СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

..........................................................................................................................................

Просмотр содержимого документа
«Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі»

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні / Дата проведения: 19.11 .2018

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область:Таным

Пән / Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Техника және біз

Тақырыбы / Тема: «Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі»

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная: Тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.

2.Дамытушылық – развивающая: Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға, жинақылыққа баулу.

3. Оқыту – обучающая : Олардың арнаулы сатылатын дүкендер атауы..Үлкендердің еңбегіне және олардың еңбектерінің нәтижесіне құндылықпен қарауға,көмектесуге жағдай жасау.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,отбасы суреті,

Көп тілділік полиязычие: :  тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника, бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос

Жеке жұмыс: Николаева Линара

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

Жұмбақ шешу.



1. Біздің үйде бір зат бар

Сақтайды онда тамақты

Болсын мейлі күз бен жаз

Іші оның қатты аяз. (тоңазытқыш)



2. Шаң-тозаңды сүймейді

Тазалап оны жүр дейді.

-Бүкіл әлем ішіне сияр

Аты оның..... (шаңсорғыш)


Балалар сендердің үйлеріңде үйге өте қажетті осындай заттар, яғни тұрмыстық бұйымдар бар ма? Ас үйден бастайық. Ас үйде қандай заттар бар?

Балалар дұрыс бұл заттардың бәрі үй тұрмысына қажетті заттар. Бұлар үй жиһаздары және тұрмыстық техникалық қажетті заттар. Бұларды бір-бірінен ажырату үшін балалар барлығымыз экранға назар аударайық.

Интербелсенді тақтамен жұмыс. "Презентация"

Бұл экраннан тұрмысқа қажетті техникаларды көрсетіп, олардың қажеттілігі, зияны мен пайдасы жайлы айтып түсіндіру. Балаларға әр бұйымды түсіндіру кезінде балаларға сұрақ қойып, жауап алып отыру

Жеке жұмыс: Алина, Сезім, Санжар мен сөйлемді толық айтуын бақылауын қадағалау үшін, жеке жұмыс жүргізілді.

Суретпен жұмыс:

Мысалы: Бұл не? Ия бұлүтіконымен не істейміз? Оны алдымен тоққа қосамыз. Ол ысыды, сосын киім үтіктейміз. Оны балалар қолдануға болмайды. Неге?  Үтік адам тұрмысына өте қажет. Егер үтік болмаса киімдеріміз мыжырылып, қыртыстанып тұрады.

Сол сияқты тұрмыстық үйге қажетті техникалардың барлығына жеке-жеке тоқталу.

Балалар бұлардың барлығын қалай атаймыз. Ия тұрмыстық техникалар деп атаймыз.

Көп тілділік полиязычие::  тоңазытқыш-холодильник, тұрмыстық техника, бытовая техника, электр бұйымдары-электро товары, шаңсорғыш-пылесос

« Шаңсорғыш» ойыны

Балалардың біреуі шаңсорғыш қалғандары шаң боп жан жаққа жүгіріп жерге қонады. Шаңсорғыш оларды жинап шығарады. Оның қолы кимге тиеді. Олар жайлап орнынан тұрады.

-Сезімге анасы демалыс күні үйдің ішін жинастырмақшы болды.Сезім анасына көмектесіп жүрді.Анасы оған кішкене ыдысқа су құйып берді,қолына шүберек ұстатты.Сезім.....(балаларға Сезім одан арғы іс-әрекетін өздері айтуды ұсынады). Анасы шаңсорғышты алып шықты. Сезім шаңсорғышты өзі іске қоспақшы болды.Оған анасы рұқсат етпеді.ол қызына былай деді:......

- Анасы Сезімге не үшін шаңсорғышты іске қосуға рұқсат етпеді?

суретті көрсетемін.

Суретте электр желісіне су қолымен ұстап жатқан көрініс бейнеленген.

-Ешқашан су қолымен электр жүйесіне жақындауға болмайды!

Өйткені су электр тогын өте жақсы өткізеді.

«Көп ойла,сөз ойла» ойыны.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып-жұмамыз.

Одан соң төмен түсіріп.

Алақанды соғамыз

3Қортынды.

Балалардан бүгінгі өткен тақырып туралы сұрақ-жауап арқылы сұрау.Балаларды мақтап-мадақтау.Бүгінгі оқу қызметінде жақсы ат салысқан балаларға смайликтер беру.



Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»












Білім беру саласы/Образовательная область: Таным,

Пән/Предмет: Жаратылыстану

Тақырыбы/Тема: "Тұрмыстық техника және оның қажеттілігі"

















Тәрбиеші/Воспитатель: Садвокасова В.А







Костанайқ. 2018 – 2019 оқу жылы

г. Костанай 2018 – 2019 учебный год