СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Критерий арқылы бағалау – оқушы білімін бағалаудың тиімді тәсілі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бағалау үдерісі – бүгінгі оқыту мен оқудың маңызды элементтерінің бірі. Оқу үдерісін басқарудың тиімділігі бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты.  Қазіргі бағалау икемді, бірнеше аспапты, түсінікті, психологиялық тұрғыдан қолайлы, екі бөлікті: формативті және суммативті болуы керек.

            Формативті бағалау оқушылардың  қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке  қалай жету  керектігін  жоспарлау  үшін  қолданылады.

Просмотр содержимого документа
«Критерий арқылы бағалау – оқушы білімін бағалаудың тиімді тәсілі»

Кулимбетова Калампыр Тулегеновна


КРИТЕРИЙ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ


Бағалау үдерісі – бүгінгі оқыту мен оқудың маңызды элементтерінің бірі. Оқу үдерісін басқарудың тиімділігі бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Қазіргі бағалау икемді, бірнеше аспапты, түсінікті, психологиялық тұрғыдан қолайлы, екі бөлікті: формативті және суммативті болуы керек.

Формативті бағалау оқушылардың  қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін  жоспарлау үшін қолданылады.

Формативті бағалау:

  • Күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын);

  • Алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс;

  • Оқушыға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы;

  • Мұғалімге сыныптың үлгірімін қадағалауға көмектеседі;

  • Қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады.

  • Нәтиженің дамуы мен өсуіне тікелей әсер ететін үрдіс.

  • Ауызша мадақтаулар, мұғалімнің қолдауы, көтермелеуі және жылы сөздер.

Сондықтан бұл бағалау түрі оқыту мен оқудың маңызды факторларының бірі.

Бүгінгі білімде оқушылардың өзін-өзі бақылаулары, өзін-өзі бағалаулары және өзара бағалаулары ынталандырылады. Бағалаудың алуан түрін пайдалану жеке жауапкершілікті көтереді. Формативті бағалау мен оқыту біртұтас. Қалыптастырушы бағалау түрін қолдану тиімді оқытудың болмысы болып табылады, ол оқытуды оңтайландырудың күшті құралы бола алады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Формативті бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім-оқушы арасында кері байланысты орнату. Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы; білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу; «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау дағдылары.

Формативті бағалаудың ең тиімді әдісі оқушыларды критерий арқылы бағалау болып табылады. Критерий арқылы бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критерий арқылы бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.

Критерий арқылы бағалау сабақтың өн-бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.

Тапсырма: Орыс тілі пәнінен 9-сыныпта «Диалог» сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын кеңейту, қызығушылықтарын арттыру мақсатында топтарға  әр түрлі ас мәзірлері беріледі. Берілген суретке және ас мәзіріне қарап, диалог жазу тапсырылады.

Бағалау парағы: (бос торкөздерге 5 балдық жүйемен баға қойылады)


Критерийлер

Төл сөзді сөйлем қолданды

Төлеу сөзді сөйлем қолданды

Тыныс белгісі дұрыс қойылған

Ойы жүйелі

Сөйлемдердің құрылысы талапқа сай

Қорытынды бағасы

1-топ







Сабақ үрдісінде формативті бағалау (қол шапалақтау, жұлдызша беру)  ынталандыру мақсатында жүзеге асып отыратын сабақтың негізгі бөлшегі болып саналады. Орыс тілі сабақтарында мұндай бағалау түрлерін грамматикамен байланыстырып жіберу өте тиімді.

Тапсырма:  8-сыныпта орыс тілі пәнінде «Күрделі сын есімдер» тақырыбында сабақ бар. Сабақтың мақсаты бойынша оқушылар күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрау керек. Осы тұрғыда, мынадай тапсырма беруге болады. Үш топқа әр түрлі суреттің сызбасын ғана ұсынып, сол суреттің ішін бояу тапсырылады. Суретке қарап, күрделі сын есім қатыстырып, сөйлем құрау тапсырылады.

