СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый урок "Глобус"

Нажмите, чтобы узнать подробности

№ 34 орта мектеп  бастауыш сынып м??алімі  Садикова Алия Ибрагимовна  Д?ниетану. 4-сынып  Та?ырыбы:. Глобус- Жерді? ?лгісі  Саба?ты? ма?саты:  Білімділік: ?арыш денелері, глобус – Жерді? ?лгісі деген  ??ымдарын ?алаптастыру, ке?ейту.  ?)Т?рбиелік: О?ушыларды ?арым- ?атынас м?дениетін, бір-  бірлерін ты?дау?а, ?ркімні? ойымен санасу?а баулу ж?не  ??ыптылы??а, к?пшілік ортада, сыныпта д?рыс с?йлеуге  т?рбиелеу.  Б)Дамытушылы?: О?ушылар?а глобус жайлы ма?л?мат бере  отырып,ой-?рісін,есте са?тау ?абілеттерін, д?ниетанымын дамыту.  Саба?ты? типі: жа?а материалды ме?герту  Саба?ты? т?рі: Саяхат саба?  Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, баяндау, т?сіндіру, к?рнекілік.  К?рнекілігі: о?улы?, глобус, карта, ж?лдызды аспан суреті.  П?наралы? байланыс: ана тілі, музыка, математика, логика Саба?ты? барысы:  М??алім ж?не о?ушыны? итнерактивті та?тамен ж?мысы  І. ?йымдастыру кезе?і:  Сыныпты 2 топ?а б?лу: Жер макеті мен ж?лдыз макеттері таратылады. О?ушылар ?на?анын та?дап, топ?а б?лінеді. 1. Жер 2. Ж?лдыз Келген ?она?тармен с?лемдесу р?сімі:

?лкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

С?лем бердік сіздерге,

??рметпенен біз!

Саба?ты? ?раны:

??ыпты ?тар,

Іздеген табар,

О?ы?ан озар!

- Балалар б?гінгі саба?та барлы?тарын зерттеуші болып ?арыш ?леміне , Жер планетасына саяхат?а шы?амыз. Ол ?шін біз ?арыш кемесіне жолдама алуымыз керек. Жолдаманы алу ?шін ?ызы?ты логикалы? шытырманды орындайы?.

Б?л – «Те?із ?ліпбиі».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алдарында?ы жолдама?а аты- ж?ндерінді жазы?дар.

Енді Барлы?ымыз та?та?а назар аударайы?. Біз ?айда келдік? -Бай?о?ыр ?арыш айла?ына.  - Біз Сапар?а шы?у ?шін ?арыш кемесіне отыруымыз керек. Ол ?шін біз ?й тапсырмасын айтуымыз керек.     

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру:

-?йге не тапсырма берілді?

?р топтан бір о?ушыдан саба? с?рау. ІІІ. ?й тапсырмасын бекіту. Актуальдау. ?зара с?ра?. ?р топта?ы о?ушылар ?йден дайындап келген с?ра?тарын келесі топ?а ?ояды. Видеофильм.

ІІІ. ?ткенді ?айталау:

Балалар енді ?арыш кемесіне отырып ?арыш ?леміне сапар шегейік.

-Біз ?айда келдік?

-Ай деген не?Ай туралы кім не біледі?

Ай — Жерді? серігі. Жер мен Ай арасында?ы орташа ?ашы?ты? 384 500 km. Айды? ?з атмосферасы жо?. Бетіндегі температурасы −173 °C -ден 127 °C -ге дейін барады. Радиусы 300—400 км.

Айда тіршілік жо?.

Балалар, Ай?а, Бас?а да планеталар?а сапар шеккен ?арышкерлер біз осында болды? деп, ?з мемлекеттеріні? туын тігеді.

Айда да бізге орындау керек тапсырмалар бар екен. Біз соны орындап, Ай?а ?з жалауымызды тігейік.

 

І топ:

1.Жер де ?лем денесі. Оны? ?лемдегі орнын ?алай ?рнектеуге болады? Жауабы: Жер шары, К?н ж?йесі, Галактика Галактикалар тобы ?лем(?арыш) ІІ топ:

К?н ж?не оны айналып ж?ретін планеталар нені ??райды?

