СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Теңдік және теңсіздік" қмұқ

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылыққа, ептілікке үйрету. 

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Теңдік және теңсіздік" қмұқ»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Салт - дәстүр және фольклор»

Тақырыбы/Тема: «Теңдік және теңсіздік»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Ұқыптылыққа, ептілікке үйрету.

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, таңбалар белгісі, сандар жинағы, таразы, жеміс муляждары.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: көп – больше, аз – меньше, тең – равно

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: -Балалар бүгін біз математика ғажайыптар әлеміне барамыз.

-Балалар матиматика әлеміне бару үшін бізге қандай көлік түрі қажет?

-Дұрыс, балалар.

(тақтаға бір үлкен бір кішкентай поезд суретін ілу)

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

-Балалар мына тақтадағы поезд суреттеріне назар аударайық.

-Екі поезд бірдей ме?

-Екі поездің неше вагондары бар екен санайықшы. (вагондарды санау)

-Бір поездің вагондары 5- еу біреуінде 4-еу.

Екеуі тең болу үшін неше вагон керек?

Математика ғажайыптар әлемінде біз бүгін тапсырмалар орындайтын боламыз.

1 – тапсырма: «Қандай таңба қоямыз?»

Үлкен үй мен кішкентай үй, үлкен аю мен кішкентай аю т.б

2 – тапсырма: «Суретпен жұмыс»

Екі бірден көп, төрт пен төрт тең, екі төрттен аз.

3 – тапсырма: «Суретке таңба қой»

4 – тапсырма: «Сандарды салыстыр»

Сандарды салыстырғанда қандай белгілер қоямыз.

-5 саны 8-ден қандай?

-4 саны 2- ден қандай?

Балалар, маймыл, ара,аю үшеуінде геометриялық пішіндер бар екен. Оларда менде көп сенде аз деп дауласып тұр екен. Қайсысында көп қарайықшы. (балалар санайды)

Билингвалдық компонент: көп – больше, аз – меньше, тең – равно

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір торып,

Біз бір дем алайық.

-Теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“=”)

-Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?­ (“≠”)

5 – тапсырма: Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз. (Теңсіздік: 3≠4.)

Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (Теңдік: 5 = 5.)

Жеке жұмыс: Амирхан, Нұрасыл тапсырманы тақтада орындайды.

Дидактикалық ойын: «Ойшылдар»

Табақшалы таразыны қолдана отырып, бір табақшаға 3 алма саламыз. Екінші табақшаға бес алма саламыз. Балалардан не көріп тұрғандарын сұраңыз. Өрнек түрінде жазыңыз, дәлелдеңіз. Бірінші табақшаға тағы екі алма қосыңыз. Не байқадыңыз? Өрнек түрінде жазыңыз, дәлелдеңіз.

Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз жетті.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар біз бүгін қайда саяхат жасадық?

-Математика әлемінде қандай тапсырмалар орындадық?

Балалар сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Балаларды жұлдызшалармен мадақтау.