2017-2018 оқу жылындағы мектеп алды даярлық 6-7 жас тобының
мемлекеттік стандартты игеру 1 жарты жылдық
мониторнгінің сараптамасы
Сараптамадан 28 бала өткізілді. Сараптама келесі білім беру салалары бойынша жүзеге асты:
Коммуникация.
Денсаулық
Таным
Әлеумет
Шығармашылық
Міндеттері:
Денсаулық
Балалардың бұрын игерген мәдени-гигиеналық дағдыларды, өзін-өзі тану дағдыларын, үстелдегі мінез-құлық мәдениетін жетілдіру.
Қозғалысқа үнемі қызығушылығын сақтап, доппен, ойыншықтармен, ойыншықтармен ойналатын ойндарға қатысуға жігерлендіру, дене шынықтыру жабдықтарын дербес пайдалануды, ойындарға арналған құрал-жабдықтарды пайдалана алу.
Балаларды әртүрлі өмірлік жағдайларға бейімдей отырып, мүмкін болатын жарақаттардан, көгерулерден, құлаудан қорғау үшін, ықтимал қауіпті болжауды үйрену, оны болдырмау жолдарын табу.
Жоғары | Дина мика | Орташа | Дина мика | Төмен | Дина мика |
Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | | Бастапқы | Аралық | |
| | | | | | | | |
Жылдың басынан балалар спорттық жабдықтармен ойнауды үйренді. Сонымен қатар ертеңгілік гимнастиканың жаттығулар кешенін орындай алады, негізгі қимылдардың алуан түрлерін орындауда сандық және сапалық көрсеткіштерге ие, қозғалыс ойындарында ойын ережелерін сақтайды, бір қатарға қайта тұра алады, сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұра алады, бір орында бұрылады. Сондай-ақ спорттық ойын элементтерін және жаттығуларын меңгерген. Гигиеналық шараларды дербес орындайды. Шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді
Коммуникация
Байланыстырып сөйлеудің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау,
(сөйлеу және ауызша емес). Ана тіліндегі барлық дыбыстарды айта алуға үйрету. Дыбыстарды анық айтуды, интонацияны, игерген сөздерге дыбыстық талдау жасауды, алуан түрлі заттарды жалпылау мен сипаттауды үйрету.
Жоғары | Дина мика | Орташа | Дина мика | Төмен | Дина мика |
Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | |
| | | | | | | | |
Балалардың білім деңгейлерін сараптай келе төмендегідей қорытындыға келдік: балалардың қоршаған орта туралы түсінігі бар, негізгі ойды дұрыс толық жеткізе алмайды. Әңгімелерді бірізді айтып беруге тырысады. Кітаптарға қызығушылық танытады. Түрлі сызықтар, штрихтар жүргізеді. Сөздерді буынға бөледі. Туындаған кемшіліктерді жою мақсатында балалармен сөздік ойындар, дыбыстық талдауға қатысты тапсырмалар, сурет бойынша әңгімелеу жұмыстары көбірек жүргізілуде.
Таным.
Үлкен және кішкентай Отан туралы: Қазақстан халқының мемлекеттік рәміздері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы түсінік беру.
Баланы жанды және жансыз табиғатпен таныстыру мүмкіндіктерін кеңейту, әртүрлі табиғи құбылыстарға назар аудару. Табиғат объектілерін жіктеуге үйрету.
Балалардың санау дағдыларын қалыптастыру. Объектілерді кему және көтеру тәртібімен салыстыруға, геометриялық нысандардың объектілерін ажыратуға және атауға үйрету. Кеңістіктікте және уақытты бағдарлау дағдылары туралы балалардың білімдерін тереңдету.
Үлгілерге және берілген шарттарға сәйкес жобалау дағдыларын қалыптастыру.
Жоғары | Дина мика | Орташа | Дина мика | Төмен | Дина мика |
Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | |
| | | | | | | | |
ҚМҰҚ бойынша түзету жұмыстарын жүргізіп, балаларды топтарға бөліп жұмыс жасалды. Жеке жұмыс ҰОҚ кезінде де, одан тыс уақытта да өткізілді. Хасан мен Айыммен үзбей жеке жұмыс жасалып отырды. Дидактикалық ойындар, ойын жағдайлары, іздеу жағдайлары жасалды.
Шығармашылық
Балалардың ұжымдық жұмыс жасау, модельдеу машықтарын қалыптастыру. Өнер және қолөнермен таныстыру.
Жоғары | Дина мика | Орташа | Дина мика | Төмен | Дина мика |
Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | |
| | | | | | | | |
Біз осындай нәтижелерге жету үшін балаларға суреттің мазмұнын сауатты түрде таңдауға үйретіп, көркемдік дидактикалық ойындарда өз еріктерімен түстерді, композицияны таңдай алуға баулып , түсті контрасттарды ажырата білуді үйрететттік. Сонымен қатар қайшымен қию машықтарын жетілдірудеміз. Айша мен Хасанмен үздіксіз жеке жұмыс жасалады. Әр әрекетте оларға бағыт-бағдар беріліп қосымша тапсырмалар беріледі.
Әлеумет
Өз кінәсін мойындауға, шыңайылыққа баулу; жанұяға, жануарлар мен өсімдіктерге мейірімділік пен қамқорлық көрсету (жануарларды қорлауға, ағаштарды бұзуға және т.б.)
Өмірде және әдеби шығармаларда жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуді үйрету.
Үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпындыру.
Жоғары | Дина мика | Орташа | Дина мика | Төмен | Дина мика |
Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | Бастапқы | Аралық | |
| | | | | | | | |
Балалардың білім деңгейлерін сараптау нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік, адамның табиғатты қалай сақтауға болатыны туралы біледі,
табиғатта қауіпсіз мінез-құлықтың бастапқы тәжірибесіне ие, сонымен қатар
өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін біледі. Топтағы табиғат бұрышында күнделікті еңбек етеді. Серуен кезінде құстарға қамқорлық таныта алады.
Қорытынды:
Осындай нәтижелердің бірден - бір себебі, балалардың жас ерекшеліктері болып табылады.
Осыған орай түзету жұмысын қажет ететін: Хасан, Айшамен жеке жұмыстарды жалғастыру керек;
Оқыту үдерісінде кеңінен жаңашыл технологияларды қолдану керек;
Жаңа оқу материалын бекіту мақсатында үстел үсті, таратпалы ойындарды қолдану;
Кәсіби шеберлілік;
Жүйелі және жоспарлы жұмыс нәтижесінде жылдың аяғында мемлекеттік стандарттарды игеру деңгейі нормаға сәйкес келеді.
2017-2018 оқу жылының басында
мектеп алды даярлық 6-7 жас тобының
мемлекеттік стандартты игеру мониторнгінің сараптамасы
Сараптамадан: 28 бала өткізілді.
Сараптама келесі білім беру салалары бойынша жүзеге асты:
Коммуникация.
Денсаулық
Таным
Әлеумет
Шығармашылық
Міндеттері:
Денсаулық
Қажетті барлық гигиеналық шараларды орындайды (шаш күтімі, киімі мен дене тазалығы т.с.с..)
Өз киім ілетін шкафында тазалық сақтай алады.
Ас ішу барысында мәдени шараларды орындай алады.
Үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтайды.
Жоғары | орташа | Төмен |
Жылдың басы | Жылдың басы | Жылдың басы |
| | |
Балалар әлі де мәдени іс-әрекет көріністерін жүзеге толық асыра алмайды. Жасы кішірек балалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Коммуникация
Етістік пен сын есім сөз таптарын дұрыс қолданып сөйлем құруға үйрету.
Сөйлеуде тілдік грамматикалық бірліктерін кең қолдана алуға баулу. Заттардың сипатына, қасиеттеріне қарай топтастыра алуға үйрету.
Жоғары | орташа | Төмен |
Жылдың басы | Жылдың басы | Жылдың басы |
| | |
Балалармен әлі де жұмыс жасау керек. Тілдің грамматикалық қүрылымын, тілдегі дыбыстарды ажыратутуға арналған дтдактикалық ойындар топтастырылып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылды. Қалыс қалып келе жатқан Айым, Құндыз, Хасанмен жеке жұмыс жасалуда.
Таным
Негізгі 8 түсті заттарды топтастыру.
7-8 пішінді заттарды топтастыру.
Заттарды сипаттары мен қызметіне қарай ажырату.
Сандар мен цифрларды тану, қарапайым есептерді шығару. Кеңістікте бағдарлау, уақыт туралы білу.
Жоғары | орташа | Төмен |
Жылдың басы | Жылдың басы | Жылдың басы |
| | |
Балаларға 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды үйрету керек.
5 және одан артық заттардың өлшемдік қатынастарын анықтай алуға арналған ойындарды құрастырып қолдану керек. 1 жарты жылдықта көрсеткіштерді жоғарылату мақсатында жеке көмекті қажет ететін Абира мен Құндызға санауды үйрету керек. Олармен жеке жұмыс жасалуда.
Шығармашылық
қазақтың ою-өрнек элементтерін қолдануды,
отырып, адам мен жануарлардың пішінін мүсіндей білуді,
Халық ойыншықтары мен керамикалық бұйымдардың желісі бойынша бейнелерді бере білуді
Заттармен және элементтермен толықтыра отырып, кейіпкерлер мен композицияларға тән бөлшектерді қолдануды,
Қағаздан симметриялық пішіндерді қия алуды,
Бірнеше бөліктерден өрнек құрастыруды үйрету.
Жоғары | орташа | Төмен |
Жылдың басы | Жылдың басы | Жылдың басы |
| | |
Қазіргі таңда балалар бейнелерді қарапайым қарындашпен, содан кейін түсімен біріктіруде әлі де қиналады. Сюжетті модельдеуді орындау, суреттегі сандардың қозғалысын беру қиынға түсуде. Осы қиындықтарды түзету мақсатында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі ойындар әзірленді, қосымша жұмыс жүргізілуде.
Әлеумет
Күнделікті өмірде оның мінез-құлқын басқара алуды,
Басқа адамдармен достық қарым-қатынас орнатыра алуды,
Құрдастарымен достық қарым-қатынас орнатуды,
Адамдарға қамқорлық көрсету керектіні ұғындыру,
Өзгелерге көмектесуге ұмтылуға баулу.
Жоғары | орташа | Төмен |
Жылдың басы | Жылдың басы | Жылдың басы |
| | |
Балалар бір-бірін ренжітуді, кек сақтауды біледі. Олар басқалармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысады, бірақ олар күнделікті өмірде өз мінез-құлқын бақылауға ала алмайды. Сол себепті балаларға арналған «Микрофон», «Өз ойым» сияқты ойындар әзірленді. Балалармен күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қорытынды:
Осындай нәтижелердің бірден - бір себебі, балалардың жас ерекшеліктері болып табылады.
Осыған орай түзету жұмысын қажет ететін: Хасан, Айшамен жеке жұмыстарды жалғастыру керек;
Оқыту үдерісінде кеңінен жаңашыл технологияларды қолдану керек;
Жаңа оқу материалын бекіту мақсатында үстел үсті, таратпалы ойындарды қолдану;
Кәсіби шеберлілік;
Жүйелі және жоспарлы жұмыс нәтижесінде 1 жарты жылдықта мемлекеттік стандарттарды игеру деңгейі нормаға сәйкес келеді.