Сендер де ?здері? к?н ж?йесін ??ра?дар.

 

   2-ші топ планеталарды бір ?атар?а тізіп К?нге  ?ашы?ты?ы бойынша орналастыр?ан. Ал б?ны ?ылыми тілде ?аламшарларды? салтанатты шеруі дейді екен. 2011 жылы мамыр айында ?.С.Ш. болы. О?ан 4 планета ?атысты. Ал енді келесі ?.С.Ш: 2022 жылы Маусым айында болады екен. Бес планета тізбекке тізіледі. Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн.

І?. Жа?а саба??а дайынды? кезе?і:

Т.М?сабаевты? тапсырмасы:

Алдарында?ы жат?ан конверттерде ?ималар бар. Соларды пара? бетіне д?рыс жапсырса?дар суреттер шы?ады.

                                               

 

?. Жа?а саба?ты ме?герту.

1. М??алімні? т?сіндіруі:      Ертедегі адамдар Жер тегіс, оны? ?стіне аспан к?мбезі т??керіліп ?ойыл?ан деп білген.К?мбезге К?н, Ай ж?не сансыз к?п ж?лдыздар бекітілген деп т?сінген. Олар бір ба?ытта ж?ре берсе Жерді? шетіне жетеміз деп ойла?ан. Бертін келе алыс сапар?а барып ?айт?ан жи?анкездер ?аншама ж?ргенімен Жерді? шетіне шы?а алмайтынын бай?а?ан. ?алымдар ?р т?рлі ?осал?ы белгілерге ?арап, Жер шар т?різді болу керек деп болжа?ан. Тарихтан м?ндай т?жырым?а ал?аш грек ?алымдары келгенін білеміз. Олар б??ан д?лел ретінде Ай т?тыл?анда оны ?ал?ала?ан Жер к?ле?кесіні? д??гелек болатынды?ын келтіреді. Д??гелек к?ле?ке тек шар т?різдес денеден ?ана т?сетінін бай?ау ?иын емес. ?азіргі кезде ?арышкерлер ?лкен биіктіктен т?сірген суреттер Жер пішініні? шар т?різді екенін д?лелдейді.     

    О?ушылар, Жерді? шар т?різді екендігіне к?зіміз жетті. Осы жерді? шар т?різді екендігін зерттеп бол?ан со?, ?алымдар жерді? ?лгісін жасай бастады. Жерді? барынша кішірейтіліп жасал?ан д?л ?лгісі глобус деп аталады. «Глобус» - латын тілінде «шар» деген с?зді білдіреді. Глобус бізді? к?з алдымыз?а жерді? д?л ?лгісін елестетіп ?ана ?оймайды, онымен т?рлі т?жірибелер жасау?а болады. Картада?ы сия?ты глобуста да Жер беті т?рлі - т?сті бояулармен кескінделеді. Онда б?кіл жер шарында ??рлы? пен суды? таралуы к?рсетілген.

    

   Сен білесі? бе?

Глобус Х? ?. Бастап шы?арыла баста?ан. Х?ІІ ?. І Петрды? т?сында Ресейде ?ажайып глобус жасал?ан. Оны? диаметрі 3м, Сыртына Жер беті бейнеленген. Ішіне аспан к?мбезін к?рсететін на?ыз планетарий орнатыл?ан. О?ан 12 адам еркін жай?асатын бол?ан. Глобусты ?олдары?а алып айналдырса?дар, бетіні? т?рттен ?ші к?гілдір т?ске боял?анын бай?айсы?дар. Олар м?хиттар мен те?іздер.

 

Видеофильм.

Жер бетіні? су басып жат?ан аса ірі ке?істіктерін м?хит деп атайды.

Жер шарында 4 м?хит бар.

Тыны?

Атлант

?нді

Солт?стік М?зды м?хит

??рлы?ты? жан-жа?ынан м?хиттармен ?оршал?ан ірі б?ліктері материк деп аталады. Материктер алтау.

