СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жапалақтап қар жауды"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: табиғатты аялауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Айналадағы табиғатқа деген эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Тірі және өлі табиғаттың қысқы құбылыстары туралы білімдерін бекіту.

Просмотр содержимого документа
«"Жапалақтап қар жауды"»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қыс мезгілі керемет!»

Тақырыбы/Тема: «Жапалақтап қар жауады»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: табиғатты аялауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Айналадағы табиғатқа деген эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Тірі және өлі табиғаттың қысқы құбылыстары туралы білімдерін бекіту.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үнтаспа, суреттер, пластикалық бөтелке, түтікше, жыл мезгілдерінің суреті.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қыс - зима, аяз - мороз, Жаңа жыл – Новый год, қар – снег, мұз – лед


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Үнтаспадан боранның, сықырлаған дауысы естіледі.

-Балалар, тыңдайықшы ненің дауысы естіліп тұр?

Ендеше жұмбақтың шешімін тауып көріңдер:

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғып жастар ойнайды.

Кейде ұлып,

Кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы, бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Суретпен жұмыс:

- Балалар, қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады?

-Күн суытқанда біз қандай киімдер киеміз?

-Қыста адамдар қандай еңбектер жасайды?

-Құстарға, жануарларға қалай қамқорлық жасайсындар?

-Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

Билингвалдық компонент: қыс - зима, аяз - мороз, Жаңа жыл – Новый год

Тәжірбие жасау.

-Балалар біз қыстың келгенін қайдан білеміз?

Қыста далада не жатады?

Қарандаршы мынау не?

Қар қандай?

Балалар егер қарды жылы жерге қойса не болатының білесіндер ме? Кәне бірге бақылап көрейік. Қар суға айналып кетеді екен. Міне балалар қыс мезгілінің неліктен суық болатынын түсіндік па? Егерде жаз мезгіліндегідей қыста күн жылы болса далада қар жатпас еді ия?

Жеке жұмыс: Алуа қардың түсі қандай болады?

Арсен қар қатқанда неге айналады?

Билингвалдық компонент: қар – снег, мұз – лед

-Балалар, мен сендермен керемет ойын ойнағым келіп тұр.

Аз қимылды ойын: «Қар жинау»

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сұрт, сарт-сұрт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ, топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз.

Зу-зу, зу-зу.

Шанаменен зулаймыз.

Тыныс алуға арналған ойын: «Боран»

-Балалар, біз қыс мезгілі жайлы айттып өттік. Қыста күн суық , аяз болады,боран соғады.Ол күні далада ойнауға болмайды. –Кәнекей, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойынымыз тыныс алуға арналған «Боран» ойыны. Мінекей,біздің пластикалық мөлдір, терең ыдысымызда ұсақ қалытқылар салынып тұр. Ыдысымызға түтікшені салып, оны үрлейміз.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін қандай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін есімізге түсірейік ,ол үшін мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді.

Д/ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін тап»

Ойын шарты:Менің қолымда ғажайып қалташа бар оның ішінде жыл мезгілдерінің суреті бар сендер оның ішінен тақтаға тек қана қыс мезгілінің суретін тауып ілу керексіңдер.

Балалар ойын шарты бойынша орындайды. Жарайсыңдар балалар. Балаларды мадақтау.