Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 28.09.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Таным
Пән / Предмет: Құрастыру
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Жабайы жануарлар әлемі.
Тақырыбы / Тема: "Күзгі орман "
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Орманға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың қол икемділігін арттыру, канструкторлармен әр түрлі бейнелерді бенелей алуға, жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Оқыту – обучающая : Табиғаттағы тіршілік,күзгі орман туралы білімдерін кеңейту.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,отбасы суреті,
Көп тілділік полиязычие: орман-лес-forest, күзгі ағаштар-осенние деревья-autumn trees
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балаларға жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
Күн жылынса киінеді,
Суытса шешті киімді.
Жел соқса тербеледі,
Желге күш береді.
(Ағаш)
-Балалар жауабы
Балалар сендердің естеріңде ме,өткен сабақта орманға саяхатқа барғанымыз?Орманда нелер өмір сүретін еді?(аю,түлкі, қасқыр, қоян)
біз орманда мекендейтін жануарларды қандай жануарлар дейміз?дұрыс айтасыңдар,жабайы жануарлар деп айтамыз.
2.Негізгі бөлім
Тосын сый:
балалар тындаңдаршы дыбыс естіледі (құстардың дыбысы аудио дыбыс,)
- Балалар бұл ненің дыбысы? (құстардың дыбыстары)
Бір кезде топқа торғай келеді.
- Сәлеметсіңдер ме? балалар (балалар торғаймен амандасады)
- Мен сендерге қонаққа келдім
- Мен жай келген жоқпын сендерге тапсырмалар ала келдім.
Қане бірге орындайық.
Торғай: балалар сендер орманда болып көрдіңдер ме?кәне бәріміз көзімізді жұмып, орманды елестетейікші,қандай әдемі ия, енді орманның ауасы мен терең тыныс алыңдар.тамаша, енді слайдқа назар аударыңдар.
Слайд: Орман туралы мағұлымат беру.
- Балалар жылдың қай мезгілі
- Күз
- Ондай болса бүгін күзгі орманды құрастырып көрейік.
Бұл да торғайды бір тапсырмасы болғандықтан , торғайды ренжітпейік.
Қол мойындарына саусақтарга арналған жаттығулар
Санамақ: "Бес саусақ"
Жұмыс барысы:
Үлгілер:
1. балаларға түрлі-түсті конструкторлар беріледі. конструкторларды алып ,ағаштарды құрастырды
Сергіту сәті
Көк қарағай, Көк қарағай,
Көкке қарай қолыңды соз қарағай
Оңға қарай көлеңкеңді соз қарағай
Солға қарай көлеңкеңді соз қарағай
Көк қарағай, Көк қарағай,
Балалар жұмыстарын аяқтайды.
Көп тілділік полиязычие: орман-лес-forest, күзгі ағаштар-осенние деревья-autumn trees
3.Қортынды.
Торғай: балалар сендердің ормандарың өте әдемі шықты,қолдарыңнан бәрі келеді екен. көп рахмет,мен енді қайтайын, сау болыңдар
Тәрбиеші: балалар бүгінгі жұмыстарың үшін ,бәріміз қол шапалақтайық





Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Білім саласы-Образовательная область-Educational area:Таным. Құрастыру.
Тақырыбы-Тема-Theme: «Күзгі орман»,
Тәрбиеші : Садвокасова В.А.
Костанай қ 2018-2019 оқу жылы