Еуразия

Африка

Аустралия

Солт?стік Америка

О?т?стік Америка

Антарктида (М?з ??рса?ан материк)

Картамен ж?мыс:

Картадан Материктерді ж?не м?хиттарды к?рсету.  

Сергіту с?ті.

2. О?улы?пен ж?мыс. О?ушылар м?тіннен глобус – Жер шарыны? кішірейтілген ?лгісі екендігін ж?не онда материктер мен м?хиттарды? таралуы жайында?ы б?лімін о?иды. 3. Практикалы? ж?мыс.

   Ертедегі Адамдар К?н шы?ыстан шы?ып Жерді айналып барып, батыс?а батады деп ойла?ан. Олар Жер-д?ниені? кіндігі, оны К?н ж?не ж?лдыздар айналып ж?реді деп ойла?ан. Б??ан к?з жеткізу ?шін автобуста немесе к?лікте келе жат?андары?да терезеден ?араса?дар, алдары?да т?р?ан заттар сендерге ?арай зымырап, жа?ындап келе жат?андай к?рінеді. К?н де сол сия?ты.

 

    Шынында К?н шы?ыстан батыс?а ?арай айналып отырады.  Жерді? ?з білігін батыстан шы?ыс?а ?арай 24 са?атта бір рет толы? айналып шы?уын т?улік деп атайды.  Т?улік бір т?н ж?не 1 к?ннен т?рады.

    Глобус?а шамды т?сірі?дер. Не бай?ады?дар?

Жер ?з білігінен айналмаса не болар еді?

 

?І. Жа?а саба?ты бекіту:

Ал, енді балалар, біз жер планетасына ?айтадан ораламыз. Видеофильм.

 

Мінекей, ?айтадан жерімізге келдік. Ендеше, Т.?уб?кіров атамызды? тапсырмасын орындаймыз.

Т. ?уб?кіровты? тапсырмасы:

Топ басшыларына с?ра?тар:

 

1. Жерді ?орша?ан б?кіл д?ние не деп аталады? Жауабы: ?лем немесе ?арыш 3.?арыш?а жол ?ай жылы ашылды? Жауабы: 1957 жылы 4 ?азанда ашылды 4. 1961 ж 12 с?уірде адам баласы тарихында ?арыш?а ?ш?ан кім? Жауабы: Юрий Александрович Гагарин 5. К?н неше планетадан т?рады? Жауабы: 9 ірі планетадан т?рады 6. Жерге е? жа?ын ж?лдыз? Жауабы: Жерге е? жа?ын ж?лдыз-К?н 7. К?н мен Жерді? орташа ?ашы?ты?ы ?анша? Жауабы: К?н мен Жерді? орташа ?ашы?ты?ы - 150 миллион ша?ырым 8. К?нні? беткі ?абатыны? ?ызуы ?анша? Жауабы: К?нні? беткі ?абатыны? ?ызуы – 60000С 9. К?нді неше ?аламшар айнала ?оз?алады? Жауабы: К?нді 9 ?аламшар айнала ?оз?алады 10. Жер бетіндегі тіршілікке К?нні? ?сері ?андай? Жауабы: К?н жары? с?уле мен жылу таратады. 11. Ертедегі адамдар Жерді? пішіні ?андай деп ойла?ан? Жауабы: Ертедегі адамдар Жерді тегіс деп ойла?ан 1. Жазы? жерде т?рып, ?ара?ан адам?а Жер беті ?алай болып к?рінеді? Жауабы: Ертедегі адамдар Жер тегіс оны? ?стіне аспан к?мбезі т??керіліп ?ойыл?ан деп білген. 2. Жер не т?різді? Жауабы: Жер шар т?різді 3. Жер бетіні? ¾ б?лігін не алып жатыр? Жауабы: М?хиттар мен те?іздер 4. Жер шарында?ы м?хиттарды ата. Жауабы: Атлант, Тыны?, ?нді, Солт?стік М?зды м?хит 5. ??рлы?ты? м?хиттармен ?оршал?ан ірі б?ліктері не деп аталады? Жауабы: Материк 6. Материктерді ата. Жауабы: Еуразия, Африка, Солт?стік Америка, О?т?стік Америка, Антарктида, Аустралия 7. ?аза?стан ?ай материкте орналас?ан? Жауабы: Еуразия материгінде 8. Антарктиданы ?андай материк деп атайды? Жауабы: М?з ??рсан?ан материк деп атайды 9. Жерді? кішірейтіліп жасал?ан д?л ?лгісі не деп аталады? Жауабы: Глобус деп аталады 10. Глобус ?ай тілден аударыл?ан, не деген с?з? Жауабы: Латын тілінен аударыл?ан, шар деген с?з  

