Тақырыбы:"Мың бір мақал" сайыс сабақ.
Мақсаты: ана тілі туралы кең түсінік бере отырып тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту, мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.
№3 слайд
Жоспар: «Сәлем - сөздің анасы» таныстыру кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» мақал сайысы «Тапқыр дос» түсіп қалған сөзді табу «Сөз тапқанға қолқа жоқ» жұмбақ сайысы «Өнер алды қызыл тіл» капитандар сайысы
№ 4 слайд
Бірінші бөлім «Сәлем –сөздің анасы» немесе таныстыру кезеңі.
№5 слайд4
Екінші бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі» мақал сайысы
№ 6 слайд
1. Оқу білім бұлағы.....
2.Кітап білім бұлағы,....
3. Өнерлінің қолы алтын,....
4. Еңбек етсен ерінбей,...
5. Отансыз адам-.....
6. Қоянды қамыс өлтіреді,...
7. Болат қайнауда шынығады...
8. Білгенің бір тоғыз,....
9. Жүз теңгең болғанша,....
10. Қыз өссе елдің көркі,...
11. Бас кеспек болса да......
12. Өнер алды - ...
13. Тіл тас жарады, ....
14. Шебердің қолы ортақ, ....
15. Әдепті бала арлы бала,...
16. Білекті адам бірді жығады, .....
№7 слайд 6
Үшінші бөлім. «Тапқыр дос» түсіп қалған сөзді табу.
№8 слайд 7
1.Құлақтан кірген суық.......
Жүрекке барып мұз болар.
2. Таза мінсіз асыл ....
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл....
Ой түбінде жатады.
3. Әдептілік белгісі иіліп ....берген
4. Сөз анасы – құлақ, ..... анасы – бұлақ.
5. Ілім бұлақ, ..... – шырақ.
6. Жігіт бір сырлы, .... қырлы болсын.
7. Қыз өссе елдің көркі,... өссе жердің көркі
8. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ....біл.
9. Қаһарлы сөз ..... бұзар.
10 Ине көзінен сынады, ...... сөзінен сынады.
11. Айтылған сөз атылған ......тең.
12 .....сөз – жарым ырыс.
№9 слайд 8
Төртінші бөлім. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» жұмбақ жарысы.
№10 слайд
Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. ( От)
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Асқар тауда
Қалың орман,
Оны кейде
Шөптей орған. ( Шаш)
Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. ( Сыпыртқы)
№11 слайд
Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. ( Мектеп)
Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады. ( Кітап)
Қалпақты шымырды
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды
Дәйім дайын тұрады. ( Балға)
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. ( Автобус)
№12 слайд
Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмі,
Кім бар жеп көрген? ( Құрт)
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. ( Бидай)
Күмбір- күмбір күйі бар
Құлағыңа түйіп ал. ( Домбыра)
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң- шешен,
Ақылы асқан көсем. ( Кітап)
№13 слайд 1
Бесінші бөлім. «Өнер алды – қызыл тіл» (әр топқа тіл туралы 3 мақал – мәтел жазу тапсырылады)
№14 слайда 13
«Намыс-Дода»бөлімі топ басшылары сайысы. Мақал айту
/билет суыру арқылы, тақырып таңдап, сол тақырыпқа білгенінше мақал айтуы тиіс/
а/Отан, туған жер туралы ә/ Еңбек туралы б/ Өнер, білім туралы мақал айту
1 топ:
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді /Ұстаз-учитель-teacher /
Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр / тіс – зубы - tooth /
2 топ:
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады / алма – яблоки – apple /
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді / су – вода - water /
3 топ:
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап –книга- book/
Үстінде тауы бар,
Өзі қызық жануар. (түйе-верблюд-camel/
Қорытынды.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Адам көңілден азады, тілден жазады.
* * *
Загрузка...
Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
* *
Айтпас жерде тілің тарт.
* * *
Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
* * *
Ана тілің алпыс тілге татиды.
* * *
Ақынның тілі қылыштан өткір.
* * *
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
* * *
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
* * *
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
* * *
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
* * *
Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
* * *
Әдеп басы – тіл.
* * *
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
* * *
Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
* * *
Бал тамған тілден у да тамар.
* * *
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
* * *
Басқа пәле – тілден.
айыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Өз қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан ете білуге тәрбиелеу. өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
Сайыстың барысы:
І.Кіріспе бөлім
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер. Оқушыларға мақал-мәтелдерді үйретіп ұғындыру, баланы көптеген жақсы қасиеттергеадамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, жинақталған, өтімді түрде айтылатын күрделі ойдың қорытындысы, бейнелі тіл байлығымыз. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мақал –мәтелдердің шығуына негіз болған. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. Дегенмен, мақал-мәтелді орынды қолдана білу, мағынасын түсіне білу де өнер.
-Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырайын. Ортаға үш топ шығады, «Тұлпар», «Сұңқар», «Қыран». Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І тур. "Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу
ІІ тур. «Кім жүйрік ?»тапсырмаларды орындау
ІІІ-тур."Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.
ІҮтур. «Намыс-Дода» бөлімі топ басшылар жарысы
Ү тур. Көрермендер көрімдігі.
