Просмотр содержимого документа
«Ойын технологиясы»
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудіңалғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді.
Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу, жазу, сызуға ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық. Осыған байланысты еліміздің сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің қызметкерлері. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар мен түрлі семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетіншыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол – ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж. Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Жас ұрпақты рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.