Орнын тап ойыны:

Картадан материктерді? ж?не м?хиттарды? орны табылады.

 

?ІІ. ?орытындылау:

 

Мына сурет сендерге ?андай ой ту?ызады?

 

 

 

 

 

 

 

Саба? сендерге ?нады ма?

?наса, білім а?ашына ?ызыл, сары алмаларды ілі?дер, ?намаса к?гін ілі?дер.

?ІІІ. ?йге тапсырма: О?ып келу, т?сініктеу. «Жер - Ана» та?ырыбына эссе жазу.

Ба?алау. Смайликті к?п жина?ан топ же?іске жетеді.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок "Глобус"»

34 орта мектеп 
бастауыш сынып мұғалімі
 
Садикова Алия Ибрагимовна 
Дүниетану. 4-сынып
 
Тақырыбы:
. Глобус- Жердің үлгісі 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:
Ғарыш денелері, глобус – Жердің үлгісі деген 
ұғымдарын қалаптастыру, кеңейту. 
Ә)Тәрбиелік: Оқушыларды қарым- қатынас мәдениетін, бір- 
бірлерін тыңдауға, әркімнің ойымен санасуға баулу және 
ұқыптылыққа, көпшілік ортада, сыныпта дұрыс сөйлеуге 
тәрбиелеу. 
Б)Дамытушылық: Оқушыларға глобус жайлы мағлұмат бере 
отырып,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын дамыту. 
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту 
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, көрнекілік. 
Көрнекілігі: оқулық, глобус, карта, жұлдызды аспан суреті. 
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, математика, логика

Сабақтың барысы: 
Мұғалім және оқушының итнерактивті тақтамен жұмысы
 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Сыныпты 2 топқа бөлу: Жер макеті мен жұлдыз макеттері таратылады. Оқушылар ұнағанын таңдап, топқа бөлінеді.
1. Жер
2. Жұлдыз
Келген қонақтармен сәлемдесу рәсімі:

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз!

Сабақтың ұраны:

Ұқыпты ұтар,

Іздеген табар,

Оқыған озар!

- Балалар бүгінгі сабақта барлықтарын зерттеуші болып ғарыш әлеміне , Жер планетасына саяхатқа шығамыз. Ол үшін біз ғарыш кемесіне жолдама алуымыз керек. Жолдаманы алу үшін қызықты логикалық шытырманды орындайық.

Бұл – «Теңіз әліпбиі».











Алдарындағы жолдамаға аты- жөндерінді жазыңдар.

Енді Барлығымыз тақтаға назар аударайық. Біз қайда келдік?
-Байқоңыр Ғарыш айлағына. 
- Біз Сапарға шығу үшін Ғарыш кемесіне отыруымыз керек. Ол үшін біз үй тапсырмасын айтуымыз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге не тапсырма берілді?

Әр топтан бір оқушыдан сабақ сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Актуальдау.
Өзара сұрақ.
Әр топтағы оқушылар үйден дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қояды.
Видеофильм.

ІІІ. Өткенді қайталау:

Балалар енді ғарыш кемесіне отырып ғарыш әлеміне сапар шегейік.

-Біз қайда келдік?

-Ай деген не?Ай туралы кім не біледі?

Ай — Жердің серігі.
Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 km. Айдың өз атмосферасы жоқ. Бетіндегі температурасы −173 °C -ден 127 °C -ге дейін барады. Радиусы 300—400 км.

