Просмотр содержимого документа
«"Тіл -тәуелсіздік тірегі"»
«Тіл – тәуелсіздік тірегі»
Әлібек Қаңтарбаевпен кездесу
Орны: Акт залы
Уақыты:13.12.17ж. сағ 16.00
Қайырлы кеш! Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды мақсат еткен. «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталар біртуар перзенттері бар. Осыны жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деген елбасы. Бүгінгі күні бізге қонаққа ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан жазушылар одағының және журналистер одағының мүшесі, Өскемен қаласы және Катон-Қарағай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан- Американ Еркін университетінің доценті, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті профессоры, Өр Алтайдың тумасы, ақиық ақын, қаламы қарымды жазушы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев келіп отыр. Бұл кездесуді ұлы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тіл - тәуелсіздік тірегі» деген атпен бастауға рұқсат етіңіздер!
Ендеше тіл жанашыры, Өр алтайдай өр мінезді, жалынды жырлардың авторы, жерлес жазушымыз Әлібек Қалиұлының өмірі мен шығармашылық жолынан бейнекөрініс тамашалайық!
Бейнекөрініс
Ия, тіліміздің жанашыры, бірде мұңды шертетін, бірде сағынышты лекітетін, әр кейіпкері арқылы егемендікті аңсайтынын көрсеткен ақынымызды, журналист жазушы Әлібек Қалиұлын қошеметпен сахна төріне шақырайық.
Қаламгердің 70 жылдық мерейтойына арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры, «Құрмет» орденінің иегері Оралхан Рақымжанұлына берейік.
Құттықтау сөз
«Оқырман жұртшылық аса бір қызықты шығарма туралы айтқанда: «Бір деммен оқып шықтым» деп жататыны бар. Мен айтар едім, Әлібек Қаңтарбаевтың шығармаларын оқып отырған адам тіпті дем шығаруға жасқанар... Деректі шығарманы көркемдік деңгейде көтеру – қиямет! Алайда, ол Әлекеңдей шебердің қолынан келген», - деп баға берген екен жерлесіңіз, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаров.
Сұрақ: Ақындық, жазушылық жолға деген қызығушылық өміріңіздің қай кезеңінен бастау алды?
Ия, туған жерден нәр алған ақындық шабытыңызды «Бақыт дер ем» өлеңі дәлелдей түседі.
«Бақыт дер ем» өлеңі / Әйгерім 10 б
Жұмбақ боп менде көп-көп сұрақ қалған,
Әкемнің әз бейнесі жырақтанған,
Алтайда бір бәйтерек сұлап қалған.
Сол сапарда мерт болып асқар тауы,
Артында он бір бала жылап қалған.
«Ананың аңырауы» көрінісін тамашалайық.
Ерін тәңіріндей сыйлау, ошақ басының береке-бірлігін айрандай ұйыту аналардың қөрегенделігі мен ақылында болса, отбасының тірегі болу, «Адамдықтың» нәрін дарыту әкелердің міндеті екенін өз шығармаларыңызда айқын көрсете алдыңыз. Сізге жарық дүние сыйлаған қос бәйтерегіңіз туралы бір үзік сыр шертсеңіз.
Ия, сіздің нәзік жандыларға деген құрмет, ілтипат, бағаңыз тым жоғары! «Әйелсіз өмір өмір ме?!» өлеңінен
Әйел дегенің – иіледі, бірақ сынбайды,
Әйел дегенің – әсем әуен ғой сырнайлы.
Әйелсіз өмір... өмір емес қой, жігіттер,
Әйелсіз өмір қара бақырға тұрмайды – деген жолдардың өзі қандай керемет. Сонлай өлеңнің бірі ағамыздың жан-жары, ардагер ұстаз Гүлжан Әділқазықызы арналған.
«Жарыма» өлеңі Дарын 9 б
«Кешегі бір бастаудың суын таласа ішіп, құлын-тайдай тебісіп қатар өскен, бірге жүрген ұлы замандастары – Қалиханды, Оралханды, Дидахметті, Бошай ағасын жан жүрегімен аңсайтыны, соларды көңілімен шар ұрып іздейтіні, үйірінен адасып қалған жетім қаздай әлсін-әлі қаңқылдайтыны, әдеби ортасы жоқ елде жалғызсырайтыны әр сөзінен анық аңғарылып тұрды» - деген екен ақын, әлемдік өнер мен мәдениет, поэзия Академиясының докторы Қасымхан Бегманов.
Сіздің шығармалар жинағыңыздан Өр Алтайдың ақиығы, Қаратайдың біртуар азаматы Оралхан Бөкей туралы «Құйрықты жұлдыз аққан түн немесе Оралхан Бөкеевтің соңғы сөзі» элегиясымен таныстық. Ендеше кезекті оқушыларға берейік.
«Құйрықты жұлдыз аққан түн немесе Оралхан Бөкеевтің соңғы сөзі» көрініс
Сұрақ: Оралхан Бөкеймен шығармашылық жолындағы байланыстарыныз қандай болды?
«Қазақ - кемеңгер халық. Оның мақалы мен мәтелін, тұрақты сөз тіркестерін, ақылгөйлік трақтаттарын барлығын бар ғой жинап теріп орындауға көшсек – мынау ғаламшарда бізден мейірімді, бізден бай, бізден ұлтжанды халық табу қиынға түсер еді. Амал қанша! Жалшы бұзылса болыс болам дейді, қазақ бұзылса орыс болам дейді. Қазіргі аналарымыз ұрпақтарын орыс тілінің уызымен қоректендіріп жүр. Ұрпақ таза орысша кетті. Бұл – ұлт қасіреті» деп жазылыпты бір шығармаңызда. Шығармашылық зиялы қауым мүшесі ретінде «Тіл – тәуелсіздік терегі» ана тіліміздің мәңгілік болуына жас ұрпаққа айтарыңыз.
Кезекті көрермендер сұрағына берейік.
Сізге арналған ата-анамыз белгілі ақын, әнші Нұртай Тлеужан ағамыздың «Ағажай Алтайдай жер қайда» әнін қабыл алыңыздар!
Орынбектің күйі
Сізге келіп, жас ұрпаққа үлгі болар әңгімеңізбен бөлісіп, мектебіміздің қонағы болғаныңыз үшін көп-көп алғысымызды білдіреміз. Мерейлі 70 жасыңыз құтты болсын. Бақытты да баянды ғұмыр тілейміз.