Сынып оқушыларының бағалауы: (формативті  бағалау)

Сіздерге сыныптастарыңыздың жұмысты орындауы қаншалықты ұнады? (1 сын есім айту)

Қандай сөз есіңізде қалды?        (1 зат есім айту)

Қандай баға қояр едіңіз?            (1 сан есім айту)

Критерий арқылы бағалау қалыптастырушы бағалау жұмыстарын (формативті тапсырма) жүргізуде де үнемі жүзеге асып отырады.  Оқушылар жұмысты орындамас бұрын дескрипторларға назар аударады. Өзінің қандай білік-дағдыны қалыптастыруда жұмыс орындағанын  ұғынып отырады.

Сабақтың тақырыбы:   Төлеу сөз туралы түсінік

Критерий: Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану

Мақсаты:  Өз ойын еркін жеткізуде төл сөз, төлеу сөз және автор сөздерін орынды қолданады, тыныс белгілерін дұрыс қойып жазады.

Төмендегі тіркестерді пайдалана отырып, «Мейрамханада» тақырыбына шағын мәтін құрыңыз. Төл сөзді, төлеу сөзді сөйлемдерді қолданыңыз.

Мейрамханада бас киімді шешу, ас ішерде қол жуу, тамақты тез жеу, майлы тағамды көп жеу, ас дайындаған адамға алғыс білдіру, тамақты төгіп–шашып жеу, қасықты дұрыс ұстау, қасыққа толтыра жеу, сораптап ішу, ас қайыру, даяшыға дөрекілік танытпау.









Бір тарауды қорытындылау кезінде оқушыларға берілетін өзіндік жұмыстарда да критерий арқылы бағалаудың қолданылуы нәтижелі болатынын іс-тәжірибемде көз жеткіздім.

Диалогтағы тыныс белгілер

1-тапсырма:   Берілген өлеңді пайдалана отырып, шағын сценарий жазып көріңіз:

- Почему мученьям срок? - Рок.. .
- А чего лишит весна? - Сна.. .
- Почему страстей я раб? - Слаб.. .
- Что не в силах мне помочь? - Ночь.. .
- Что подарит мне рассвет? - Свет.. .
- Кто бы в жизни мне помог? - Бог.. .
- Будет кто по мне страдать? - Мать.. .
- Что же будет впереди? - Жди.. .
- Эхо, дашь ли мне ответ? - Нет.. .
- Что же делать? Как мне быть? ! –Жить

2-тапсырма: Берілген суреттерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз. Әрбір сөйлемде тырнақшаның 3 жағдайда қойылуын ескеріңіз.

3-тапсырма: Өзіңіздің қалауыңыз бойынша жоғарыда аталған тұлғалардың біреуін таңдап, кесене жобасын жасап көріңіз. (суретін салыңыз)  Сонан соң жобаңызды түсіндіріп жазыңыз. Қос нүктелі сөйлемдер болуы міндетті: 1) түсіндірмелі салаластан кейін 2) жалпылауыш мүше + бірыңғай мүше  3) автор сөзі: -төл сөз.

Сабақ процесінде өтілетін тақырыпқа байланысты немесе топқа орындауға берілген 1 тапсырмаға табыс критерийі құрылады. Табыс критерийі – нәтижеге қол жеткізудің ең тиімді жолы. Табыс критерийін дайындап, берілген тапсырма орындалып болған соң, топ мүшелері өз есімдерін жазып, әрбір критерий бойынша өздерін бағалайды. Жұмысым жүйелі болу үшін табыс критерийінің бірнеше үлгілерін дайындап көрдім. Сабақ барысында дайын үлгілерді топқа ұсынып, бірлесіп критерий құруын тапсырамын. Оқушылар алдымен топта ақылдаса отырып, өз ойларын ортаға салады. Сонан соң сынып оқушыларымен түгел бірлесе отырып, критерийлерді нақтылап аламыз.

Табыс критерийі:  үлгі 1

Кез келген тақырыптың оқушылар тарапынан игерілуі мақсатында сабақтың ережесін топқа бөліп беріп, постер қорғатуға болады. Бұл негізде 3 балдық жүйеден тұратын тұрақты критерийді қолданамыз. Мәселен:

  1. Тақырыптың толық қамтылуы – 1 ұпай;

  2. Таныстырылымның түсіндірілуі – 1 ұпай;

  3. Таныстырылымның безендірілуі – 1 ұпай.