Айда тіршілік жоқ.

Балалар, Айға, Басқа да планеталарға сапар шеккен ғарышкерлер біз осында болдық деп, өз мемлекеттерінің туын тігеді.

Айда да бізге орындау керек тапсырмалар бар екен. Біз соны орындап, Айға өз жалауымызды тігейік.


І топ:

1.Жер де әлем денесі. Оның әлемдегі орнын қалай өрнектеуге болады?
Жауабы: Жер шары, Күн жүйесі, Галактика
Галактикалар тобы Әлем(ғарыш)
ІІ топ:

Күн және оны айналып жүретін планеталар нені құрайды?

Сендер де өздерің күн жүйесін құраңдар.


2-ші топ планеталарды бір қатарға тізіп Күнге қашықтығы бойынша орналастырған. Ал бұны ғылыми тілде Ғаламшарлардың салтанатты шеруі дейді екен. 2011 жылы мамыр айында Ғ.С.Ш. болы. Оған 4 планета қатысты. Ал енді келесі Ғ.С.Ш: 2022 жылы Маусым айында болады екен. Бес планета тізбекке тізіледі. Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн.

ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Т.Мұсабаевтың тапсырмасы:

Алдарындағы жатқан конверттерде қималар бар. Соларды парақ бетіне дұрыс жапсырсаңдар суреттер шығады.


Ү. Жаңа сабақты меңгерту.

1. Мұғалімнің түсіндіруі:
Ертедегі адамдар Жер тегіс, оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген.Күмбезге Күн, Ай және сансыз көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген. Олар бір бағытта жүре берсе Жердің шетіне жетеміз деп ойлаған. Бертін келе алыс сапарға барып қайтқан жиһанкездер қаншама жүргенімен Жердің шетіне шыға алмайтынын байқаған. Ғалымдар әр түрлі қосалқы белгілерге қарап, Жер шар тәрізді болу керек деп болжаған. Тарихтан мұндай тұжырымға алғаш грек ғалымдары келгенін білеміз. Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді. Дөңгелек көлеңке тек шар тәріздес денеден ғана түсетінін байқау қиын емес. Қазіргі кезде ғарышкерлер үлкен биіктіктен түсірген суреттер Жер пішінінің шар тәрізді екенін дәлелдейді.

Оқушылар, Жердің шар тәрізді екендігіне көзіміз жетті. Осы жердің шар тәрізді екендігін зерттеп болған соң, ғалымдар жердің үлгісін жасай бастады. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады.
«Глобус» - латын тілінде «шар» деген сөзді білдіреді.
Глобус біздің көз алдымызға жердің дәл үлгісін елестетіп қана қоймайды, онымен түрлі тәжірибелер жасауға болады.
Картадағы сияқты глобуста да Жер беті түрлі - түсті бояулармен кескінделеді. Онда бүкіл жер шарында құрлық пен судың таралуы көрсетілген.

Сен білесің бе?

Глобус ХҮ ғ. Бастап шығарыла бастаған. ХҮІІ ғ. І Петрдың тұсында Ресейде ғажайып глобус жасалған. Оның диаметрі 3м, Сыртына Жер беті бейнеленген. Ішіне аспан күмбезін көрсететін нағыз планетарий орнатылған. Оған 12 адам еркін жайғасатын болған.
Глобусты қолдарыңа алып айналдырсаңдар, бетінің төрттен үші көгілдір түске боялғанын байқайсыңдар. Олар мұхиттар мен теңіздер.


Видеофильм.

Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит деп атайды.

Жер шарында 4 мұхит бар.

Тынық

Атлант

Үнді

Солтүстік Мұзды мұхит

Құрлықтың жан-жағынан мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері материк деп аталады. Материктер алтау.

Еуразия

Африка

Аустралия

Солтүстік Америка

Оңтүстік Америка

Антарктида (Мұз құрсаған материк)

Картамен жұмыс:

Картадан Материктерді және мұхиттарды көрсету.

Сергіту сәті.

2. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар мәтіннен глобус – Жер шарының кішірейтілген үлгісі екендігін және онда материктер мен мұхиттардың таралуы жайындағы бөлімін оқиды.

