СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый урок на тему "Экология"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это открытый урок на тему "Экология"

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему "Экология"»
















Оқушылар постер жұмысын қорғауда





«Баяндаушылар» тобы. Экология деген не? сұрағы бойынша постер жұмысын жасауда










Мұғалімнің аты-жөні: Кудашова Гульбану Кенжебековна

Еңбек өтілі: 8,1 жыл

Жұмыс орны: «А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Деңгейі: үшінші (базалық)

Тақырып : Экология

топ: 8 «Б» класс (қазақ тілі)

Мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздерді жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолданып, тақырыпқа байланысты өз ойларын нақты әрі дұрыс жеткізе білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

әдіс-тәсілдер: «Ұшақ» әдісі, Тест сұрақтары, «Ой қозғау» тәсілі, «Баяндаушылар. Тілшілер. Зерттеушілер» әдісі, «Ойлан. Жаз» әдісі, «Бес жолды өлең» әдісі, «Тілек ағашы»

Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, жұмыс дәптері, сөздік дәптері, оқулық, үлестірмелі қима қағаздар, түрлі-түсті суреттер, стикерлер, ватман, маркер, клей









Жұмыстың кезеңдері

Мазмұны

Оқушылардың әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру











Өткенді қайталау


Тест сұрақтары


Тренинг

«Ұшақ»







Топқа бөлу

«Баяндаушылар»

«Тілшілер»

«Зерттеушілер»


Оқушылар түрлі-түсті қағаздарға жақсы тілектер жазып, одан «Ұшақтар» жасап, бір-біріне ұшырып, сәттілік тілейді




Оқушылар қима қағаздар бойынша топқа бөлінеді




  1. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлем түрі?

А) Сөйлем

Ә) Құрмалас сөйлем

Б) Жай сөйлем


  1. Етістің түрін көрсет

А) көсемше

Ә) есімше

Б) ортақ

  1. Күрделі сөз қатарын көрсет

А) сынып

Ә) Елбасы

Б) Алма

  1. Тұйық етістікті тап

А) сабақ оқыды

Ә) оқы, оқы және оқы

Б) кітап оқу

  1. Балалар әдебиетінің атасы?

А) Абай Құнанбайұлы

Ә) Ыбырай Алтынсарин

Б) Әбіш Кекілбаев


Бағалау критерийі бойынша өзін-өзі бағалау



2 мин







2мин







5 мин





Жаңа білімді қалыптастыру


Мақсаты:

Оқушыларды жаңа сөздерді жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолданып, тақырыпқа байланысты өз ойларын нақты әрі дұрыс жеткізе білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Тренинг «Ұшақ», тест сұрақтары, «Ой қозғау» тәсілі, бейнебаян, «Баяндаушылар. Тілшілер. Зерттеушілер» әдісі, «Ойлан. Жаз» әдісі, «Бес жолды өлең» әдісі, «Тілек ағашы»




Бейнебаян арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады,

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

«Баяндаушылар» мәтінді баяндайды,

«Зерттеушілер» қосымша мәлімет береді,

«Тілшілер» сұрақтар дайындайды.

Постермен жұмыс жасайды

Қима қағаздарда берілген сөйлемдерді толықтырып жазады.

Бес жолды өлең жазады

Ұжымдық жұмыс:

Бейнебаян арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Топтық жұмыс:

жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Құрастырған сөз тіркестері мен сөйлемдерді дәптерлеріне жазып алады.

Мадақтаулар арқылы бағаланады

«Бәрекелді»

«Жарайсың»

«Жақсы»

Топтық жұмыс:

«Баяндаушылар» тобы мәтінді оқып шығып, қысқаша баяндап береді.

«Зерттеушілер» тобы

ұялы телефонды пайдалана отырып, қосымша мәлімет береді.

«Тілшілер» тобы

мәтін бойынша сұрақтар құрастырады

«Отшашу» арқылы бағалау


Топтық жұмыс:

Постермен жұмыс

1-топ. Экология деген не?

2-топ. Табиғатты қалай қорғаймыз?

3-топ. Экологиялық проблемалар?


«Бағдаршам көздері» арқылы бағалау

«Жасыл»- өте жақсы

«Сары»- жақсы

«Қызыл»- жаман емес


Жеке жұмыс:

Қима қағаздарда берілген сөйлемдерді толықтырып жазады

Мадақтаулар арқылы бағаланады

Топтық жұмыс:

Экология сөзіне байланысты бес жолды өлең жазады



34 мин

Рефлексия

Әр оқушы табиғатты қорғау, аялау үшін не жасау керек екенін жазып, «Тілек ағашына» іледі

«Тілек ағашы»

Әр оқушы өз ойын жазып, ағашқа іледі

1 мин

Үй тапсырмасының берілуі

Эссе. «Табиғатты қорғау – менің парызым».

Үй тапсырмасын қалай орындау керектігін түсіндіру

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады

1 мин



























Сабақтың рефлексиялық есебі

1.Негізгі мақсаты:оқушыларды жаңа сөздерді жазбаша және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолданып, тақырыпқа байланысты өз ойларын нақты әрі дұрыс жеткізе білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

2. Күтілетін нәтиже: жаңа сөздерді жазба және ауызша сөйлеу тілінде еркін қолданады, өз ойларын еркін жеткізе алады, сауатты жазады



3. Сәтті жағы:

- оқушылар топтық жұмысқа бейімделген

- өзара түсіністік, сыныптастар арасындағы сыйластық орнаған

- ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан

- берілген уақытты тиімді қолдана алды

- тақырыпқа байланысты өз ойларын жеткізе білді

4. Сәтсіз жағы:

- әлі де болса уақыттың жеткіліксіздігі (45 мин.)

5. Аталған бағыт бойынша жұмысты жақсартудың жоспары:

а) топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды жалғастыра беру

б) уақытты тиімді пайдалана отырып, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін, жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыру

в) оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін әдіс-тәсілдердің түрлерін жүргізуді жалғастыру