Бұл критерийді топтардың өзара бағалауында «Табыс ағашы» арқылы бағалауға болады. Әр топқа мұғалім тарапынан 3 түрлі түсті қатты қағазға шығарылған жапырақтар ұсынылады. Топтар бірін-бірі бағалар кезде қойған бағаларына сәйкес жапырақтарды көтереді. Жасыл жапырақ – 3 ұпай, сары жапырақ – 2 ұпай, қызыл жапырақ – 1 ұпай. (Бұл әдістің орнына «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерін де қолдануға болады)

Табыс критерийі:  үлгі 2

Сабақтың әр мақсаты бойынша критерий құрастырып, бағалау шкаласын смайликтер немесе жұлдызшалар арқылы беруге болады. Әр критерийдің тұсына өзін бағалау үшін оқушыларға жабыстырмалы смайликтер мен жұлдызшаларды ұсынуға болады.


Критерийлер

Бағалау


Өте жақсы


Жақсы


Орташа

1





2





3






Табыс критерийі:  үлгі 3 (Блум таксономиясы бойынша)

Критерийлер

 

Дескрипторлар

 

12 ұпайлық жүйе


Дәстүрлі жүйе бағасы

Білу


1-2 ұпай

3

Түсіну


3-4 ұпай

3

Қолдану


5-6 ұпай

4

Талдау


7-8 ұпай

4

Топтау


9-10 ұпай

5

Бағалау


11-12 ұпай

5


Критерий арқылы бағалау жүйесіне көшу пән мұғалімінен басқа да қызметкерлердің жұмыс міндеттерінің туындауына өз әсерін тигізді немесе олардың білім беру үдерісінде қарастырылған қызметтік міндеттерінің өз мәнінде жүргізілу қажеттілігін тудырды деп айтуға болады. Ең негізгі мәселе болып, пән мұғалімінің сабақта оқу материалын таңдап, іріктей білу біліктілігі күн тәртібіне қойылды. Мәселе баланың білімін бағалау ғана емес, әр баланың қабілет-мүмкіндігін зерттеу, мүмкіндігін дұрыс пайдалануға бағыттау, бағалаудың жаңа жүйесіне көшкен өтпелі кезеңдегі баланың көңіл-күйін реттеу сияқты міндеттер өз шешімін тапқанда ғана критерий арқылы бағалаудың мақсатына жете алатындығына көзіміз жетті.

Бағалау жүйесінің өзгеруімен оқушыларда тиянақты оқуға деген дағды пайда болуымен қатар, проблемалар да туындамай қалған жоқ. Бұрынғы оқушыларды бір-бірімен салыстырмалы бағалаудан өлшемдік бағалау жүйесіне көшкен кезде, кейбір оқушылар 5 балдық бағалау өлшеміндегі бұрынғы көрсеткіштеріне жете алмады. Соның нәтижесінде 2014-2015 оқу жылының І оқу тоқсанындағы 45 үздік оқушымыз ІІ оқу тоқсанында 34-ке түсті.



Критерий арқылы бағалауды пайдаланудың тиімділігі мен берер нәтижелері:



Оқушы


Мұғалім

Ата-ана

  • Өзінің тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайды

  • Өз жұмысына сараптама жасауға үйренеді

  • Өзінің білім деңгейін алдын-ала болжайды

  • Өзінің және сыныптастарының білім деңгейіне сын көзімен қарауға үйренеді, сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды

  • Критерийдің көмегімен өз білімін бағалауға мүмкіндік алады

  • Оқушының білім деңгейін анықтайды, дамуын қадағалайды

  • Әр оқушының мүмкіндік деңгейін біліп отырады

  • Оқушыға оқудың қай тұсы қиындық туғызатынын анықтайды

  • Оқушының кемшіліктеріне назар аударта отырып, оның дамуына бағыт береді

  • Мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланыс орнайды

  • Баласының білім деңгейі жайлы объективті дәлелдеме алады

  • Баласының оқудағы жетістіктерін, оның дамуын қадағалайды, біліп отырады

  • Критерий көмегімен баласына оқуда қолдау көрсете алады

  • Баласының не үшін баға алғанын біліп отырады

  • Ата-ана мен мектеп арасында кері байланыс орнайды


Баға үшін дау-жанжал туындамайды, баға критерий бойынша әділ қойылады


Әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей

  2. Интернет ресурстары