3. Практикалық жұмыс.

Ертедегі Адамдар Күн шығыстан шығып Жерді айналып барып, батысқа батады деп ойлаған. Олар Жер-дүниенің кіндігі, оны Күн және жұлдыздар айналып жүреді деп ойлаған. Бұған көз жеткізу үшін автобуста немесе көлікте келе жатқандарыңда терезеден қарасаңдар, алдарыңда тұрған заттар сендерге қарай зымырап, жақындап келе жатқандай көрінеді. Күн де сол сияқты.


Шынында Күн шығыстан батысқа қарай айналып отырады. Жердің өз білігін батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет толық айналып шығуын тәулік деп атайды. Тәулік бір түн және 1 күннен тұрады.

Глобусқа шамды түсіріңдер. Не байқадыңдар?

Жер өз білігінен айналмаса не болар еді?



ҮІ. Жаңа сабақты бекіту:

Ал, енді балалар, біз жер планетасына қайтадан ораламыз. Видеофильм.


Мінекей, қайтадан жерімізге келдік. Ендеше, Т.Әубәкіров атамыздың тапсырмасын орындаймыз.

Т. Әубәкіровтың тапсырмасы:

Топ басшыларына сұрақтар:


1. Жерді қоршаған бүкіл дүние не деп аталады?
Жауабы: Әлем немесе Ғарыш
3.Ғарышқа жол қай жылы ашылды?
Жауабы: 1957 жылы 4 қазанда ашылды
4. 1961 ж 12 сәуірде адам баласы тарихында ғарышқа ұшқан кім?
Жауабы: Юрий Александрович Гагарин
5. Күн неше планетадан тұрады?
Жауабы: 9 ірі планетадан тұрады
6. Жерге ең жақын жұлдыз?
Жауабы: Жерге ең жақын жұлдыз-Күн
7. Күн мен Жердің орташа қашықтығы қанша?
Жауабы: Күн мен Жердің орташа қашықтығы - 150 миллион шақырым
8. Күннің беткі қабатының қызуы қанша?
Жауабы: Күннің беткі қабатының қызуы – 60000С
9. Күнді неше ғаламшар айнала қозғалады?
Жауабы: Күнді 9 ғаламшар айнала қозғалады
10. Жер бетіндегі тіршілікке Күннің әсері қандай?
Жауабы: Күн жарық сәуле мен жылу таратады.
11. Ертедегі адамдар Жердің пішіні қандай деп ойлаған?
Жауабы: Ертедегі адамдар Жерді тегіс деп ойлаған

1. Жазық жерде тұрып, қараған адамға Жер беті қалай болып көрінеді?
Жауабы: Ертедегі адамдар Жер тегіс оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген.
2. Жер не тәрізді?
Жауабы: Жер шар тәрізді
3. Жер бетінің ¾ бөлігін не алып жатыр?
Жауабы: Мұхиттар мен теңіздер
4. Жер шарындағы мұхиттарды ата.
Жауабы: Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит
5. Құрлықтың мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері не деп аталады?
Жауабы: Материк
6. Материктерді ата.
Жауабы: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антарктида, Аустралия
7. Қазақстан қай материкте орналасқан?
Жауабы: Еуразия материгінде
8. Антарктиданы қандай материк деп атайды?
Жауабы: Мұз құрсанған материк деп атайды
9. Жердің кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі не деп аталады?
Жауабы: Глобус деп аталады
10. Глобус қай тілден аударылған, не деген сөз?
Жауабы: Латын тілінен аударылған, шар деген сөз

Орнын тап ойыны:

Картадан материктердің және мұхиттардың орны табылады.


ҮІІ. Қорытындылау:



Мына сурет сендерге қандай ой туғызады?








Сабақ сендерге ұнады ма?

Ұнаса, білім ағашына қызыл, сары алмаларды іліңдер, ұнамаса көгін іліңдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Оқып келу, түсініктеу. «Жер - Ана» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау. Смайликті көп жинаған топ жеңіске жетеді.