СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Квадраттық функция 8 сынып

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

-квадраттық функцияның қасиеттерін біледі;

-квадраттық функцияны қолданбалы есептерді шығару үшін қолданады;

-есептің шарты бойынша математикалық модельді құрады;

-математикалық модельдерді тексереді.

Просмотр содержимого документа
«Квадраттық функция 8 сынып»

Қысқа мерзімді жоспар

8.3В Квадраттық функция

8 сынып

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бисмельдинова Б.М.


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтін есептерді шығару

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

8.4.3.1

есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Сабақ мақсаттары

Мәтінді есептердің шарттарын математикалық тілге аудару;

Қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану және есеп мәтініндегі шарттардың нәтижелерін түсіндіру білу;

Бағалау критерийлері

Оқушы:

-квадраттық функцияның қасиеттерін біледі;

-квадраттық функцияны қолданбалы есептерді шығару үшін қолданады;

-есептің шарты бойынша математикалық модельді құрады;

-математикалық модельдерді тексереді.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

- функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;

-коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- - квадраттық функция;

- парабола;

- парабола төбесі, парабола тармақтары;

- графикті симметриялы бейнелеу;

- х осімен сығу;

- х осімен созу;

- оңға жылжыту, солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- парабола тармақтары ... бағытталған;

- график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан;

- квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден ();

Құндылықтарды дарыту




Ынтымақтастық

Оқушылармен бірлесіп сабақтың мақсатың қою және критерийлерді анықтау.

Ашықтық

Бір-бірін ашық бағалау, бір-біріне кері байланыс беру.

Өмір бойы білім алуға бейімдеу

Өздігінен мәселені шешуге мүмкіншілік берілген.

Қоршағандарды және өз-өзін құрметтеу.

Бір-бірімен сәлемдеседі.

Патриотизм және азаматтық жауапкершілігі.

Үштілдікті қолдану. Өз өнімді шығару және экономиканы дамытуға үлес қосуға дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Экономика және физикамен байланысты есеп шығару

АКТ қолдану дағдылары

www.desmos.com/calculator, интербелсенді тақта

Бастапқы білім


«Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

































I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.

Психологиялық ахуал: ортаға қол созып, бір-біріне тілек айтады. Коллаборативті ортаны қалыптастыру.

Оқушыларды үш топқа бөлу мақсатында оқушыларға карточкалар таратылады. Оқушылар таңдап, алады және сурет бойынша анықтап, функциялар бойынша: Бірінші топ «»; Екінші топ «»; Үшінші топ «».









Карточкалар

Қосымша№1

Слайд №1



















































Қайталау

6 мин


Сабақтың өзектілігі:

Слайдтағы материал боййынша қайталау.

Квадраттық үшмүшенің геометриялық мағынасын қайталау.

Квадрат үшмұшенің толық квадратты айыруды қайталау.

Оқушылармен алдын ала үштілдегі терминалогия қайталау.

Жұптық жұмыс

Оқушыларға толық үшмүшенің квадрттын айыруға тапсырма беру. Әр жұпқа екі тапсырмадан бөліп, ұсыну.

Слайдта жауаптарын көрсетіп, бір-бірін тексеруге ұсыныңыз.

Бір-біріне кері байланыс беруге ұсыныңыз.



Слайдтар №2-6

Тақырыпқа шығу

Мәселелік жағдай

8 мин

Топтық жұмыс.

«Миға шабуыл» сын тұрғысынан ойлау стратегиясы арқылы сабаққа назар аудару. (1.Тақырып бойынша білгендерін анықтайды; 2. Идеяларын ортаға салады; 3. Болған білімдерін активизациялау.)

Мәселелік есеп.

Оқушыларға тақырыпқа шығу үшін мәселелік жағдайды тұғызу.

Оқушыларға еспті ұсыну. Оқушылар ағылшын тіліндегі шарттың оқыға және терминдерді талдауға тапсырма беру.

Шешуі.

Оқушылар слайдтағы шешуін талдап, бір-бірін тексереді.

Бір-біріне кері байланыс берді.

Кері байланыс:

Қандай қорытыңды жасауға болады?

Қорытындыны жасау.


Қалай ойлайсындар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Тақырыпқа шығу және сабақтың мақсатың қою

Сабақтың мақсатын қою (сабақтың мақсатын айқын қою керек),

Оқушылар жетістік критерийлерді құрастырады.

Үш етістікті қолданып, критерийлерді құрастырыңыз:

Есептеу,

Тұжырымдау,

Түсіндіріп беру,

Талқылау,

Көрсету,

Ажырату,

Қорытындылау.

Оқушыларға өзінің құрастырған критерийлерді берілген критериймен салыстырады.


Слайдтар №7-8







































































Слайд №9-12



































Тақырыпты бекіту

10 мин

Топтық жұмыс. (Оқушылар жұпта, сосын топта талқылайды.)

