Просмотр содержимого документа
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетін меңгере отырып, мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштарды қайталау
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Оқушылардың дүниетанымын дамыту, сөздік қорды молайту.
1-кезең.
Мақал – сөздің мәйегі
Көп жасағаннан сұрама,
Көп көргеннен сұра
Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы
Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе жеткенің
Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар
Атаңның баласы болма,
адамның баласы бол
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы
Алтау ала болса, төбедегі келеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
Жылай-жылай арық қазсаң,
күле-күле су ішерсің
Ақыл тозбайтын тон,
білім таусылмайтын кен
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны ілер
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер
Көре –көре көсем болады,
Сөйлей-сөйлей шешен болады
2-кезең.
Қандай жұмбақ болса да,
шешпей оны қоймайық!
Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,
Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,
Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ.
(су)
Әрі жүрер қараша ат,
Бері жүрер қараша ат.
Су бойында тұнық су,
Таңдап ішер қараша ат.
(көз)
Ат басты,
А рқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды.
(шегіртке)
Тал басында,
Түндіксіз отау.
(ұя)
Жылт-жылт еткен,
Жылға сайын өткен,
Бар адам безген.
(жылан)
Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі,
Адамзат ол нәрсені көрмес көзі.
Жансызды қимылдатып жанды қылар,
Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.
(жел)
Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді.
Сол кезде ой қаулап,
Бәйшешек өнеді.
(жаңбыр)
Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар.
(кітап)
Тұмсығына бұйда тауып байласаң,
Қақпайлап жай айдасаң
Сүңгіп батып, сүңгіп батып бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты.
(ине)
3-кезең.
Ұлылардан ұлағат
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
(Абай, Қыс)
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
(Сәкен Сейфуллин, «Сыр сандық»)
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
(Ыбырай Алтынсарин, «Бір құдайға сиынып»)
4-кезең.
Басқатырғыш
Өтірік өлең
Назарларыңызға
рақмет