Әділқазы алқалары:
1.Тәрбие ісі меңгерушісі Төлемісов Берік Қаршығаұлы
2. «Мұрагер» ОҒҚ мүшесі 11 кл. оқушысы Сарина Айжанат
3.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байжанова Айгүл Жайлыбайқызы
ІІ.Негізгі бөлім
1 тур
"Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Көп жасаған білмейді....../көп көрген біледі/
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Досы көпті жау алмайды.... /ақылы көпті дау алмайды/
9.Жауға жаныңды берсең де...... /сырыңды берме/
10.Өз білмегеніңді кісіден сұра.... /кісі болмаса, кішіден сұра/
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
8.Саналы адам сағыңды сындырмас... /жаман адам жағыңды тындырмас/
9.Бейнетің қатты болса.... /Татқаның тәтті болады/
10. Еңбек етпесең, елге өкпелеме...../Егін екпесең жерге өкпелеме/
1. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
2. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
3. Мың малын болғанша,... (бір балаң ғалым болсын /
4. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)
5. Ерді намыс өлтіреді, ... (қоянды қамыс өлтіреді)
6. Басқа елде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)
7. Ердің атын... (еңбек шығарады)
8. Малы жоқ деп ерден түңілме...../Шөбі жоқ деп жерден түңілме/
9. Ер жігіт ел үшін туады,...../елі үшін өледі/
10. Білім қымбат......../Білу қиын/
ІІ тур
«Кім жүйрік ?» 10,20,30,40 сандарына қарай әр тақырыпқа 5-10 мақал айту,
10 ұпай Ұстаз туралы мақал айту:
Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
Шәкіртсіз-ұстаз тұл.
20 ұпай. Тіл туралы мақал айту:
«Өнер алды – қызыл тіл!
«Бас кеспек болсаң да, тіл кеспек жоқ»
«Басқа пәле тілден»
«Бал тамған тілден – у тамар»
Тіл жоқ жерде, ұлт та жоқ.
30 ұпай Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:
«Жақсы бала - сүйеніш, жаман бала - күйініш»
«Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»
Жақсылық пен жамандық егіз
Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
40 ұпай Мал туралы мақал айту:
Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.
Нар жолында жүк қалмас
Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір
Ер қанаты – ат
Сиырдың сүті – тілінде
10 ұпай:Табиғат туралы мақал айту:
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Не ексең, соны орасың.
Бір тал кессең, он тал ек.
20ұпай Оқу-білім, өнер туралы мақал айту:
Оқу-инемен құдық қазғандай.
Оқусыз- білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ.
Ел іші-өнер кеніші.
Өнерлі өрге жүзер.
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
30 ұпай Ерлік, батырлық туралы мақал айту:
Батыр майданда шынығады.
Жаңбыр жауса жер ырысы, батыр туса ел ырысы.
40ұпай Ата-ана, отбасы туралы мақал айту:
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап ұл өсер.
Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
ІІІ тур "Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.
І топқа сұрақ
Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдім, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді /Ұстаз-учитель-teacher /
Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр / тіс – зубы - tooth /
ІІ топқа сұрақ
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап/
Жұмбақтың шешуін орыс, ағылшын тіліне аудару:
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады / алма – яблоки – apple /
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді / су – вода - water /
ІІІ топқа сұрақ
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. /автобус/
Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/
Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/
Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/
Сақалы жоқ, шашы бар,
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/
«Ұйқасын тап !»
1. Өзінше ноян, қорқақ ( қоян )
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жаңа (қаңбақты )
4.Алмастан тыным, шабады (құлын)
ІҮтур «Намыс-Дода»бөлімі топпен мақал айту
/асық алу алу арқылы, тақырып таңдап, сол тақырыпқа білгенінше мақал айтуы тиіс/
а/Отан, туған жер туралы ә/ Ас, тамақ туралы б/ Дос туралы мақал айту
Ү тур Көрермендер көрімдігі.
Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады,
1. Отан туралы:
«Отан үшін отқа түс, күймейсің»
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл»
2. Ашу, ыза туралы:
«Ашумен басталған іс абыроймен аяқталмайды»
«Ашу дұшпан ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос»
3. Ар – ұят намыс туралы:
«Мал үшін таласпа, ар үшін талас»
«Арлы арына қараса, арсыз жеңдім дер»
4. Бала туралы:
«Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар»
«Бала тілі - бал»
5. Денсаулық туралы:
«Денсаулық - зор байлық»
«Дені саудың - жаны сау»
Жұмбақ шешу:
1. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
2. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
3. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
4. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
5. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)
Берілген тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашу:
Иығынан су кетті / жолы болмау /
Тонның ішкі бауындай / тату-тәтті, дос /
Ат шаптырым жер / алыс жер /
Екі көзі төрт болды / күтіп қалу /
Тайға таңба басқандай / анық /
Таяқ тастам жер / жақын жер /
ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің мәнін келтіреді»
«Мақал қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей, мақал-мәтелдермен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал – мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.
Марапаттау.
Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топтарды мараппаттайды.
Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, үйден дайындаған мақалдарды айтады.
1 тур. 1 - айналым.
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)
2 - айналым.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт – төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
9. Ердің атын... (еңбек шығарады)
2 – тур. 1 - айналым.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
1. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір — біріне жасырады.
2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең ас ұпай жинаған бір огқушы ойыннан шығады.
1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдңм, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
3. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
2 - айналым
Екі адам бір – біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)
3 - тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
2. Бір беткейде екі көл. (көз)
Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.
3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғасытырсы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғасытырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
- Өмірде не жетім?
- Өмірде ата – анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Хан ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.
Суы жоқ – құдық жетім,
Ұлы жоқ – әке жетім.
Қызы жетесіз болса – ана жетім,
Досы жоқ – жігіт жетім,
Шәкіртсіз – ұстаз жетім,
- Үйде кім, елді кім қадірлі?
- Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады