жапалақ түнде ғана ұшатын болыпты. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. -Адам, Ат, Ит үшеуі ынтымақтастықта өмір сүруге келіседі. -Жапалақ үшеуінің сөзін құптамады,бірлесіп өмір сүргісі келмеді. - Кешірімді - Мейірбан - Ақкөңіл - Көмектесетін т.б -Тілес Бекарыстан кешірім сұрайды,байқамай қалғаның айтады,достық ниетін ұсынады. -Оларға әжесі келіп бір –бірінен кешірім сұратқызады. - Келісімге келіп,бірлесіп ойнандар, –дейді. Мұғаліммен бірге қайталап, Қимылмен көрсетеді. Оқушылар бұл шығармашы˗ лық тапсырмада достық туралы мақал˗ мәтелдерді айтады. 1. Мың жолдас жақсы, Мың жолдастан бір дос жақсы. 2. Дұшпаннан бір сақтан. Жаман достан мың сақтан. 3. Жүз сом ақшаң болғанша, Жүз досың болсың. 4. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. ˗ Ия! Оқушылар топтық әнді шырқайды.   | Жаңа тақырып бойынша мәтіннен мәлімет жинақтайды, білімдерін кеңейте-лік сапаларын арттыру.ді. Оқушылар бұл ертегіні оқи отырып, қиялдауға, көңілдерін көтеріп армандауға үйренеді. Жаңа сабақтың мәнін ашатын бұл мәтін арқылы табиғат жануарлары мен адамдар арасындағы жарасымдылығы мен келісімділігі туралы ой˗ пікірлер қалыптастырып, олардың ой˗ өрістерінің дамуына дағдыланады. Қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды. Білімдері шыңдалады. Сұрақтарға жауап беріп, еркін сөйлей алады. Өз ойларын айтып жағдаяттарды шешеді. Оқушылар бір серігіп қалады. Сергіту сәтін орындайды, бойлары сергиді, сабаққа белсенділіктері артады. Оқушылар бойларындағы ізденушілік қасиеттерін дамытады. Мақал – мәтелдерді айта отырып ой – өрістерін дамытады, дос болуға ұмтылады. Оқушылар жанынан шырқалған бұл керемет ән арқылы олар көңілдерін бір сергітіп алады. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттілігіне айналдыра, құштарлық сезімдеріне дағдыланады. |