Тәрбие сағатының тақырыбы: Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл!
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіре білуге баулу.
Көрнекілігі: ММП, слайд.
Жоспар:
Тәрбие сағатын ашу. Топ жетекшісі ФЕ. Жубанова.
«Уланбасын өмірің» бөлімі
«Сергіту сәті» бөлімі
«Салауаттылық серігім» бөлімі
Қорытындылау.
Топ жетешісі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі уақыт қажеттілігі. Шынын айтқанда, бүгінгі заман ауырып, ауруханаға емделу үшін кезекке тұрудың емес, өз денсаулығын әркімнің қорғай білуін түсінетін уақыт. Бүгінде мемлекеттің негізгі саясаты да сол, елді спортпен айналысуға, өз денсаулығын өзі күтуге жұмылдыру. Яғни, салауатты өмір салтын ұстану ұғымын терең түсіне білетін уақыт енді келгендей. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары республика бойынша барлық аймақтарда 1997 жылдан бастап құрылды. Негізгі мақсат тұрғындардың денсаулығын жақсарту, аурудың алдын-алуға насихаттау. Ел денсаулығына ерекше мән беру Елбасының жыл сайынғы Жолдауында ерекше атап айтылады. «Саламатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізгі мақсаты — ауруды емдеуден бұрын аурудың алдын алуға, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін, барлығының денсаулығын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, елімізде өмір сүру жасын ұзарту мәселесіне ерекше мән берілуде. Бір атап айтарлығы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттан бұрын, әр адам өз сана — сезімімен, түйсігімен бару керек деп есептеймін.
Келесі сөзді топ оқушылары Г.Насенова мен А.Жүсіпкалиева беремін.
Асемгүл: Құрметті оқушылар, оқытушылар бүгінгі біздің «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» атты тақырыптағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мен өз сөзімді «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөзбен бастап, салауатты өмір сүру – бұл сұлу болу, денсаулықты күту, дене шынықтырумен айналысу, уақытты ұтымды пайдалану, мезгілімен дұрыс тамақтану, өзіңді өзгені сыйлай білу, білім алып, жетістікке жету, ешкіммен бақталаспай, жақыныңа қуаныш сыйлау, алдыңа зор мақсат қойып, сол мақсаттың жолында еңбек ету дегім келеді.
Гүлнұр: Ал, темекі, ішімдік, босқа көше кезу, уақыт өткізу, қатты күлу, өзгенің мазасын алу, соқтығысу, ата – анаға күйініш болу ................... не деген өмір.
Асемгүл: Ендеше біз зиянды әдеттерден нақты мәлімет алатын «Уланбасын өмірің» атты бөліміне тоқаталамыз.
Сөз топ оқушысы Фариза Рысалиеваға беріледі.
Фариза: Слайд арқылы жаман әдеттер туралы мәлімет беріп, жаңа шар түрінде пайда болған наркотикалық зат түріне қысқаша тоқталып, оны қолдану себептерімен, адам ағзасына тигізетін әсерлері туралы айтып өтеді.
Гүлнұр: Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, ішімдік ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын – алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған тиым туралы түсіндір!
Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға
Асемгүл: Мұрын – мұржа,
Кеуде көмір, ыс – күйе,
Шылымқордың, міне күйі осындай.
Араққорда,
Қылық та жоқ ел сүйер,
Аты аталса, тұра алмайсың шошынбай.
Нашақор ма?
Өз еркіне өзі ие бола алмас,
Адам емес хайуанның досындай.
Гүлнұр: Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың – өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Асемгүл: Осындай жаман жолдан аулақ жүріп, денеміз икемді, келбетіміз сүйімді, көңіліміз көтеріңкі болсын деп, келесі «Сергіту сәті» бөліміне көшіп, бір сергіп қалайық.
Гүлнұр: Бұл бөлімде топ оқушылары сіздерге тапсырма беріледі, тапсырма орындаған оқушыларға азғана сыйымыз да бар, кәне достар кім өз бағын сынағысы келеді, ортаға шығайық.
Асемгүл: Фариза айтып өткендей, қазір наркотикалық заттың жаңа түрі ауалы шар шығып жатыр, ауа арқылы уланбай, өзімізді қорғайық, өз уақытымызды түрлі бағытта ұтымды пайдаланып, бір текті тамақтанбай, өзімізді төмен түсірмей, әр дайым салауатты өмір сүріп жоғары белестерден көріне берейік деген мақсатпен осы ойынды ұйымдастырып отырмыз.
Тапсырма №1. Түрлі түсті шарды, 1 минут жерге түсірмей, кезекпен кезек соғып, ауа кеңістігінде ұстап тұру қажет.
Гүлнұр: Ішімдіктің дәмін тарту, сыраны ішуден басталады. Осындай жаман әдетке ұрынбай, дөңгеленген дүниеде бір кірпіш болып қаланып, адам болып өмірге келген соң адам деген ұлы атқа лайық болайық!
Абай атамыз: «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын» демеп пе еді, жастар. Білімізді жетілдірейк, салауаттылыққа бой бұрайық.! Олай болса екінші тапсырмаға келейік.
Тапсырма №2. Сыраның қалбырларын дөңгелендіріп қойып аяқпен іліп, ортада тұрған ыдысқа түсіру керек.
Асемгүл: Аузыңды шай, артынан, тамақ ішсең,
Тісті жуу соншалық түспес күшке.
Дәрігерге тісіңді көрсетіп жүр-
Өзін сыйлар адамның дағдысы бұл – деп жас жеткіншек, Тазалықты сақта! , Спортпен айналыс!, Ден саулығыңды күт!
Тапсырма №3. Тіс щеткасын бас киімнің казерогымен 1 стаканнан алып 2 - ші стаканға салу қажет.
Осы ойын түрлерінен кейін топ оқушыларына сыйлықтар табыс етіледі.
Асемгүл: Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
Сақта халқым, денсаулықты алла берген,
Оң болсын десең егер тіршілігің,
Сақта, халқым, саулығын аналардың,
Болсын десең денісау ұрпақтарың? – дей келе, осы салауатты өмір салты жандандырып, жан серік етіп жүрген, топ оқушыларына сөз береміз.
«Салауаттылық серігім» бөлімі. Топ оқушылары Ерназар Хамзин, Альбина Ергалиева, Динара Сырғабаевалар өздері қатысып жүрген спорттық секциялары, яғни қазақша күрес, волейбол жөнінде қысқаша мәлімет беріп, бұл спорт түрлері негізінде оқушы өз - өзін тыңғылықты жаттығулар арқылы шыдамдылыққа, жігерілікке тәрбиелейтінін жеткізіп, өз жетістіктеріне тоқталады.
Гүлнұр: Іс істесең әдеппен,
Шырайлы жүзің, көрік бет.
Жиреніп жаман әдеттен,
Салауаттылықты серік ет.
Қалмайсың сонда ұятқа
Жетерсің барша мұратқа!
Асемгүл: Игеріңдер әрбірің
Оған мінез қосылса,
Гулденеді тағдырың.
Салауатты мақсатың өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу
Сақтанып өз-өзіне ие болғын,
Салауатты ақылменен іс – жұмыс.
Салауатты бәріңде болғын - дей келе, өзіміздің ашық тәрбие сағатын жабақ деп жариялаймыз.