Сабақ мақсаттары Тілдік мақсат: Алдыңғы оқу: | 1.Тақырып не туралы екенін білу. 2. Мәтін не туралы екенін түрлі формада жеткізе алу. ( сурет,әңгіме,эссе) 3.Өз алған біліміне сүйене отырып,өмірмен байланыс жасай алу. 1.Оқушылар орындай алады: *Сұрақтарға жауап беру *Тірек сөздерді табу 2.Түінді сөздер мен сөз тіркестері: Отбасы,шағың коғам,жан дос,ата-ана,достық 3.Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: -Не себепті отбасым-шағын қоғам деп айтамыз? -Неліктен 100сом болғанша, 100 досын болсың 4.Ишара: Отбасы мүшелерін көрсету. (ата,әже т.б.) Достарының корсету. Ата,ана,әже,аға,әке, дос т.б. |
Басы: Ортасы: | Ұ.к. :0-3 мин Психологиялық дайындық: 1. Шаттық шеңберін құру. Армысың, алтын күн! Армысың, туған жер! Армысың, мектебім! Армысың, қонақтар! Армысың, достарым! 2. Армандайық. Музыка. - Балалар айналып отырайықшы, көзімізді жұмып, мына мәтінді тыңдайықшы. Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз - Н. Ә. Назарбаев атамыз бар. Мен - бақытты баламын. Білімнің кәусәр бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым - қатынастамын. Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім - отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе? Негізгі бөлім: 20-25 мин Мәтінді оқу Мәтін бойынша сөздік жұмыс жасау (ата,ана,аға, отбасы,жанұя т.б.) Мәтінді талдау -Отбасы деген не? - Неге отбасы деп айтамыз? -Кімдер отбасыға кіреді? Топқа бөліп,шығармашылық жұмысқа беиімдеу : 1-ші топ-эссе құру 2-ші топ –сурет салу 3-ші топ - жоба (фото) Өзі жеті атасын атау,шежіре ағашын кұру Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут. Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз. Қорытындылау: 1.Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы б - ша «Менің отбасым» зерттеу анкетасын толтыру. Менің отбасым: Менің атым -------- Менің әкемнің аты ---------- Менің анамның аты --------- Менің әжемнің аты --------- Менің атамның аты ---------- Менің ағамның аты ---------- Менің әпкемнің аты --------- Менің қарындасымның аты -------- Менің інімнің аты ----------------- 2.«Ыстық орындық» ойын арқылы балалардың алған білімдерін тиянақтау. | маркер, түрлі-түсті қарындаштар, фотосуреттер |