Физикалық есептерді квадраттық функцияның қасиеттерін қолдану арқылы шығару.

Деңгейлі тапсырмалар. Әр топ үш деңгейдегі тапсырманы орындау керек. Әр топқа бірдей уақыт беріледі. Топтарға бір-бірімен талқылауға және көмектесуге мүмкіншілік беріледі.Оқушылар топта тапсырманы орындап, слайдтағы шешуі бойынша бір-бірін тексереді.

А тобы

Тапсырма 1.

  • Есеп. Допты тігінен жоғарыға лақтырылған. t (с) –уақыттың h (м) биіктігіне тәуелдігі h = – 5t2 + 10t + 1,5 заңдылықпен сипатталады. Доптың ең жоғары көтерілу биіктігін табыңыз.

В тобы

Тапсырма 2.

  • Есеп. Тас тігінен жоғарыға лақтырылған. Тас жерге түсіпкен ше h(t) = – 5t2 + 39t –заңдылықпен сипатталады, мұндағы h-биіктігі, лақтырылған мезеттегінен t-секундтағы уықыт. Тас неше секунд 28 метерден кем биіктегенде болды.

С тобы

Топсырма 3.

  • Есеп. Брандспойт өрт сөндіру машинасында бір белгілі бұрышпен бекітілген, одан су тұрақты алғышқы жылдамдықпен ағады. Брандспойттан шашқан су ағынының биіктігі у = ах2 + bх + с –формуласымен сипатталады, мұндағы

-тұрақты параметрелер.

Биіктігі 19 метр қоршаудан су ағыны жоғары болатындай, өрт сөндіру машинасын қоршаудан ең алыс неше метерге қою керек?


Дескрипторлар:

  1. Математикалық модельдеудің үш кезеңін дұрыс анықтады;

  2. Есептің шарты бойынша алгебралық өрнектерді және формулаларды дұрыс қолданды;

  3. Математикалық модельді дұрыс түрлендіреді;

  4. Жауап дұрыс табылған;

  5. Модельдің адекваттылығы дұрыс тексерілді.


Кері байланыс:

Неге қол жетті?

Тапсырмалардың қай бөлігінде сенімді болдыңыз?

Нені жетілдіру керек?


Таратпа материал Қосымша №2



Слайдтар №13-18

Сергіту сәті

2 мин

Көзге гимнастика

Слайд №19

Жұптық жұмыс


10 мин






























Оқушылар жұптасып, зерттейді. Оқушыларға экономикалық есепті зерттеп, шығаруға ұсыну.

Зерттеу жұмысы

Тапсырма. Жаңа спорттық велосипед.

Сіз спорттық велосипедтің жаңа стилін жетілдіре түсіп, жасап шығаруға шештіңіз.

Жоспар бойынша жаңа велосипедті жасап шығару үшін өндірістік шығынға және жарнамаға 700 000 мын теңге керек.

Ал әр велосипедтің бағасы 110 мын теңге болу керек.

Велосипедтің сұранысын келесі график сипаттайды:

Онда Р-бағасы болса, сату саны =70000-200Р болады.

  1. Квадраттық функция арқылы велосипедтің ең жақсы бағасын және ең жоғары кірісті табыңыз.

  2. Осы өнімді шығаруға қаншалықты пайдалы?


Шешуі. Ең жақсы баға: 230 мын теңге.

  • Сатудың көлемі = 70.000 - 200 x 230 = 24.000

  • Сату (мын теңгеде) = 230 x 24.000 = 5.520.000

  • Шығын = 700.000 + 110 x 24.000 = 3.340.000

  • Кіріс = 5.520.000 - 3.340.000 = 2.180.000 мын теңге.

Дескрипторлар:

  1. Есептің шарты бойынша алгебралық өрнектерді және формулаларды дұрыс қолданды;

  2. Математикалық модельді дұрыс түрлендіреді;

  3. Жауап дұрыс табылған;

  4. Модельдің адекваттылығы дұрыс тексерілді.


Қосымша№3



Сабақтың соңы

2 мин



Рефлексия

мен сабақты қалай игердім

Бүгін мен сабақта мынаны игердім:

Мен сабақтың бұл бөлігіне сенімдімін:

Бұл бүгін мен үшін сабақтың ең қиын бөлігі болды:

Бұл қиын болды, себебі:

Топтық жұмыс кезінде (өзінізді бағалаңыз):

Мен мұқият тыңдадым 0 1 2 3 4 5

Мен біреуді маған түсіндіруді сұрадым 0 1 2 3 4 5

Мен неліктен келіспейтіндігімді түсіндірдім 0 1 2 3 4 5

Мен неліктен келісетіндігімді түсіндірдім 0 1 2 3 4 5

Мен өз дәлелдерімді келтірдім 0 1 2 3 4 5


Үйге тапсырма: Математикалық модельдеу арқылы шешілетің тәжірибе есепті құрастырыңыз.



Слайд №20-22

























Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?