СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҰОҚ "Ертегілер еліне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҰОҚ "Ертегілер еліне саяхат"ҰОҚ "Ертегілер еліне саяхат"ҰОҚ "Ертегілер еліне саяхат"

Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ "Ертегілер еліне саяхат"»

«Балапан» ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.11.2018ж

Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.

Білім беру саласы: «Таным» «Қатынас» «Шығармашылық»

Пән: Математика. Тіл дамыту. Сурет. Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі »

Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. сөздік қорларын, тіл байлықтарын жетілдіру.Жануарлар, құстар туралы ойларын толықтыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін толықтыру

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы ,жеке бағдарлау технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, ТСО, Білгішбек, сандар, геометриялық пішіндер, Дьенеш блоктары, Кьюзенер таяқшалары,әріптер, қызыл, көк текшелер

.Сөздік жұмыс:

Үштілділік: жапырақтар - листья - gapiraman

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі  Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Елбасымыздың аты жөні кім?

Елордамыз қай қала?

Біз қай қалада тұрамыз?

Тосын сәт: Білгішбек келеді.

Білгішбек: Сәлем.. Бұл «Балапан» ересектер тобы ма?

Ендеше,сендері «Білім еліне» шақыра келдім.



2. Негізгі бөлімі.


1 аялдама: «Математика елі»

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

1-10 ға, дейін тура және кері сана. ( 3 тілде)

Геометриялық пішіндерін ата.

Қандай пішіндердің бұрыштары жоқ?


Неше жыл мезгілі бар? Оларды атаңдар.

Бір аптада неше күн бар?

Атап беріңдер?

Демалыс күндерін атаңдар.


Балабақшаға тәуліктің қай бөлігінде келесіңдер?

Тәуліктің қай бөлігінде балабақша ұйықтайсыңдар?

Тәуліктің қай бөлігінде балабақшадан үйге қайтасыңдар?

Тәуліктің қай бөлігінде адамдар ұйықтап жатады?


Д.о. «Қарама қарсы сөздерді ата»


Үлкен-

Жоғары-

Биік-

Жалпақ-

Ұзын-


Дьенеш блоктары мен Кьюзенер таяқшаларынан берілген суреттерді құрастыру.


3-тапсырма.  Логикалық есептер
-    Дүкеннен анам  төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім.менде неше доп қалды?  (1)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
        -Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін көрсету)
         Мынау ненің суреті?    
          -Қолда қанша саусақ бар?      
2. Ағашта 5құс отыр, оның 2-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
3.Себетте 2  алма , табақта  3 алма қосқанда барлығы болады неше алма 

«Ауызша есеп».

Енді балалар есеп шығарайық.

1) Әсемде бар 5 кәмпит,

Әселде бар 2 кәмпит.

Қоссақ 5 пен 2-ні,

Қанша болар шешімі?

2) Кеше көл жағасында

Жиналды 10 үйрек

3-і ұйықтап қалыпты

Ұшып кетті неше үйрек?

3) Алма ағаш үстінде,

Он жағында 6 алма

Сол жағасында 4 алма

Алмаларды біз қоссақ

Нешеу болар барлығы?

4) 10-нан 5-ті алайық,

Қанша қалды санайық.

Қарайық та санайық,

Санайық та табайық.







2 аялдама: « Тіл дамыту елі»

Бұл аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

  1. Сөз неден тұрады?

  2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  3. Сөзді неге бөлеміз?

4.Әріптерді біз не істейміз?

5.Ал дыбыстарды ше?

6.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қандай түсті текшелермен белгілейміз?

2 – тапсырма Берілген сөздерді буынға бөлу және текшемен жазу:

ана, бала, мысық.

Ойын: «Сиқырлы кубик»

Шарты:Кубиктегі түскен дыбыстардан сөз құрау.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық.